Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйзелістен тез шығуға көмектеседі": қазақстандық өнертапқыштар ерекше құлаққап ойлап тапты (видео)

Опубликовано:

Өнертапқыштар ойлап тапқан нейроқұлаққап
Қазақстандық өнертапқыштар ойлап тапқан нейроқұлаққап. Видеодан кадр: "Хабар24"

Қазақстандық өнертапқыштар аз ғана уақытта күйзелістен шығуға көмектесетін нейроқұлаққаптар ойлап тапты. Гаджет көпшілік назарына Иннопром халықаралық көрмесінде ұсынылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, нейроқұлаққаптарды дайындауға 5 жыл уақыт кеткен. Құрылғыда 10 режим бар, 6 секундтан 3 минутқа дейін уақыт аралығында адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, тынығып алуға мүмкіндік береді.

Жоба авторларының бірі – Қанат Нұрымбековтің айтуынша, олар адамдарға күйзелістен шығуға, аз уақыт ішінде көмектесуге мүмкіндік беретін әдіс іздеген.

"Нәтижесінде осындай нейроқұлаққаптар ойлап таптық. Бұл гаджет мемлекеттік қызметшілерге де, медициналық мекемелерге де, тіпті барлық жерде жақсы көмектеседі", - дейді ол.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір мамандар Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің базасында зерттеу жүргізіп жатыр.

Әзірлеушілер гаджетті релаксация бөлмелерінде қолданылатын медициналық құрылғы ретінде ұсынуды жоспарлап отыр.

"Денсаулыққа әсер етпейді. Жобаны біз психология тұрғысынан ғана емес, медицина жағынан да зерттедік. Ғалымдармен бірге жұмыс істедік. Шетелден де мамандар тарттық. Біз үшін ең бастысы – адамдардың денсаулығы. Әлі де бірқатар зерттеу жүргіземіз", - дейді жоба авторы, психолог Жұлдыз Жандалеева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2028441-kuizelisten-syguga-komektesedi-qazaqstandyq-onertapqystar-erekse-qulaqqap-oilap-tapty/

pixel