Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың шілде айына арналған жұлдыз жорамал: әр жұлдыз белгісін не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал. Көрнекі сурет
Жұлдыз жорамал. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ретро Шолпан шілдеде көпшіліктің жеке өміріне өзгерістер енгізеді. Шілдеде кімді жағымды жаңалықтар күтіп тұр? Астролог Кайли Томас осы айға жорамал жасады.

Тоқтылардың шілде айына арналған жұлдыз жорамалы

Шілдеде жеке шекараңызды, өз идеалдарыңызды қорғауға тура келеді. Жұмысыңызды, жұбыңызды, өмірге деген көзқарастарыңызды өзгертуді тамызға қалдырыңыз. Уақытыңыздың, ақшаңыздың, күшіңіздің көп бөлігі отбасыңызбен, сүйіктіңізге жұмсалады. Жаңа іс бастауды келесі айға қалдырыңыз. Денсаулығыңыз, көңіл-күйіңіз бірқалыпты болады. Өзіңізді сыйлықпен қуантыңыз.

Торпақтардың шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

3 шілдедегі айдың толысуы білім алуға, дамуға, іс-сапарға шығуға ықпал етеді. Жұмыспен, қаржымен байланысты қиындықтардың шешімі табылады. Жұмысыңызды 18 шілдеден кейін ауыстырсаңыз сәтті болады. 11 шілдеден бастап Марс құпия талантыңыздың ашылуына әсер етеді.

Меркурий 12 шілдеде сәтті сауда жасауға немесе мүлкіңізді сатуға ықпалын тигізеді. Романтикалық таныстықтар жаңа айдың туумен басталады. 22 шілдеге дейін отбасылы болғаныңыз дүрыс. Astrologyk махаббатта кең болуыңызға кеңес береді.

Жағажайдағы ғашықтар. Көрнекі сурет
Жағажайдағы ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздердің шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

Шілдеде егіздер тұрып қалған жұмыстарын бітіреді. Медицина, білім беру саласында жұмыс істейтін егіздер жетістікке жетеді. Айдың толуы жоспарланбаған шығыстар әкеліп, ал жаңа айдың тууы жүмысқа байланысты ұсыныстар түсуін әкеледі. Үй шаруасындағы істер ретке келеді. 18 шілдеде жаңа таныстықтар орнап, сезімдер нығая түседі.

Шаяндардың шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

Шаяндар шіледеде жұмыс та істеп, демалып та үлгереді. Жұмыста табысыңыз артып, басшылықтан мақтау сөздер естисіз. Көшбасшылар бәсекелестеріне өзінікі дұрыс екенін дәлелдей алады. Беделіңізге нұқсан келмеуі үшін, туындағалы тұрған ұрыстардың алдын алыңыз. Таныстықтар, ғашықтық жағымды көңіл-күй сыйлайды. Романтикаға қол жеткізіңіз. Almanac.com басылымы 27 шілдеде күтпеген жағдай орын алады деп ескертеді.

Арыстандардың шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

11 шілдеде Арыстан Меркурийге өтеді. Ол интеллект арқылы жетістікке жетуге жол ашады. Өнер, ғылым, қоғамдық жұмыста істейтіндер осы айда өзін жаңа қырынан танытады. Айдың толуы ақша, мансап мәселелерін шешуге ықпал етеді. Жұмыста, отбасы ішінде қарым-қатынасыңызды нығайтуға қолайлы кезең. 24 шілдедегі күннің арыстанға өтуі, оларға махаббат сыйлайды.

Бір-бірін құшақтап тұрған достар. Көрнекі сурет
Бір-бірін құшақтап тұрған достар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикештердің шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

10 шілдеден бастап Марстың Бикешке өтуі, олардың назарын күнделікті өмірге аударады. 28 шілдеден бастап оған Меркурий қосылып, білім алуға итермелейді. Астролог Тенае Стюарт бұл кезең күнделікті іс-әрекетіңізді өзгертуге сәтті уақыт деп санайды. Шілде бикештерден белсенділікті, жылдамдықты талап етеді.

Қиындықтарменде кездесуіңіз мүмкін. Оларды сенімділік танытып, жеңе аласыз. Туыстарыңыз бен жұбайыңыз көңіл бөлуіңізді қалайды. Сүйіктіңіз алыста болса, сезімдеріңіз нығайып, болашаққа сенімділік артады.

Таразылардың шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

Шолпандағы өзгерістер Таразылардың романтикалық арақатынасына, қаржылық жағдайына әсер етеді. Бұрынғы жұмысыңыздан қайтадан ұсыныс түсуі мүмкін. Асығыс шешім қабылдамай, барлығын жан-жақты ойланып барып шешіңіз.

11 шілдеден бастап денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. 12 шілдеден жаңа таныстықтар күтіп тұр. Ішкі жаныңызбен., сыртқы келбетіңізде өзгерістер орын алуы мүмкін.

Сарышаяндардың шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

Марстың әсерінен сарышаяндардың үйінде сыйақылар, жасаған жақсылығы үшін сыйлықтар күтіп тұр. 29 шілдеде оларға Меркурий қосылып, жағымды кездесулер болып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

12 шілдеден бастап мансапта жоғарылау, жағымды жаңалықтар, жұмыстан шығу, жаңа ұсыныстар күтіп тұр. Шолпандағы өзгерістер тұрып қалған жұмыстарды жүргізіп, ақша мәселесінің шешімін табуға ықпал етеді. Қарыздарыңыз бен несиелеріңізді жабуға тырысыңыз.

Кредит картасы. Көрнекі сурет
Кредит картасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендердің шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

Осыған дейін мергендердің жұмсақтығын пайдаланып кеткісі келгендер қайтадан жолыңыздан шығады. Жолыңызға бөгет қойғысы келетіндерден құтылыңыз. Достарыңыз, жақындарыңыз сізге қолдау көрсетіп, қамқорлық танытады, олармен демала аласыз. Ақшаңызды үнемді жұмсасаңыз, ол барлығына да жетеді. Денсаулығыңыз қалыпты, жұмыста өсуге жол ашылады.

Тауешкілердің шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

Сізге шілденің екінші жартысы өте сәтті болмақ. Онда сіз демалуға, мерекеге уақыт таба аласыз. Айдың толуы сіздің жолыңызды ашады. Мансапта, оқуда жетістікке жетесіз. Ескі жобаларыңызды қайта қолға алсаңыз олар өте табысты болмақ. Жалақыңыздың өсуін, сыйақылар күтіңіз. Шілдедегі таныстықтар жаңа достар, махаббат сыйлайды. Жұптағылар үшін ара-қашықтық сезімдерін нығайтуға септігін тигізеді.

Суқұйғыштардың шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

Астролог Кайли Томас шілдені романтикаға толы айға жатқызады. Ол мансапта, қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Суқұйғыштар бұл айда жоспарлаған ірі саудасын жасап, қымбат сыйлыққа ие болады. Басшылық пен әріптестеріңіздің қолдауына ие боласыз. 22 шілде ғашық суқұйғыштар демалысқа аттанса, басы бостар махаббаттарын кездестіреді. Дұрыс тамақтанатындар үшін денсаулығымен қиындықтар туындамайды.

Қол алысқан әйел адамдар. Көрнекі сурет
Қол алысқан әйел адамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтардың шілдеге арналған жұлдыз жорамалы

10 шілде Марстың Бикешке өтуі, Балықтарға сенімділік сыйлайды. Денсаулығыңыз қалыпты, энергияға толы ай болмақ. Жұмыс, үй шаруасы, хобби сізге шабыт сыйлап, табысыңызды арттырады. Шілденің соңғы аптасы жаңа арақатынастар үшін сынаққа толы болады.

Ретро Шолпан кезеңі сезімдерді сөндіріп, жұбыңыздан күткен үмітті үзеді. Көңіліңіз қалмас үшін көбірек ашық сөйлесіңіз, туындаған даулы мәселелерді бірге шешуге тырысыңыз.

Астрологтардың болжамы бойынша шілде жағымды, нәтижеге толы ай болады. Қарым-қатынаста тұрақтылық орнайды. Басқа да маңызды мәселелер оң шешімін табады. Отбасыңыз бен жақындарыңыздың қолдауына ие болып, тағдырдың берген барлық мүмкіндігін пайдалануға тырысыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2027215-2023-zyldyn-silde-aiyna-arnalgan-zuldyz-zoramal-ar-zuldyz-belgisin-ne-kutip-tur/

pixel