Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдің көзге шөп салғанын қалай білуге болады: сарапшылар не дейді

Опубликовано:

Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет
Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Отбасылық қарым-қатынаста адалдық өте маңызды аспект. Бұл ретте сарапшылар әйел адамның мінез-құлқындағы өзгерістер оның сізге деген сезімінің сууын білдіруі мүмкін екенін айтады.

Әйелдің көзге шөп салуының алғашқы белгілері қандай? Көңіл-күйдің тез ауысуы, жылау, күйеуіне шектен тыс қамқорлық танытуы немесе керісінше сын айту, гаджеттерін ешкімге бермеуі, болашаққа бірге жоспар құрмау сияқты өзгерістер әйелдің сезімінің суып кеткенін білдіруі мүмкін.

Көңіл-күйдің құбылмалы болуы

Әйелдің көңіл-күйінің өзгермелі болуы тек гормондарға байланысты емес, ойының басқа жақта болуымен де байланысты. Сіз білмейтін эмоцияларды бастан кешіріп жүрген болуы бек мүмкін. Жаңа махаббаты жайлы жүзіне күлкі сыйласа, сол сәтте-ақ күйеуі бар екені, әрі қарай не істеу керек екенін ойлап, жүзін мұң торлауы мүмкін.

Себепсіз жылау

Көп әйелдер мұндай ситуацияда жастарына ерік береді. Көп ер азамат бұл көз жасы себепсіз деп ойлауы мүмкін. Егер әйел көз жасының себебін түсіндіре алмаса, бұл сізге күдік ұялатуы керек. Мүмкін әйеліңіз сізге шындығын айта алмай немесе "сүйіктісімен" байланысын қалай тоқтату керек екенін білмей жүр. Қандай нұсқа болса да, жылауының себебін біліп алғаныңыз дұрыс. Сө

Сыртқы келбетіне көп көңіл бөлу

Шери Стритофтың пікірінше өз-өзіне көңіл бөлу жағымды әдет болса да, екінші жағынан күмән туғызатын іс-әрекет болуы мүмкін. Егер әйеліңіз сыртқы келбетіне шамадан тыс көңіл бөлсе, ол да сіздің көзіңізге шөп салуының бір белгісі деп ой түюге әбден болады.

Сондықтан, егер сіз осыған дейін әйеліңіздің құрбыларымен кездесуге қандай киім киетінін байқамасаңыз, алдағы уақытта назар аударып жүріңіз.

Күйеуіне үнемі сын көзбен қарау

Әйеліңіздің сізге мінез көрсетуі, ісіңізді жаратпауы – сізді жақтырмауының себебі деп қабылдаңыз. Ол қарапайым ұсақ-түйекке немесе салмақты іске байланысты да болуы мүмкін. Оған сіздің ас ішуіңіз, демалғаныңыз, сөйлеу мәнеріңіз де жағымсыз болып көрінуі мүмкін.

Ой үстіндегі әйел. Көрнекі сурет
Ой үстіндегі әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Гаджеттерін ешкімге бермейді, бақылауда ұстайды

Әйелдер опасыздығын қалай жасырады? Шон Галланың айтуынша, гаджеттерін тығып ұстау, код қою, құпия іс-әрекетін жасырудың классикалық әдісі. Әйеліңіз аяқ астынан ұялы телефонын тастамай, пароль орнатып жүрсе, сізден жасырын біреумен сөйлесіп жүруі мүмкін. "Кіммен сөйлесіп отырсың?" деген сұраққа: "жұмыс бабымен" немесе "құрбыммен" деп жауап беруі мүмкін.

Көп уақытын үйден тыс жерде өткізу

Егер әйеліңіз жұмыстан кеш келуді әдетке айналдырып немесе құрбылармен кездесудемін деп күйеуіне көңіл бөлмей кетсе, опасыздықтың белгісі болуы мүмкін. "Жұмыстан кеш келемін", "бүгін менде ағылшын курсы", "құрбыларыммен кездесудемін" деп үй шаруаларынан қашуы, бос уақытын өзіне жайлы өзге адаммен өткізгісі келетінінің белгісі деп қабылдауға болады.

Ұсақ-түйекке бола жалған сөйлеу

Әйеліңіздің көзіңізге шөп салатынын қашықтан қалай білуге болады? Некедегі өтірік - опасыздықтың ең бірінші белгісі. Бұл өтірік айту көзге шөп салумен бірге, басқа да шындықтың бетін ашуы мүмкін:

  • Кенеттен сіз әйеліңіздің көп жағдайда өтірік айтқанын ұғасыз.
  • Әйеліңіздің кіммен, қайда болғанын сұрағанда, оның дауыс ырғағының өзгеруі.
  • Әйеліңіздің достары сізге күмәнді болып көрінеді.

Жұбына опасыздық жасағандар өтірік пен шынды тез ажырата алатын қасиетке ие.

Ұялы телефонға қарап отырған ару. Көрнекі сурет
Ұялы телефонға қарап отырған ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Болашаққа жоспар құрмау

Көзге шөп салып жүрген жандар жұбайымен ортақ жоспар құрудан қашады. Олар "Үй алуға әлі ерте", "Демалыс туралы ойлайтын уақыт емес" т.с.с тіркестермен, жоспарларды кейінге қалдыра беруге немесе мүлдем ұмыттыруға тырысады. Кейде тіпті апта соңындағы демалыс күндерінде сізбен өткізуден қаша бастаса, сізге бұл жайлы ойлану қажет.

Күйеуіне деген шектен тыс қамқорлық

Опасыздық жасаған әйел, өзін қалай ұстайды? Көзге шөп салу кей әйелдерде ұят сезімін тудырып, оның салдарынан әйел күйеуіне шектен тыс қамқорлық көрсетеді. Шамадан тыс көңіл бөлу, жағымсыну, еркелетіп, мақтау сияқты әрекеттер шынайы өмірден аластатып, кінәсін жуудың бір жолы болып көрінеді.

Өзгерістер жайлы сөз қозғағанда әйеліңіз сізді кінәлай бастайды. Бір тарап өзінің кінәсін мойындағанда, дәл сол сезімді екінші тарапқа да ысырып, кінәлай бастайды. Бұл жағдайда әйел сізге опасыздық жасадың деп жала жабуы мүмкін. Мысалы: "Үнемі қолың босамайды!", "Әрқашан телефонды қарайсың!" немесе "Қандай бітпейтін кездесулер?" деп сізден мін іздей бастайды.

Ағаш түбіндегі әйел. Көрнекі сурет
Ағаш түбіндегі әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кей белгілерге назар аударыңыз

Опасыздық жасаған әйел көп жағдайда күйеуінің көзіне тура қарай алмайды. Сіздің оған қолыңыз тисе дірілдеп, құшақтасқысы келмей, қарсыласып, сізден қашқақтап жүруі мүмкін. Өз кінәсін сезінгендіктен терлеу, алаңдау сияқты өзгерістерді байқайсыз.

Үйге келген соң жуыну

Кристалл Джексонның пікірінше, егер әйеліңіз үйге келген соң бірден суға түссе, ол сіздің көзіңізге шөп салып келуі мүмкін. Суға түсу әрине жақсы әдет, бірақ жұмыстан келіп бірден суға түскені күмән туғызады.

Жыныстық қатынастан бас тарту

Егер әйеліңіз басқа біреумен төсектес болса, сізбен төсек қатынасынан қашуы мүмкін. Сіз әйеліңізден күмәндансаңыз, құшақтап көріңіз. Суық көзқарас, "басым ауырып тұр", "шаршадым", "ұйықтап барамын" тіркестері де күмән тудырады. Егер сізден қашқақтау ұзақ уақытқа созылып келе жатса, уайымдайтын проблема бар. Кейбір жұптарда көзге шөп салу керісінше жыныстық қатынастағы белсенділікті арттырады.

Сұлу әйел. Көрнекі сурет
Сұлу әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Үйреншікті емес иістер

Жыныстық қатынасқа түскеннен кейінгі иісті бірден сезіп қалуға болады. Әйеліңіз жұмыстан келіп, үстінен өзгеше иісті байқасаңыз, назар аударыңыз. Джудит Крэнцтің "Я покорю Манхэттен" фильмінде Лили Эмбервилл күйеуінің ағасы Каттермен төсектес болған соң, міндетті түрде әтір қолданатын болған. Ол секстің иісін жояды. Егер өзгеше иіс байқасаңыз, әйеліңізден сұрап, қалай жауап беретініне мән беріңіз.

Терідегі іздер

Опасыздықтың физикалық белгілері қандай? Өзгеше иістен бөлек, әйел денесінде сүйгеннің белгілері байқалуы мүмкін. Басқа еркекпен тығыз байланысқа түсетін болса, оның денесінде физикалық жағынан іздері қалуы заңдылық.

Жұбыңыздан анық сұрамай немесе көзіңізбен көрмей анық опасыздық жасалғанын білу қиынға соғады. Кейбір жұп үшін айтарлықтай проблема болып көрінетін жағдайлар екінші жұп үшін мүлдем проблема ретінде саналмайды. Көбіне опасыздықты ешкім сезе бермейді, дегенмен де жоғарыдағы белгілерді есте сақтаған дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2028593-aieldin-kozge-sop-salganyn-qalai-biluge-bolady-sarapsylar-ne-deidi/

pixel