Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маусым айына арналған жұлдыз жорамал: сізді бұл айда не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Бір-біріне ғашық жандар. Көрнекі сурет
Бір-біріне ғашық жандар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күн мен Меркурийдің Шаянға өтуі, Мергендегі айдың толығуы, Шолпанның Арыстанға өтуі маусым айын өзін дамытуға, махаббатқа толы етеді. Астролог Кайли Томастың маусым айына жорамалын ұсынамыз.

Тоқтыларға арналған жорамал

Маусым бойы Юпитер Тоқтыға әсер етеді. Табысыңыздың өсуін күтіңіз. Жаңа таныстықтарға, романтикаға толы ай болмақ. 4 маусымға дейін болашағы зор жобалармен айналысып, мансабыңыз өсіп, сәтті жұмыс сапарлары болуы мүмкін. Айдың соңында үйіңізге үлкен табыс кіргізесіз. Денсаулығыңызға көңіл бөліп, 18 маусымнан бастап жаңа оқуға кірісуге болады.

Торпақтарға арналған жорамал

Астролог Кайли Томастың пікірінше Юпитердің Торпаққа әсер етуі салдарынан маусым айы өте сәтті болады. Жұмыста уақытша тыныштық орнап, Шолпанның Арыстанға өтуі кезеңінде ақшаңызды көп жұмсауға бейімделесіз. 12 маусымнан бастап барлық келіссөздер, жобалар сіздің жағыңызға қарай оң шешімін табады. 22 маусымда тағдырыңызды өзгертетін адамды жолықтырасыз. Маусымның ортасынан бастап денсаулығыңызға назар аударыңыз.

Егіздерге арналған жорамал

11 маусымда Меркурий Егіздерге өтеді. Өз ортаңызды кеңейтіп, пайдалы байланыстар орнатыңыз. Мансабыңызды өсірудің қолайлы кезеңі туып тұр. Бұрынғы жұбыңызбен қайта араласудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. 20 маусымнан ақшаңыз кешіге бастайды, барлық шоттарыңызды оған дейін төлеп қойыңыз. Айдың тұтылуынан кейін аяғыңыз ауыр болуы мүмкін. 28 маусымнан бастап оқудағы барлық сынақты тапсырып шығасыз.

Емтиханға дайындалып отырған студент. Көрнекі сурет
Емтиханға дайындалып отырған студент. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндарға арналған жорамал

Chatelaine әйелдер журналы Шаяндарға бұл айда өздерінің ішкі жан дүниесіне назар аударуға кеңес береді. Күннің инрессиясы отбасылық мәселелердің туындауына әсер етуі мүмкін. Берген уәделеріз бен айтқан сөздеріңізге берік болыңыз. 4 маусымда денсаулығыңызға абай болыңыз. Тойлар, көшуді, ірі сауда жасауды 17-не дейін жасаған қолайлы. 22 маусымда күшіңіз пайда болып, шығармашылыққа мұқтаждығыңыз артады.

Арыстандарға арналған жорамал

Astro-seek басылымының ақпаратынша Күннің Арыстанда болуы назарыңызды жұмысқа емес, отбасы мәселелеріне көбірек бөлуге мәжбүрлейді. Мамырда өзін жалғыз сезінгендер осы айда отбасының қолдауына ие болады. Жаңа айдың туу кезеңінде физикалық жағдайыңызға көңіл бөліңіз. 5 маусымда Шолпан Арыстанға еніп қосымша күш сыйлайды. Ол жаңа әріптестер тауып, отбасылық арақатынасты нығайтады. Шолпан ақша каналын ашады, сыйлықтар күтіңіз. 17 маусымнан бастап қарыздарыңыздан, несиеден құтылуға тырысыңыз.

Бикештерге арналған жорамал

Маусымның алғашқы күндері мүлік мәселелерінің шешімін табуға уақыт табыңыз. Ұрыспау үшін жұбыңыздың көңілін аулауға тырысыңыз. Ретро Нептун күндері де сүйіктілеріңізге ерекше көңіл бөліп, ренжіскен жағдайда кешірім сұраңыз. 18 маусымға қарай жұмысыңызды ауыстырыңыз. Өміріңіздегі қиындықтардың себебін анықтап, шешуге тырысыңыз. Саяхатшыларға арналған Conde Nast Traveler журналы 30 маусымнан бастап жаңа баспана іздеуге кеңес береді.

Ғашықтар. Көрнекі сурет
Ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразыларға арналған жорамал

Маусымда жоспар бойынша өмір сүріп, белгілі бір ережелерді ұстаныңыз. Ұрпақ жалғастыру мәселесін, неке құру жайлы ойланыңыз. Бұл ай мүлік сатуға, маңызды мәселелерді шешуге, қарым-қатынасқа көңіл бөлуге қолайлы. 28 маусымнан Меркурий мен Нептун жұмысыңызға, денсаулығыңызға әсер етуіне байланысты, күн режиміңізді сақтап, кадрлық ауыс-түйіске дайын болыңыз.

Сарышаяндарға арналған жорамал

Айдың толуына байланысты маусым денсаулық пен ақша мәселесін шешумен басталады. 6 маусымнан бастап Шолпанның әсерінен ақша, сыйлықтар, қолдаушылар пайда болады. Жұмыста роман басталуы мүмкін. Жалғызбасты Сарышаяндар 18 маусымда жұбын кездестіреді. Маусым сезім білдіруге, той жасауға қолайлы. 28 маусымнан бастап саяхаттауға, өз мамандығыңызды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туады. 30 маусымда жауларыңызбен татуласып, сүйіктіңізбен қайта қосыласыз.

Мергендерге арналған жорамал

Astrologyk басылымы маусымда саяхаттауға кеңес береді. Жаңа елмен танысып, достарыңызбен кездесіңіз. Айдың бірінші он күндігі жұмысқа көңіл бөлуге қолайлы. Ай тұтылған күні имиджіңізді өзгертіп, ажырасып, жаңа адамдармен танысыңыз. Тәжірибелі қолдаушыңыз пайда болып, табысыңыз өседі. Ақшаңызды жинап, несилерден құтылыңыз. 28 маусымнан кейін ғашық болудан қорықпаңыз. Бұл айда денсаулығыңыз қалыпты жағдайда.

Тауешкілер үшін жорамал

4 маусымнан бастап Тауешкілер ескі әдеттерін тастап, жұмысын ауыстырып, жаңа мекенжайға қоныс аударады. 6-20 маусым аралығы жаңа таныстықтар құрып, қарым-қатынастарыңызды нығайтуға қолайлы кезең. 12 маусымнан бастап денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, ортаңызды ауыстырыңыз. Дұрыс тамақтануға көшкен абзал. Айдың аяғында хоббиіңізге көңіл бөліп, келісімшарттарға отырсаңыз, арты сәтті болады.

Үйлену тойы. Көрнекі сурет
Үйлену тойы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Суқұйғыштарға арналған жорамал

Жаздың алғашқы айы қаржылық жағын тұрақтандырып, сыйақы, сыйлықтар алуға тиімді уақыт. Айдың аяғында оқуда, жұмыста жетістіктер күтіп тұр. Сезім білдіріп, таныстық орнатудан қашпаңыз. 23 маусымға дейін барлық шоттарыңызды төлеп, қарыздарыңызды қайтарып алған дұрыс. Айдың бірінші және екінші он күндігі қарым-қатынас құруға қолайлы. Метеотәуелділігіңіз болмаса, денсаулығыңыз сыр бермейді.

Балықтарға арналған жорамал

17 маусымда Сатурн арақатынастың болашағы жайлы ойлануға себеп болады. Бұл әңгімеде ойыңызды ашық айтып, үндемей қалмаңыз. 22 маусымда ғашықтар қосылғысы келіп, басы бостар жұбын іздей бастайды. Сезім білдіріңіз, бөлек шығып, бірге тұрып көріңіз. Астролог Селеста Лонгакр 25 маусымда құр сөзге сеніп қалмауға кеңес береді. Жұмысыңызды өзгертіп, үйіңізге жаңа техника немесе интерьер затын сатып алуыңыз мүмкін. Жаңа айдың тууы үйде құрылыс жұмысын жүргізуге немесе жаңа үй қарастыруға әсер етеді. Маусымның бірінші және соңғы апталарында жарақаттардан абайлаңыз.

Маусым сыйлыққа, романтикалық таныстықтарға, жұмыстағы өзгерістерге толы болмақ. Өз позицияларыңызды нығайтып даму үшін жұлдыз жорамалға назар аударыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2023496-mausym-aiyna-arnalgan-zuldyz-zoramal-sizdi-bul-aida-ne-kutip-tur/