Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыйлыққа айна беруге бола ма: ел арасында таралған ырымдар мен наным-сенімдер

Опубликовано:

Айна алдынағы алма. Көрнекі сурет
Айна алдынағы алма. Көрнекі сурет: pixabay.com

Эзотерикада әр сыйлықтың өзінің орны, мағынасы, мәні бар деп есептеледі. Бұл ретте KAZ.NUR.KZ сыйлыққа айна сыйлауға қатысты ел арасында таралған наным-сенімдер туралы кеңірек баяндайды. Бұл ырымдарға сенуге бола ма? Осы жөнінде кітап жазған Дэни Риз айна туралы ырымдарды бөлісті.

Сыйлық іздеу – қызыққа толы, әрі жағымды процесс. Егер әдемі айнаны ұнатсаңыз, әуелі ол жайлы барлық ырымды, айна сыйлаудың мәнін біліп алыңыз.

Айна сыйлаудың мәні

Жүздеген жыл бұрын халық айнаны ерекше тауар ретінде бағалаған. Ежелгі айналарға арнайы күміс амальгама қосылып дайындалған. Күміс - қасиетті металл болып есептеледі. Ол магиялық ритуалдар кезінде таза емес күштерді жою үшін, адамды тазалау үшін, қорғау үшін қолданылған. Уақыт өте келе, аңыздар сұйылып, айна күнделікті өмірде қолданылатын, үй жағдайындағы таптырмас құралға айналды.

Айнаны не үшін сыйлайды? Рухани жағынан айна тазалықтың, жарықтың, шынайылықтың символы болып саналады. Ал эзотерикада айна магиялық құрал ретінде танылып, адам тағдырына әсер етуі мүмкін деп есептеледі. Егер оны дұрыс сыйлап, дұрыс қабылдай білсеңіз барлық өзгеріс оң болмақ. Ал сыйлау әдебін сақтамасаңыз, оның арты жамандыққа әкелуі мүмкін.

Айна алдындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет
Айна алдындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзгеге айна сыйлауға бола ма?

"Зеркала: суеверия, мифология, психология и здравомыслие" кітабының авторы, кейбір елдің мәдениетінде "айна жамандықты білдіреді" деген наным қалыптасқан деп жазады. Оған деген қорқыныш сезімінің болуы осы сөздердің дәлелі. Неге айнаны сыйлауға болмайды? Дінге жақын, шешім қабылдаудан қиналатын адамға айна сыйлау жақсы идея емес. Себебі кей дінде айнаны қарғыс атқанда, болашақты болжағанда қолданып, "тірілер мен өлілер" елін байланыстырушы құрал ретінде пайдаланған.

"Айна – адамның сұлулығын, энергиясын, денсаулығын, кейде тіпті өмірін тартып алуы мүмкін" деп сенеді көп адам. Бір қуантарлығы, бұл ырымдарға қазір көбі сене бермейді. Сыйлықты - бұл ырымдарды білмейтіндер, оларға сенбейтіндер немесе өздері сұрап алған адамдар шынайы қабылдай алады. Блогер Джейн Бартош ырымдардың орындалмауы үшін айнаны дүкендерден емес, арнайы қоймалардан алуға кеңес береді.

Қандай айна жақсы сыйлық бола алады? Шын ниетімен берілген, қолданылмаған, жаңа, зауыт қорабындағы айналар жақсы сыйлық бола алады. Ондай заттың тарихы жоқ, ешқандай магиялық ритуалдарда қолданылмаған, тап-таза, қауіпсіз болмақ.

Сынған айнаға қарап отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Сынған айнаға қарап отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сыйлыққа айна алсаңыз не істеу керек?

Тек жаңа орамдағы, бетінде ешқандай сызығы жоқ сыйлықты ғана қабылдаңыз. Уайымдамас үшін айнаны сатып алсаңыз да болады. Таза, ағынды судың астына шайқап немесе отпен аластап алыңыз.

Қай кезде айнадан бас тарту қажет? Көпшілік жерден табылған қалта айналарын алу дұрыс емес. Дұрыс танымайтын немесе мүлдем танымайтын адамнан қалта айнасын сыйлық ретінде қабылдамаңыз.

Айна сыйлауға қатысты ырымдар

Жақын адамдарыңызға, әріптестеріңізге, достарыңызға сыйлау үшін айна таптырмас құрал. Тек мұндай сыйлықты беру себебін және кімге беретініңізді ескерген жөн.

Айнаны қай мерекеге орай сыйға тартатыңызды ескеріңіз. Келесідей мерекеде айна сыйлау дұрыс емес:

  • Мерейтойға. Той иесінің ғұмыры қысқаруы мүмкін.
  • Үйлену тойына. Symbol Sage басылымының авторы Дэни Риздің пікірінше, айна жастардың тағдырын мәңгілікке қосып, егер неке сәтсіз болып жатса, ажырасуына кедергі келтіреді.
  • Үйінде қарты немесе науқас адамы бар отбасыға айна сыйлау дұрыс емес.
  • Жаңа жылды тойлау кезінде. Жылдың сәтсіз болуына әсерін тигізуі мүмкін.

Келесідей жағдайларда айнаны сыйлауға болады:

  • Жай туған күндерде.
  • Жас, жаңа отбасының қоныс тойына сыйлауға болады.

Айнаны себепсіз де сыйлауға болады. Кейбір компания айнаға өз брендін жабыстырып, сыйлық ретінде таратып жатады.

Айнаны сыйлық ретінде алуға қатысты ырымдар

Сыйлықты алушының кім екені, оның қызығушылықтары мен қалауы – сыйлық таңдаудағы басты критерий.. Қыз балаға айна сыйлауға бола ма? Тұрмыс құрмаған қызға айна сыйлау дұрыс емес. Сіз бұл арқылы оның бақытына кедергіңізді келтіруіңіз мүмкін. Ал егер қыздың өз қалауы бойынша айна сыйласаңыз әдемі рамасы барын таңдаған дұрыс.

Babyology балалар баспасының жазуынша, Грекияда балаларды айнаға мүлдем қаратпайды және оларға айна сыйламайды. Олардың сенімінше айна бала жанын ұрлап алуы мүмкін.

Ер адамға айна сыйлауға бола ма?

Ер адам наным-сенімдерге көңіл бөлмесе айна сыйлауға болады.

Ал егер сыйлық беруші де, алушы да ырымдарға сенсе, сыйлық алушы өз келбетіне тамсанып, ал сыйлық беруші ол үшін өзін кінәлап отыруы мүмкін.

Сүйіктіңізге айна сыйлауға бола ма?

Естелік жазбасы бар әдемі айна ғашықтардың басын біріктіріп, махаббатын нығайта түседі.

Айна және опа, далап. Көрнекі сурет
Айна және опа, далап. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айнаның формалық ерекшеліктеріне байланысты сенім-нанымдар

Айнаны таңдамас бұрын оның типіне, көлеміне, ерекшеліктеріне мән берген дұрыс. Айна тарихы да маңызды. Келесідей айналарды сыйлауға мүлдем рұқсат берілмейді:

  • Көне айналар. Бұрынғы иелерінің энергияларына ие болған, өлім кезінде беті жабылған айналар.
  • Үйінде бақытсыздық орын алған айналар. Мысалы өрт, өлім т.с.с. Олар жаңа иесіне де сол жаманшылықтарды шақыруы мүмкін.
  • Бойыңызды толық көрсетпейтін жатын бөлме айнасы.
  • Трельяж айна. Жасөспірімдерге берілмейтін айна.

Қабырға айналары, бойыңызды толық көрсететін ас үй, қонақ бөлме айналары, ағаш рамадағы айналар, сырты қапталған қалта айналары жақсы сыйлық болып саналады.

Айна - бағалы әрі құпияға толы сыйлық. Оны ұрлауға, қарғыс айту мақсатында қолдануға тыйым салынса, сыйлыққа ұсыну ерекше ілтипатты білдіреді. Жақыныңызға сыйламас бұрын, барлық ырыммен танысып, мән-мағынасын біліп барып шешім қабылдаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2028128-syilyqqa-aina-beruge-bola-ma-el-arasynda-taralgan-yrymdar-men-nanym-senimder/

pixel