Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббатта қызғаныштан қалай құтылуға болады: ерлер мен әйелдерге құнды кеңестер

Опубликовано:

Жағажайдағы жұп. Көрнекі сурет
Жағажайдағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ер адамдар сүйіктісінің бұрынғы ғашығы туралы білгенде, қатты қызғантыны айдан анық. Осы орайда мұндай сезімді қалай еңсеруге болады деген заңды сауал туындайды. Психологтардың кеңесін назарға ұсынамыз.

Ер адам сүйіктісін бұрынғы жігітінен қызғанбас үшін не істеу керек?

Серіктесінің бұрынғы өміріне шамадан тыс қызығушылық таныту психологияда ретроспективті және ретроактивті терминдер деп аталады. Көп жағдайда ол негізсіз болады, алайда оның қазіргі арақатынасқа сызат түсіруі бек мүмкін. Солардың кейбіріне тоқталсақ:

  • Жүректі жаралау қорқынышы. Біреудің алдап кеткенін немесе абьюзерлік қарым-қатынасты басынан өткерген адам, ондай қатынастан өзін барынша қорғауға тырысады. Қызғаныш ол – сезім мен арақатынастың арпалысы.
  • Өзіне деген сенімнің болмауы. Ол өзін сіздің бұрынғы жігітіңізден кем санайды және егер таңдау түссе, сіздің тағы да соны таңдайтынына сенімді.
  • Өзімен салыстыру. Ер адам әйелді өткені үшін жазғырады, себебі оның өткені оған ұнамайды.
  • Көре алмаушылық. Ер адамға сүйіктісінің бұрынғы өмірі қазіргісіне қарағанда қызығырақ болып көрінеді.
  • Сүйіктісінен көңілі қалу. Ер адам ғашығынан көңілі қалса, оның бұрынғы өмірін қазбалай бастайды.
  • Болашақты болжауға ұмтылу. Ер адамда сүйіктісі өзіне дейін кімді және қалай жақсы көргенін білсем, оның қазір қалай арақатынас құратынын білетін боламын деген түсінік қалыптасқан.

Осылайша шым-шытырық жағдай қалыптасуы мүмкін. Ерлер не қорғағысы келеді, немесе қызғаныш арқылы қазіргі арадағы махаббатты жойып жібереді. Бұл туралы психолог Роберт Лихи "Қызғаныш.

Онымен қалай өмір сүру керек және сезімді қалай сақтап қалу керек" кітабында жазған. Негізінен көп нәрсе тікелей әйел адамға байланысты. Ол оны бұрынғыдан да қызғаншақ етеді немесе бұл сезімнің жойылуына жол ашады.

Жарасымды жұп. Көрнекі сурет
Жарасымды жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүйіктіңізге көмектесу үшін келесіні ескеріңіз:

  • Егер серіктесіңіз өткенді сұраса, оған үнемі жауап беру қажет емес. Әсіресе, егер ол сізді кінәласа, бұрынғы сүйіктіңіз туралы бейәдеп сөздер айтса немесе өзін одан да жаман деп санаса, ол туралы айтудың қажеті жоқ. Ауыр тақырыптарды қозғамаңыз.
  • Өткенді талқылаудың орнына қазіргі сүйіктіңіз туралы, сіздің қарым-қатынасыңыз, бірге құрған жоспарларыңыз бен міндеттеріңіз туралы сөйлесуге шақырыңыз. Оған оны қаншалықты жақсы көретініңізді және оның сізге қаншалықты қымбат екенін айтыңыз.
  • "Мен ештеңе жасаған жоқпын" деп ақталмаңыз. Бұл сіздің серіктесіңізді сіз келіспейтін нәрсені одан әрі анықтауға итермелеуі мүмкін, дейді Роберт Лихи.
  • Қызғаныш махаббаттың белгісі екеніне сенімді болыңыз. Мәселен, "Қызғаныш эволюцияның нәтижесі" мақаласының авторлары қызғаныш арақатынасты нығайта түсетінін дәлелдеді. Бірақ қазіргі таңда ол ерлі-зайыптылар арасында зорлық-зомбылықтың орын алуының негізгі себебіне айналып отыр. Сондықтан бұл сезімді тіпті әзілмен де "тұтандыруға" тырыспаңыз. Бұл адамның өзіне деген сенімсіздігін тудырады.
  • Мұны сіздің ойыңыздан шығаруға кеңес бермеңіз, позитивті ойлауға тырысыңыз. Одан құтылу үшін серіктесіңізге бұл туралы ашық айту арқылы қызғанышты қабылдауға көмектесіңіз. Оған қызғануға себебі жоқ екеніне сендіріңіз. Әйелдің миссиясы - сүйіктісін тыныштандыру және оның жанын барынша түсіну. Қарым-қатынаста өзара түсіністік пен жақындыққа жету үшін оған қызғаныш сезімін жеңуге көмектесіңіз.
Чемоданы бар ғашықтар. Көрнекі сурет
Чемоданы бар ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызғаныштан қалай арылуға болады: ер адамдарға кеңес

Қызғаныш - бұл қарым-қатынастағы жойқын сезім. Мұндай кезде бойыңызда мазасыздық, ашуланшақтық, дәрменсіздік болады. Қызғаныштан арылу үшін — әйелдің өміріндегі жалғыз сүйіктісі сіз болуыңыз керек, деп жазады психолог Роберт Лихи.

Өткенге қызғаныш сезімінен қалай арылуға болады?

Ол үшін келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

  1. Қызғаныш сезімін қабылдаңыз. Бұл адамдарда болады, бірақ қызғанышпен өмір сүру қиын. Мәселе бар екенін түсіну және оны жою маңызды.

2. Себебін анықтаңыз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз, неге қызғанып жүргеніңізді ойланып, сұраққа нақты жауап беріңіз. Сіз жауабын да білесіз. Ол жайлы бетін ашып айтыңыз. Мүмкін сіз таңдаған адамның қандай қарым-қатынаста болғанына қызығушылық танытатын шығарсыз. Сол кезде ғана сіз дегеніңізге жете аласыз. Тек сүйіктіңізді айыптап, қызғанбаңыз.

3. Бұл өткен қарым-қатынас екенін түсініңіз. Ол қатынас енді жоқ, ал сүйіктіңіз қазір сізбен бірге. Өйткені, сіздің де өткеніңіз бар, сіз де басқа адаммен қарым-қатынаста болдыңыз және ол да аяқталды.

4. Серіктестің өткен туралы жақсы естеліктеріне сабырлық сақтаңыз.

5. Басқа адамның ойлары мен сезімдерін басқаруға тырыспаңыз. Бұл әркімнің еркі — ойлау, қиялдау, армандау. Уақытты босқа өткізбеңіз.

6. Мінез-құлқыңызды бақылауға алыңыз. Таңдалған адамнан жауап алмаңыз, оған ренжімеңіз және жанжал шығармаңыз. Сіз бұл жолмен қол жеткізе алатын бір-ақ нәрсе – ол ажырасу.

7. Сүйіктіңізге сеніп үйреніңіз. Егер сіз қызғаныштан арылғыңыз келсе, сізде басқа жол жоқ. Әр сөз бен әрекетті екі рет тексеру мүмкін емес. Сеніңіз, сонда сіз өмір сүрудің қаншалықты оңай болатынын көресіз.

8. Оның жеке шекарасын бұзбаңыз. Бұл әйел сіздің жартыңыз болса да, сізге үнемі бағынуға міндетті емес. Әлеуметтік желілердегі парақшаларын бақыламаңыз, телефонды тексермеңіз, жұмысына келмеңіз.

9. Қарым-қатынасты дамыту үшін жұмыс жасаңыз. Энергияны өткен туралы жанжал шығаруға емес, бірге демалу және басқа да қызуғышылықтарға жұмсаңыз, армандаңыз. Осы үшін сүйіктіңіз сізді тастап кетуі мүмкін деген ойдан арылыңыз.

10. Өзіңізді тапсырыс беруші (сіздің серіктесіңіз) таңдаған сәтті жоба ретінде қабылдаңыз. Өзіне деген оң көзқарас - бұл менің өсуімді қамтамасыз ететін керемет энергияның көзі деп қабылдаңыз, дейді психотерапевт Лесли Беккер-Фелпс. Өзіңізді одан да тартымды және ерекше етіп көрсетіңіз: спортпен шұғылданыңыз, сүйікті хоббиіңізбен айналысып, тіл үйренуді бастаңыз. Ойыңызды басқа арнаға бұрыңыз.

11. Маманның кеңесіне жүгініңіз. Егер сіз қанша тырыссаңыз да, қызғаныштың бетін қайтара алмайтыныңызды байқасаңыз, сізге көмек қажет болады.

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысында бақытты өмір сүруге көптеген себеп бар. Оны өзіңізге жақын адамыңыз үшін ұйымдастырыңыз және біреуге емес, сізге қызғанышпен қарайтындай жағдай жасаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029352-maxabbatta-qyzganystan-qalai-qutyluga-bolady-erler-men-aielderge-qundy-kenester/

pixel