Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шілдедегі магниттік дауыл: қай күндері болады және ол адамға қалай әсер етеді

Опубликовано:

Күйзеліс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Күннің ысуы әдеттегідей жаздың ортасына келетіні анық. Бұл ретте шілде айының ортасында магниттік дауылдар да болуы мүмкін. Физик Дуг Бизикер магниттік дауылдар шілде айының қай күніне дөп келетінін айтып берді.

Магниттік дауылдардың пайда болу себептері

Жердегі ғарыштық ауа райы бұл - ауа қабаттарының жоғарғы бөліктерінде, Күннің әсерінен болатын өзгерістер. Магнит дауылдары соның ішіндегі ең көп таралған түрі.

Магниттік дауылдар дегеніміз не?

Магнит дауылдары дегеніміз – Жердің геомагниттік алаңындағы толқыныстар. NASA агенттігінің мәліметінше оны күн қалдықтары туғызады. Олар күн желінің пайда болуынан бөлініп, магнитосфераны жарып шығып, адамдарға ұсақ иондалған бөлшектер ретінде әсер етеді.

Магниттік дауылдар денсаулыққа әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар келесідей өзгерістер туғызуы мүмкін:

  • Навигациялық жүйелер мен радио байланыс жұмысына әсер етеді.
  • Электр жүйелерін бақылауда қиындықтар туғызады.
  • Электр жүйелерінің авариялық өшірілуіне алып келеді.
  • Арнайы құралдар мен жүйелердің жұмысына кедергі келтіреді.
  • Бұрын болмаған жерлерде полярлық жарықтың пайда болуы, күшеюі.
  • Ғарыш айлақтары мен спутниктердің жұмысының бұзылуы. Мысалы наурызда ғарыш ракетасы өзінің жоспарлы ұшуын шегеруіне тура келді.

Магниттік дауылдарды бақылауда ұстау үшін арнайы NOAA, TESIS агенттіктері жұмыс істейді. Олардың зерттеулерінің негізінде алдағы екі, үш айға магниттік дауылдардың болуы, оның күштілігі жоспарланып отырады. Ресми агенттіктерден бөлек тәуелсіз ресурстар да жеткілікті. Мысалы бельгиялық волонтерлар тобынан құрылған SpaceWeatherLive, магнит дауылдарын бақылауда ұстауға көмек көрсетеді.

Магниттік дауылдар қалай пайда болады?

Магниттік дауылдардыңң пайда болуының басты себебі - күн сәулесінің шамадан тыс белсенділігі. Жердің магниттік қабаты (магнитосфера) ғаламшардың ауа қабаттарынан пайда болып, жерді күннің қауіпті сәулелерінен қорғайды. Қалдық массасының (СМЕ) шамадан тыс шашырауы кезінде ол әлгі қабатқа келіп соғысады. Сақиналы тоқ күші көбейіп, Жердің магнит алаңының қысымы төмендейді. Бұл 6-12 сағатқа дейін созылатын процесс. Кейін бірнеше күннен соң қысым қалпына келе бастайды.

Күнде қалдықтардың шашырауы не себепті пайда болады? Радиация мен плазманың шашырау себебі, корональды тесіктердің пайда болуынан деп дәлелденген. Бұл магниттік тоқтардың, күн желі әсерінен ағынға айналып, ғарышқа бағытталатын аймағы болып саналады. Одан магниттік дауылға толы плазмалық үлкен бұлттар пайда болады. Бұлттар Жердің магнит алаңына соқтығысып, толқулар пайда болады.

Күн плазмасы қорғаныс қабатын қалай тесіп шығады? Полюстер аймағында магнит сфераларының ашылуы болып тұрады. Сол уақытта, плазма мен атмосфера газының жанасуы әсерінен полярлық шағылысу – атмосфераның жоғарғы қабаттарының жарқырауы орын алады.

Шілдедегі магниттік дауылдардың күнтізбесі

Күннің жоғарғы қабаттарының энергиясының бөлінуі плазмалық бұлттардың пайда болуына әкеліп соғады. Магниттік дауылдардың пайда болып, оның магниттік дауылға айналуына дейін біраз уақыт қажет. Сол уақыт аралығында оның күшін, әсер ету дәрежесін, жиілігін арнайы құралдар арқылы анықтауға болады.

  • 0-9-ға дейінгі шкала, сонымен қатар Kр-index (K) – геомагнит белсенділігін анықтайтын коэффициент.
  • G-шкаласы, In-space басылымы бойынша 5 балдық деп аталады. Оны дауылдың күші мен жиілігін анықтау үшін қолданады. Шкаланы АҚШ-тың мұхиттық және атмосфералық зерттеулер Ұлттық басқармасы (NOAA) мақұлдаған. SpaceWeatherLive басылымы Kp-индексі сонымен қатар ағынның деңгейлерінде есептейді деп толықтырады.
  • Күн сәулесінің шашырау шкалалары (А, В, С, М, Х)

Шілдеде болатын магниттік дауылдардың жиілігі қандай? Оны білу үшін магниттік күнтізбе сізге көмектесе алады.

Күн астындағы мысық. Көрнекі сурет
Күн астындағы мысық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шілдедегі магниттік дауылдар қай күндерді қамтиды?

Жаздың ортасында геомагниттік алаңдағы күндер келесідей: 1, 8-9, 12-16, 18-19, 26, 30-31 шілде.

Бұл күндердің магнит дәрежесі әр түрлі:

  • 1 шілде – әлсіз ағын (G1)
  • 8-9 шілде - екі күндік әлсіз ағын (G1)
  • 12-13 шілде - екі күндік орташа ағын (G2). Meteoagent басылымы бойынша K-index бұл күндері 5-ке тең.
  • 14-16 шілде - екі күндік әлсіз ағын (G1)
  • 18-19 шілде - екі күндік әлсіз ағын (G1)
  • 26 шілде - орташа ағын (G2)
  • 30-31 шілде - екі күндік әлсіз ағын (G1)

Философия докторы, NOAA физигі Дуг Бизикер Күн сәулесінің радиациялық шашырауы кез келген уақытта болуы мүмкін деп жазады. Астрофизиктер шілдеге болжам жасап жатса, астрологтар осы айдағы ерекше күндерді ұмытпауға кеңес береді. Оларға - айдың толысуы күні 3 шілде, жаңа айдың тууы 17 шілде, 10 және 26 шілде - Айдың бірінші және үшінші тоқсаны, сонымен бірге сатаникалық айлы күндер – (3, 11, 17, 26 шілде) жатады.

Магниттік дауылдардың адамға әсері

G2 санатындағы магниттік дауылдар энергожүйедегі қысымның әлсіреуімен сипатталады. Метеосезімтал адамдар бұл күндерді ерекше сезінетін болады. Оларда келесідей симптомдар болуы мүмкін:

  • Әлсіреу, ұйқы басу, ұйқының бұзылуы
  • Көңіл-күйдің әр түрлі болуы, ашулану.
  • Бас ауыруы, бас айналу, сүйек қақсауы т.с.с.

Жүрек, қан тамырлары жүйесі ерекше ауырлықты сезінеді. Қан қысымының көтерілуі, пульстің бұзылуы орын алуы мүмкін. Магниттік ағындардың денсаулығыңызға кері әсер етуін жақсы тамақтанумен, спортпен шұғылданып, уақытында демалып, ұйықтаумен жеңілдетуге болады. Алкоголь мен тәтті сусындардан бас тартып, көп мөлшерде су ішкен дұрыс. Стресстен, ұрыстан аулақ болып, психологиялық "диета" ұстанған жөн.

Болжам бойынша дәл осы Күн сәулесінің шашырауы Жер бетінде тіршіліктің пайда болуына әсер еткен. Олардан қорқудың қажеті жоқ. Тек жағдайыңызды бақылауда ұстап, іс-әрекетіңізді жоспарлаған абзал. Берілген күнтізбеге сүйеніп, кеңестерге құлақ асып, шілдені жайлы өткізіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2027172-sildedegi-magnittik-dauyl-qai-kunderi-bolady-zane-ol-adamga-qalai-aser-etedi/

pixel