Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың шілде айына арналған Ай күнтізбесі: Ай фазалары, қолайлы және қолайсыз күндер

Опубликовано:

Аспандағы ай. Көрнекі сурет
Аспандағы ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қолайлы астрологиялық кезең, ай фазаларының ауысуы - жаз мезгілінің жайлы болуына ықпалын тигізеді. Демалысыңыз бен маңызды жұмыстарыңызды шілде айына арналғаг Ай күнтізбесі бойынша жоспарласаңыз қателеспейсіз. Астролог Энни Хиз Ай күнтізбесі бойынша шілдедегі ең қолайлы күндерге болжам жасады.

Бұл материалдан білетіндеріңіз:

1. Ай фазалары мен олардың ауысу кезеңдері.

2. Ай энергиясының өміріңіздің маңызды бағыттарына әсері.

2023 жылдың шілде айындағы Ай фазалары

Шілде Айдың өсуі кезеңіне келетіндіктен, бұл ай шығармашылықпен шұғылданып, қарым-қатынас орнатуға, медиациямен айналысуға қолайлы. Ай күнтізбесі бойынша, ай фазалары бірнеше кезеңге бөлінген:

  • 1-2 шілде;
  • 18-25 шілде;
  • 27-31 шілде;

Ақшаға, махаббатқа жасалатын арнайы ырымдар өте сәтті болады. Диетаға отырып, шылым шегуді тастауға әрекеттенбеңіз, бұл кезең ол үшін қолайсыз болып саналады. Өзгерістерге айдың толысуынан кейін көңіл бөліңіз.

Магиялық айдың толысуы 3 шілдеге тура келеді. Almanac.com редакторы Кэтрин Бекманн бұл кезеңді ежелгі үнді, америкалық, еуропалық дәстүрлерге сәйкес Бұғы Айы деп атаған. Moongiant басылымы шілдедегі жаңбырдың көптігіне байланысты бұл уақытқа Күркіреу Айы деген ат берген. Starwalk Space жобасы бұл күнді 2023 жылдың маңызды астрологиялық оқиғасы деп белгілеген.

Жаңа туған ай. Көрнекі сурет
Жаңа туған ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың толысу күні - ашық тереземен ұйықтамаңыз, медициналық манипуляциялар жасамаңыз, қарызға ақша алмай, үй жинамаған дұрыс. Шаштаразға баруды ай күнтізбесіне байланысты жоспарлаңыз. Жалпы имиджді өзгертуді, Айдың кері қайтуы кезеңіне қалдырған дұрыс. Ол кезең екіге бөлінеді:

  • 4-9 шілде
  • 11-16 шілде

Айдың кері қайтуы кезеңінде реттеліп, қарыздарыңыздан құтылуға, берген уәделеріңізді орындауға тырысыңыз. Ағымдағы жұмыстарыңызды жалғастырып, айдың тууына дейін тоқтап қалған жұмыстардан бас тартыңыз.

17 шілдеде жаңа Айдың тууы Шаянның ішкі түйсігін оятады. Магиялық ритуалдарды жасап, барлығын қайта бастауға қолайлы кезең деп саналады. Ай фазаларының басқа да циклдеріне мән беріңіз:

  • Үшінші тоқсан – Тоқты белігісінде. Бұл кезең 10 шілдеге сәйкес келеді. Артық салмақтан арылып, ұнатпайтын адамдармен қоштасыңыз. Ірі сауда жасауға, несие алуға асықпаңыз. Ауыр заттарды көтермеңіз.
  • Бірінші тоқсан – Сарышаян белгісінде, 26 шілдеге тура келеді. Білім алыңыз, араласыңыз, жаңа жобалар бастаңыз. Шығармашылықпен айналысып, сүйікті ісіңізді қолға алатын кезең. Бастаған ісіңізді орта жолда тастамай, ешкіммен ұрыспауға тырысыңыз. Мұңаюға, қарын ашуға уақыт қалдырмаңыз. Тәніңіз бен жаныңызды жағымды сәттерге толтырыңыз.
Айдың толған кезеңі. Көрнекі сурет
Айдың толған кезеңі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астрологиялық өзгерістер Айдың ықпалымен жайлы болмақ. Шілдені жоспарлағанда оларды да ескеріңіз:

  1. 10 шілдедегі Марстың Бикешке өтуі. Күнделікті шаруаға назар аударып, оларды оңай бітіруге қолайлы кезең.
  2. 11 шілдедегі Меркурийдің Арыстанға өтуі. Жұмыста лидерлік танытатын уақыт.
  3. 22 шілдедегі Шолпанның кері қайтуы. Өткен шақтағы адамдарды қайтарып, шешілмей қалған мәселелерді қайта көтеру кезеңі.
  4. 28 шілдедегі Меркурийдің Бикешке ингрессиясы. Өз-өзіңізбен қалып, оқуға көңіл бөлетін кезең.

Ай Тауешкіге 31 шілдеде өткенде, шілде аяқталады. Шілдені қорытындылап, тамызға жоспар құрып, оны іске асыруға нақты қадамдар жасауға дайын болыңыз.

Шілдедегі Ай фазаларының күнделікті өмірге әсері

Шілденің ең қолайлы күндеріне барлығы 18 күн жатқызылды. Оларға: 1-2; 4-6; 11-13; 15-16; 18; 20; 22-23; 25-28 шілде күндері белгіленді. Ал жағымсыз күн болып бір-ақ күн болжанады. Ол Айдың толысуы күні - 3 шілде. Бұл күн көпшілік үшін сәтсіз болуы мүмкін.

Ай фазаларының жұмысқа, ақшаға әсер етуі

Wylde Moon сайтының авторы Холли Уоллоубидің пікірінше Ай су ағыстарын басқара алады. Адам ағзасының 60%-ға жуығы судан тұратындықтан, бізде судың келуін немесе азаюын сезе аламыз. Өсуге, дамуға, білім алуға, өз-өзімізді жетілдіруге қолайлы кезең, ол- Айдың өсуі кезеңі. Бұл уақытта:

  • 22-ші шілдеде Шолпан әсерінен ескі жұмысыңызға шақырып жатса, ұсынысты қабылдаған дұрыс.
  • 28-ші шілдеде Меркурий Бикешке өтуіне байланысты жаңа білім алуға сәтті уақыт. Жұмысқа пысық, табанды жандар ғана жоғары жетістікке жете алады. Астролог Энни Хиз жаңа Айдың Шаяндағы кезеңі – жеке мақсаттарыңызға жетуге жайлы уақыт деп есептейді. Бұл күндері жұмысқа қабылдап, алдағы өміріңізге жоспар құрған дұрыс. Қаласаңыз жұмысыңызды ауыстырыңыз. Сауда жасауға сәтті күндер: 1, 12, 21-22, 24-25, 27, 29 және 31-шілде.

Шілдедегі Айдың махаббатқа, арақатынасқа әсері

Ай күнтізбесіне байланысты таныстық күніне қарай оның әрі қарай жалғасуын болжауға болады. Бақытқа бөлену үшін қандай күндерді таңдау керек:

*22-23 шілде күндері болған таныстықтар сәтті болады. Айдың өсуі күндері (1-2, 18-25, 27-31 шілде) махаббат ырымдарын жасаңыз. Мысалы "Мен сені жақсы көремін" деп қайталап айтсаңыз, өз қалауыңыздағы жартыңызды табуға көмектесе аласыз.

*22 шілдедегі ретро Шолпан күні, бұрынғы жартыңызды қайта қабылдауға асықпаңыз. Жоспарларыңызбен бөлісіп, ара-қатынасыңызды реттеуге тырысыңыз.

9, 13, 15, 19, 23, 26 Ай күнтізбесі бойынша күндер 25-26, 29-30, 2-3, 6-7, 10-12, 14-15 шілде күндеріне сәйкес келеді. Бұл күндері жаңа таныстықтар орнатып, ара-қатынас құрудан қорықпаңыз.

Аспандағы толған ай мен жылқылар. Көрнекі сурет
Аспандағы толған ай мен жылқылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ай фазаларының денсаулыққа, сұлулыққа әсері

Кристиана Кайохена зерттеулері ай циклдерінің қандағы мелотонин мөлшеріне, ұйқы бездеріне әсері бар екенін дәлелдеген. Өмірдегі басқа да бағыттарда Айдың әсерінің бар екеніне астрологтар сенімді. Сондықтан Ай күнтізбесінің кеңестеріне құлақ түріңіз:

  • 10 шілде денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Терапевтке жазылып, денсаулығыңыздың жалпы жағдайын тексеріп алыңыз.
  • 22 шілдедегі Айдың кері қайтуы кезеңіне дейін барлық сұлулық процедурасын жасап үлгеріңіз.

Шілденің соңғы аптасында гардеробыңызды реттеңіз. Киілмейтін киімдеріңізді таратып, жаңа образдар жасаңыз.

Шілдедегі Ай күнтізбесі сізге тамаша мүмкіндерге жол ашады. Жаздың ортасында ғашық болуға, жұмысты ауыстыруға, ірі сауда жасауға, сыртқы келбетіңізді ретке келтіруге болады. Айдың атаулы күндерін ұмытпай, артық шаруаларыңызды ысырып, маңызды жұмыстармен ғана айналысыңыз. Энергияңызды құр кетірмеуге кеңес береміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2027047-2023-zyldyn-silde-aiyna-arnalgan-ai-kuntizbesi-ai-fazalary-qolaily-zane-qolaisyz-kunder/

pixel