Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың шілде айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал: кімді табыс күтіп тұр

Опубликовано:

Ақша санап тұрған әйел. Көрнекі сурет
Ақша санап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шілдеде Күн Шаянға, Марс Бикешке кіретіндіктен қаржылық жағдайға оң әсерін тигізеді. Алдағы айда қай жұлдызды белгіге жауады? Астролог Тенаве Стюарт шілдеге арналған қаржылық болжам жасады.

Тоқтыға арналған қаржылық жорамал

Knowinsiders жобасының сарапшылары шілдеде Тоқты ешкімді тыңдамай, керісінше өзі жол бастауы керек деп болжайды. Ал астролог Тенае Стюарт 17 маусымнан бастап жұмыста өзгерістер болады деп жорамалдайды. Марс планетасы шығармашылыққа итермелеп, тоқтылар бұл айда жаңа деңгейге көтеріледі.

Хоббиіңізді бизнеске айналдырып, жұмысыңызды ауыстырудан, жоғарылаудан қорықпаңыз. Бұрын қорқыныш сезімін тудыратын жобаларды қолға алыңыз. Шет елге іс сапарға шығатын, немесе шетелмен байланысты нығайтатын мүмкіндіктер туындайды.

Торпақтарға арналған қаржылық жорамал

Шілденің екінші жартысы торпақтар үшін жайлырақ болады. Қаржылық жағдайыңыз жақсарып, ірі сауда, мүлік бойынша келіссөздер сәтті аяқталады. Болашақта қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін тиімді инвестициялар, ақша қоры жайлы ойланыңыз. Білімге инвестиция жасаңыз. Ол жұмыста жоғарылауыңызға тікелей ықпалын тигізетін болады.

Егіздерге арналған қаржылық жорамал

Астролог Кайли Томас шілдені авантюраға толы ай деп есептейді. Мансап үшін имиджіңізді өзгертіп, пайдалы таныстықтар орнататын уақыт келді. Егіздер бұл айда әріптестерін, басшылықты жұмыстағы белсенділігімен таң қалдырып, қомақты сыйақыға ие болады. Сенімсіз жобаларға инвестиция жасамаңыз. Фокусты күнделікті өмірге емес, болашағы бар жобаларға қойыңыз. Қаржыны үнемдеу артықтық етпейді.

Жетістікке жеткен ер адам. Көрнекі сурет
Жетістікке жеткен ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндарға арналған қаржылық жорамал

Шаянның мансабында шілдеде қиындықтар пайда болады. Шығындардың көлемі табыс мөлшерінен асып кетеді. Сабырлық сақтап, барлық іске ойланып кірісіңіз. Сәттілік сіз жақта болып, көреалмайтындарда қызғаныш сезімі оянып, басшылықта сізге деген сенімділік арта түседі. Марс шілде бойы шаян жақта болғандықтан, қосымша жұмыс жасауға да энергияңыз жеткілікті болады. Тамыз айында үй сатып алуға немесе жалға алуға мүмкіндігіңіз болады.

Арыстандарға арналған қаржылық жорамал

Жыл бойы денсаулығына көңіл бөлгендер үшін ешқандай қиындық туындамайды. Ал қалғанын Сатурн жазалауы мүмкін. Қаржы ағымы шілдеде тоқтап қалмайды. Біреу үшін төлейтіндер оның тым артық екенін ұғынады. Ақшаны өзіңізге жұмсаңыз, жинақ жасап, жаңа білім алуға ұмтылыңыз. Жұмыста барлығы тұрақты болады. Өз ісін беріліп жасайтындарға жаңа ұсыныстар, мансабының жоғарылауы күтіп тұр.

Бикештерге арналған қаржылық жорамал

Марс Бикешке 10 шілдеде өтетіндіктен, мансапта жоғарылау болатыны анық. Басшылық еңбегіңізді бағалайды, бірақ күндес әріптестеріңізден сақ болыңыз. Айдың басында қаржыңызды тиімді қолданып, күтпеген сауда жасаудан аулақ болыңыз. Шілденің екінші жартысы қаржылық жағынан сәтті болады. Ақша ағыны ашылып, өзіңізді еркелетуге мүмкіндік туады. Бұрыннан армандаған затыңызды сатып алыңыз.

Кеңседегі ер адам. Көрнекі сурет
Кеңседегі ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразыға арналған қаржылық жорамал

Көптен жоспарлаған идеяларыңызды іске асыратын уақыт келді. Көлікпен қиындық туындаған жағдайда, оны жөндеуден өткізіңіз немесе жаңа көлік сатып алыңыз. Таразыға жылдың аяғына дейін жаңа әлеуметтік деңгейге көтерілу үшін, көп еңбек ету керек. Ақшаның түсуі бұл айда тұрақсыз болады, бірақ одан қорқудың қажеті жоқ. Өзге адамдарды асыраудан бас тартсаңыз, ақшаңыз жеткілікті мөлшерде болады.

Сарышаянға арналған қаржылық жорамал

Жұмыста оларды көп өзгеріс күтіп тұр. Басшылықтың ауысуы немесе жаңа офиске көшулеріңіз мүмкін. Қорқудың қажеті жоқ, жұмыста белсенді болып, басшылықтың көзіне түсуге тырысыңыз. Ақшаны бос жұмсамаңыз. Ірі сауда сізді қазан айында күтіп тұр. Оған дейін қаржыңызды жинап, сәтті саудаға дайындалыңыз.

Мергендерге арналған қаржылық жорамал

Мергенді жаңа жоба немесе жаңа жұмыс күтіп тұр. Оның арқасында олар қарыздарынан құтылып, көп пайдаға кенеледі. Оқуға түскісі келетіндердің арманы орындалып, беделді оқу орннының студенті атанады. Өзіңізді шабыттандыратын жұмыс табудың арқасында, қаржылық тұрақтылық орнайды. Іш пыстыратын жұмысқа назар аудармаңыз.

Тауешкілерге арналған қаржылық жорамал

Astro-Seek басылымының хабарлауынша 3 шілдеде олардың өз күшіне, мүмкіндіктеріне сенімсіздігі артады. Оған қарамастан көп тауешкілер жұмысын ауыстырады. Клиенттеріңізге немесе басшылығыңызға жағымды әсер қалдыру үшін ақшаңызды имиджіңізге жұмсаңыз.

Қаржылық, компьютерлік сауаттылықты үйреніп, тіл меңгергісі келетіндер үшін тиімді кезең болып саналады. Оқу процессі оңай болып, алған біліміңізді көп ұзамай жұмыста қолдана бастайсыз.

Кітап оқып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Кітап оқып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Суқұйғыштарға арналған қаржылық жорамал

Арманға бой алдырғыш суқұйғыштар 30 шілдені асыға күтеді. Жұлдыздар ол күнді тілек тілеп, армандардың орындалатын түні деп болжайды. Айды жартыжылдыққа қорытынды жасаудан бастаңыз. Еңбегіңіз үшін өзіңізге сыйлық жасаңыз. Шілдеде барлық шығын жоспар бойынша жүреді, ал жинағыңызда ақша көбейе түседі. Оң нәтиже жайлы аффирмациялар оқып, өзіңізді психологпен бірге бағалап үйреніңіз.

Балықтарға арналған қаржылық жорамал

Жаңа жұмыс іздеуде немесе жаңа жобаны бастарда қиындықтар туындауы мүмкін. Оларды жеңу үшін романтикалық жұбыңызға сеніңіз, ол кеңеспен де, қаржылық тұрғыдан да қол ұшын созады. Жаңа іске ақша салуды ойласаңыз, әуелі білімі бар жандармен ақылдасып алғаныңыз дұрыс.

Шілде қайырымдылықпен айналысуға қолайлы ай. Өзіңізге жақсы көңіл-күй сыйлай біліңіз. Ол сізді жаңа белестерді бағындыруға шабыттандырады. Рухани деңгейіңізді көтеріп, махаббатта, отбасыңызда және балаларыңыздың қолдауына ие боласыз.

Шілдеде көп жұлдызды белгіні қаржылық жағынан сәттілік күтіп тұр. Жұлдыздар жаңа жұмыс іздеп, қосымша табыс көзін іздегендерге, оқуға талпынғандар үшін көп мүмкіндікке жол ашады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2026875-2023-zyldyn-silde-aiyna-arnalgan-qarzylyq-zuldyz-zoramal-kimdi-tabys-kutip-tur/

pixel