Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Картоп және саңырауқұлақ қосып жасалатын тауық бәліші

Жарияланған күні:

Тауық бәліші. Скриншот
Тауық бәліші. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Көкеністер қосып жасалатын тауық бәліші түскі асқа таптырмас тағам. Дайындалуына қарапайым заттар қажет бәліштің әзірлену технологиясы да оңай. Назарларыңызға аспазшы Адельдің дайындаған картоп және саңырауқұлақпен жасалатын тауық бәлішінің рецебін ұсынамыз.

Бұл бәліштің тарихы екі жүз жылға жуықтайды. Бәлішті алғаш рет Америкада 1886 жылы жасаған. Аспаз үйдегі бар көкөністерді қосып, үстінен жұмыртқа құйып, пеште дайындап алып, керемет тағам түрін ойлап тапқан. Содан бері ол көпшілікке танымал. Көкөністерді тиімді пайдаланып, азық-түлікті үнемдеу мақсатында пайда болған деген де пікір қалыптасқан. Тағам өте тойымды әрі дәмді шыққан. Қазіргі кезде бұл бәліштің рецебі әр ел асханасында өз ерекшеліктерімен дайындалады. Біз сіздерге бәліштің нәзік ірімшіктің астындағы тауық филесіне, саңырауқұлақпен картоп қосу арқылы жасалатын жолымен бөлісемін.

Сипаттамасы:

Асхана: Еуропалық

Санаты: Негізгі тағам

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайындау уақыты: 20 минут

Калориясы: 128 ккал бір порцияға

Құрамы:

Сливки 20% - 200 мл

Бидай ұны – 20 гр

Күнбағыс майы – 20 мл

Картоп – 600 гр

Шампиньон саңырауқұлағы - 150 гр

Тұз – 1 шай қасық

Моцарелла – 170 гр

Тауық филесі – 600 гр

Суан тұзы – дәміне қарай

Дайындалуы:

1. Филені турап алыңыз

Филені жуып, қағаз орамалмен артық суын сүртіп тастаймыз. Артық майын, сіңірлерін, сүйектері болса алып тастаған дұрыс. Ірі төртбұрыш формасында турап аламыз.

Тауық филесі. Скриншот
Тауық филесі. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

2. Картопты дайындау

Картопты тазалап отырып, кастрөлге су құйып, пешке қойыңыз. Картопты тазалап, ірілеп турап, суға салыңыз. Үстінен аздап тұз сеуіп, 10 минуттай қайнатып алу керек.

Картопты дайындау. Скриншот
Картопты дайындау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

3. Филені қуыру

Табаға өсімдік майын құйып, қыздырып алыңыз. Оған туралған тауық филесін салып, біркелкі етіп қуырып алу қажет.

Филені қуыру. Скриншот
Филені қуыру. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

4. Саңырауқұлақты турау

Бәлішке әдетте шампиньон саңырауқұлағын қолданамын. Олар аллергенді емес, ас қорытуға жеңіл және 12 жастан бастап балаларға жеуге болады. Турар алдында оны жақсылап жуып, тазалап, артық суынан кептіріп алу керек. Саңырауқұлақты орташалап турап аламыз. Егер саңырауқұлақты ұнатпасаңыз оны фасольмен немесе сәбізбен алмастыруға болады.

Саңырауқұлақты турау. Скриншот
Саңырауқұлақты турау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

5. Етке дәмдеуіштер қосу

Тауық филесі ағарып, артық суынан арылғанда аздап дәмдеуіштер қосуға болады. Бұл рецептіде суан тұзын қолданамын. Сонымен қатар дәміне қарай кептірілген чеснок пен тұз немесе бұрыш пен паприка қосуға да болады. Дәмдеуіштердің тым ашты түрін қолданбаған дұрыс.

6. Етке саңырауқұлақты қосамыз

Табадағы етке туралған саңырауқұлақты салып, бірге қуырамыз. Шампиньон дәмі нейтралды, ал қуыра келе оның нәзік саңырауқұлақ дәмі пайда болады.

Етке саңырауқұлақты қосу. Скриншот
Етке саңырауқұлақты қосу. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

7. Ірімшікті турау

Моцарелланы жұқалап тураймыз. Сонымен бірге оны ірі үккіштен өткізуге болады. Ірімшік көмегімен бәліштің қытырлақ беті қалыптасады.

Ірімшікті турау. Скриншот
Ірімшікті турау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

8. Соусты дайындау

Қызарған тауық пен саңырауқұлақты арнайы формаға салып, табаға соус дайындауға кірісеміз. Оған ұн салып, араластырып тұрып, қызартып алу керек. Ұн сарғая бастағанда, үстінен бөлме температурасындағы сливки құйып, қайнап, соустың қоюланғанын күтеміз.

Cоусты дайындау. Скриншот
Cоусты дайындау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

9. Бәлішті әзірлеу

Сүзгіге піскен картопты салып, артық суынан арыламыз. Картопты ет пен саңырауқұлақтың үстіне салып, соусты құямыз. Аздап тұз сеуіп, жұқа моцарелламен бәліштің бетін жабамыз.

Бәлішті пісіруге дайындау. Скриншот
Бәлішті пісіруге дайындау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

10. Бәлішті пісіру

Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, бәліш формасының бетін фольгамен немесе қақпақпен жауып, пешке саламыз. Бәлішті жабық қақпақпен 10 минуттай ұстаймыз. Кейін қақпағын алып, тағы 10 минуттай пеште бұқтырамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2026314-kartop-zane-sanyrauqulaq-qosyp-zasalatyn-tauyq-balisi/