Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббатта жеке шекара қажет пе және оны қалай орнатуға болады

Опубликовано:

Ғашық жұп. Көрнекі сурет
Ғашық жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Махаббаттағы шекара ара қатынаста нені қалайтыныңызды түсінуге көмектеседі. Оны "бекіту" екі жаққа да жағымсыз кезең болғанымен, арақатынаста оның маңызы зор. Психолог мамандар екі жас өзін бақытты сезінуі үшін арақатынаста шекараны қалай орнату керектігін айтты.

Арақатынастағы шекара деген не?

Арақатынастағы шекара – ол екі жаққа да ыңғайлы болатын, екі жақты керісінше жақындататын, "Мен" дегенді әлемнен оқшауландыратын деңгей. Шекара – адамды жеке тұлға ретінде, эмоционалды тұрғыда, интеллектуалды, физикалық тұрғыда қорғай білетін шартты сызықтар. Жұбы болса да, кез келген адам жеке кеңістігі, өз әлемі болуы шарт.

Жеке шекара оның өз әлемінің қай жерден басталып, қай жерден аяқталатынын анықтайды. Шындап келгенде арақатынаста шекараны айқындау оңай емес. Себебі шекара туралы айтудың өз бұған дайын емес адамдар үшін айтарлықтай стресс болмақ. Алайда нәтиже әрқашан да жақсы аяқталады. Бұл шекара арақатынаста сыйластық салтанат құрып, екі жақтың да қажеттілігін қанағаттандыруға септігін тигізеді.

Мысалы "Дорога перемен" фильміндегі Фрэнк (Леонардо Ди Каприо) пен Эйприл Уилер (Кейт Уинслет) арасында дәл осы шекаралар жетіспеді. Сырттан қарағанда бұл арақатынас керемет үйлесімді болып көрінді. Ал шын мәнінде ерлі-зайыпты жеке немесе ортақ мақсаттарын бөліспеді, өз қызығушылығын қорғай алмады. Оның арты трагедияға алып келді.

Көл жағасындағы жұп. Көрнекі сурет
Көл жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дұрыс белгіленген шекаралар деген не? Өз пікіріңізді өзгертпей, жұбыңызды да тыңдай білу - үлкен жетістік. Мұндай қарым-қатынас жұпта сенімділік орнатып, сыйластық пен түсіністіктің артуына септігін тигізеді. Дұрыс белгіленген шекара тәуелсіз болумен қатар, бір-бірінің арасындағы байланысты арттырады. Дұрыс шектеулерді орната бастағанда балансты сақтаңыздар. Мысалы "Всегда говори Да!" фильміндегі Карлдың (Джим Керри) өз шекарасының сақталғаны соншалықты, ол бәріне тек "жоқ" деген жауапты айтатын.

Бір уақытта Карл өзін толығымен өзгертіп, тек "иә" деген жауап қайтаратын болып үйренеді. Бірақ ол қабылдаған шешімі де, оған бақыт әкелмейді. Карл фильм соңында барлығында баланс сақтау керек екендігін түсінеді. Егер сіздің жұбыңыз: "Демалыс күні қалай жеке жоспарларың болуы мүмкін?", "Күнделігіңді неге оқытпайсың?" деген сұрақтар қойса, сіз оған өз әлеміңіз, жеке шекараңыз барын ұғындырмағансыз.

Бұл сұрақтар жұптар арасында түсініспеушіліктер туғызуы мүмкін. Олардың алдын алу үшін жеке, өз-өзіңізбен қала алатын кеңістігіңізді ұйымдастыра білу, жеке шекаралар орната білу қажет. Арақатынастағы жеке шекара - күйзелісті басқаруға мүмкіндік беретін үздік амалдардың бірі. Философия докторы Элизабет Скотт, бұл - өзіңіз үшін де, сізге жақын адамдар үшін де жасалатын жақсылық деп түсіндіреді. Бақытты жұп үшін екеуі де тәуелсіз, жеке тұлға болуы өте маңызды.

Кітап оқып отырған жұп. Көрнекі сурет
Кітап оқып отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шекараны қалай дұрыс орнатамыз?

Клиникалық психолог Сабрина Романоффтың пікірінше, сіз өз шекараңызды анық белгілеп, ол жайлы жұбыңызға айтуыңыз керек. "Жоқ" деп айтуды үйретіп, өзіңізді сыйлата біліңіз. Сүйіктіңіздің де жеке шекарасын сақтаңыз.

Өз әлеміңіздің қайдан басталатынын анық білу қажет

Өз шекараңызды белгілеу алдында оның өзіңіз үшін қаншалықты маңызды екенін ұғынып алыңыз. Рұқсат берілген заттарды талдап, қалауыңызға, еркіңізге ерік беріңіз. Өз жеке шекараңызды белгілеу үшін белгілі бір уақыт аралығы қажет. Жұбыңыздың қалауына қарсы шығуға тура келседе, өз шекараңызды орнату маңызды. Ағайынды Коэновтардың «Серьезный человек» фильміндегі Ларри Гопниканың (Майкл Стулбарг) мүлдем шектеуінің жоқтығы, өмірдегі бірыңғай қиындықтарға ғана әкеледі.

Шекараңыз туралы үнемі айтып отырыңыз

Арақатынаста сөйлесу, пікір алмасу арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Ер мен әйелдің бір-біріне сыйластық көрсетіп, "Маған өз-өзіммен жеке қалу керек", "Өз хоббиіме уақыт қалдыру қажет" деген сияқты ойларды айтудан қысылмаңыз. Сүйіктіңізге ультиматум қоюдан немесе талап етуден ештеңе шықпайды. Өз шекараңызды оған айтпай, шектеулер мүлдем болмайды.

Жұбыңыздың әлеміне де мән беріңіз

Өз шекараңызды ұстанған сияқты, жұбыңыздың да шекарасына сыйластық танытыңыз. Бір-біріңізді тыңдай біліңіздер. Сұрақ қоюдан, қайта сұраудан ұялмаңыз. Осылардың барлығы түсіністікті арттырады. Сүйіктіңіздің көңілін таба біліңіз, өз сезімдерін ашық бөлісе алатындай арақатынас орнатыңыз.

Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет
Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Жоқ" деп айтып үйреніңіз

Сүйіктіңізге жоқ деп айту өте қиын. Бірақ егер сізге ұнамайтын іс болса, "жоқ" деп айтудың айыбы жоқ. Өзіңізге ұнамайтын істі атқара-атқара Күлше қызға айналып кетпеңіз. Егер жұбыңыз сізге жағымсыз болып көрінетін іс-әрекетке жол берсе, оған үндемей, төзіп жүрудің қажеті жоқ. Өз ойыңызды ашық білдіріп, оның шектен шығып кеткені жайлы айту керек.

Сіз сыйластыққа лайық екеніңізді ұмытпаңыз

Жұбыңызға махаббатпен, сыйластықпен, түсіністікпен қарау керек. Алайда екінші тараптан да дәл сондай арақатынас болу керек екенін ұмытпаңыз. "Большая маленькая ложь" сериалындағы Селестаны (Николь Кидман) күйеуі соққыға жығып, ол зорлықтың құрбаны болған еді. Ол өз ерін сыйлап, оған махаббат көрсете білді. Бірақ, күйеуінің де оған сондай қарым-қатынас көрсету керек екенін ұмытты.

Жұбыңызбен ашық сөйлесу, өз қалауыңызды бөлісу арақатынасты нығайта түседі. Шекара қою кей кезде үрей туғызғанымен, жеке шекараңызды сақтау сыйластықтың белгісі. Егер өз бетіңізше, өз шекараңызды орната алмасаңыз, психологтың көмегіне жүгінген дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2028367-maxabbatta-zeke-sekara-qazet-pe-zane-ony-qalai-ornatuga-bolady/

pixel