Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қош енді, қош бол: өзіңізді құлай сүйетін жігітпен жеңіл айырылысудың 10 әдісі

Опубликовано:

Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет
Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұбыңызбен арақатынасыңыз дұрыс болмай, одан кетуге бел бусаңыз, қиындықтарға дайын болыңыз. Әсіресе жұбыңыз сізді жақсы көрсе, бұл процесс оңай болмайды. Айырылысу екі тарап үшін де жеңіл өту үшін психологтардың кеңесіне құлақ түріңіз.

Сізді жібергісі келмейтін жігітпен қалай ажырасу керек? Мәселені оңай шешу үшін тыныш жерде сөйлесіп көріңіз, өз қателігіңізді мойындай біліңіз, жұбыңызға құлақ асыңыз, айырылысу жайлы шешіміңізді өзіңіз айтыңыз. Жаттанды тіркестерді қолданып, жағымды сәттерді еске түсіріңіз. Ажырасу ең дұрыс шешім екеніне көзін жеткізіп, оның сезімдері үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алмаңыз.

Екі жаққа да қолайлы жерде сөйлесіңіз

Ажырасу жайлы хабарлау үшін сүйікті кафе немесе саябақта кездесу дұрыс емес. Екеуіңіз де бұрын бармаған жерді таңдаңыз, сонда бұл жағымсыз сәт оңай ұмытылады. Жұбыңызға өз шешіміңізді тосыннан айтпай, әуелі дайындап алыңыз. Әңгімелеріңіз жағымсыз болатынын түсіндіре біліңіз. Өз шешіміңізді жақсылап ойланып, сенімді болыңыз.

Қателігіңізді мойындай біліңіз

Арақатынастың басында жұбыңыздың кемшіліктерін байқамауыңыз мүмкін. Уақыт өте келе, ол кемшіліктерге көз жұма қарау қиындай береді. Ұнамайтын тұстардан шаршап, барлығын сыртқа шығаратын сәт те келіп жетеді. Сол сәтке дейін барлығына көз жұму - сіздің қателігіңіз екенін мойындаңыз. «Разрушители отношений» кітабының авторы психолог Рэнди Гунтер: "Әуелде жақсы әсер қалдырып, кейіннен тіпті аллергия туғызатын іс-әрекет немесе әдет арақатынасты бұзатын бірден-бір себеп болып саналады", - деп жазған.

Тыңдай біліңіз

Сіздің шешіміңіз ер адамды таң қалдыруы мүмкін. Ол өзін тым белсенді көрсетіп, барлығына сізді кінәлап немесе тағы бір мүмкіндік сұрап, барлығын түзетуге сөз беруі мүмкін. Тағы бір нұсқа, өміріңізде басқа жанның пайда болған-болмағанын сұрауы мүмкін. Егер жағдай шынымен солай болса, барлығын жасырмай айтқан дұрыс. Олай болмаса да, оның уәжін тыңдап, қоштасу жауласуға ұштасып кетпеуінің амалын жасаңыз. Ештеңеге сөз бермей, тек бар ойын тыңдауға тырысыңыз. Сүйіктісінен айырылу ол үшін оңай емес екенін ұмытпаңыз.

Ағылшындардың ажырасу тәсіліне жүгінбеңіз

Жігітпен бірге тұрсаңыз, қалай айырылысу керек? Шешімді нық қабылдасаңыз, ол жоқта кетіп қалмаңыз. Бірге сөйлесіп, барлығын түсіндіріп кеткен дұрыс. Ситуацияны қабылдау үшін оған уақыт керек. Егер ол сізді өмірінен бірден сызып тастағанды қаласа, тілегін орындаңыз.

Бірақ біраз уақыт өткен соң, кейбір сұраққа жауап алу үшін ол сізді қайта іздейтінін ұмытпаңыз. Қарсы болмаңыз, оған түсіністікпен қарап, барынша сабырлы болуға тырысыңыз. Қайтып келем деп оны үміттендірмеңіз.

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаттанды тіркестерді қолданбаңыз

Шешіміңізді жұбыңызға қалай түсіндіретініңізді алдын ала ойланып алыңыз. Ойыңызды жинақтап, қайта ойланып, ештеңені ұмыт қалдырмас үшін қағаз бетіне түсіріп алыңыз. Әңгіме барысында: "Екеуіміз екі түрлі адамбыз", "Мәселенің барлығы менде", "Мінезіміз жараспады" тіркестерін қолданбаңыз. Олар ер адамды ашуландыруы мүмкін. Оның сезіміне сыйластық танытып, айырылысудың негізгі себептерін түсіндіріңіз.

Бірге болған уақытта позитивпен еске алыңыз

Философия докторы Джереми Никилсонның пікірінше егер айырылысуға ұсыныс білдірген жақ бірге болған уақытты позитивпен еске алса, айырылысу салдары жеңілірек қабылданады. Алғыс айтып, жылы сөйлесіңіз. Жұбыңыздың көмегімен нені үйренгеніңізді айтыңыз. Бірақ жігітке өмірлік маңызы бар тәжірибе алсаңыз да, арақатынасты әрі қарай жалғастырудың мәні жоқ екенін түсіндіріңіз. Ұрыссыз айырылысуға тырысыңыз.

Романтикалық естеліктерге жол бермеңіз

Арақатынаста жағымды, романтикалық сәттер көп болғанымен, оны жалғастыру үшін кейде ол да жеткіліксіз. Жұбыңыздың сізге сай келмейтін қасиетінің көп болуы осындай шешім қабылдауға әкеледі. Әңгіме барысында жұбыңыз романтикалық сәттерді еске түсіріп, сіздің сезіміңізге манипуляция жасауы мүмкін. Оған берілмей, өткен уақытты еске түсірмеңіз, бірден әңгімені тоқтатқан жөн.

Айырылысу - ең дұрыс шешім екеніне көндіріңіз

Жігітке ажырасу екі жаққа да жағымды әсер ететінін түсіндіріңіз. Ол нағыз махаббатыңызды жолықтырудың бірден-бір мүмкіндігі. Қазір сіздер бақытсызсыздар. Сіз оған бақыт сыйлай алмайсыз. Сіздің жаныңыз оны қаламайды. Әдет бойынша қол ұстасу дұрыс емес екендігіне көзін жеткізіңіз. Дос болып қалуды да ұсынбаңыз. Керісінше бір-біріңізден алыстап, сезімдерді сөндірген дұрыс.

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ажырасу жайлы өзіңіз айтыңыз

Егер арақатынасыңыз қалыпты, жұбыңыз абьюзер емес болса, шешіміңізді бетпе-бет айтыңыз. Драмалық хабарламалар жазып, хат қалдырудың қажеті жоқ. Бірақ егер оның қалай қабылдайтынынан қорқып, бетіне айтуға сенімсіз болсаңыз, хат қалдырудан басқа амал жоқ. Хатта ойыңызды нақты, сенімді түрде көрсетіңіз. Мысалы: "Сені жақсы көрмейтінімді түсіндім", "Менің өмірімде болғаның үшін рахмет. Әрі қарай бірге бола алмаймыз", "Кешір, енді бірге болудың мәні жоқ", деп жазсаңыз болады.

Оның сезімі үшін жауапкершілікті өзіңізге алмаңыз

Сіздің шешімді жұбыңыздың қалай қабылдауы - ол оның таңдауы, эмоционалдық жағдайы. Ол үшін өзіңізді кінәламаңыз. Өз өміріңізді, онымен қоса басқа біреудің өмірін бірге сүру өте қиын. Отбасылық психолог Павел Зыгмантович: "Бір-біріңізге көмектесу дұрыс. Ол дегеніміз бір-бірінің өмірін сүру емес" деп жазған. Сіз өзіңіз қалай дұрыс деп ойласаңыз, солай шешім қабылдайсыз. Көз жасына бола, өмірімен қош айтысамын деген қорқыту сөздеріне бола шешіміңізді өзгертпеңіз. Барлық сценарийдің қайталануын қаламасаңыз, өзіңізге сенімді болыңыз.

Мәдениетті түрде, ұрыссыз, ренішсіз ажырасуға тырысыңыз. Бірге өткізген бақытты күндер үшін бір-біріңізге сыйластық танытыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2028866-qos-endi-qol-bol-ozinizdi-qulai-suietin-zigitpen-zenil-aiyrylysudyn-10-adisi/

pixel