Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қышасыз майонезді бірнеше минутта үй жағдайында қалай жасауға болады

Опубликовано:

Майонезге батырылған нан тілімі. Көрнекі сурет
Майонезге батырылған нан тілімі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қолдың майонезін қышасыз әзірлесе дүкеннің майонезіне қарағанда дәмді әрі балғын болып шығады. Оны жасау әдісі де оңай. Ол үшін бар-жоғы бірнеше минут пен үш негізгі құрам қажет.

Ондаған жыл бұрын Францияда ойлап табылған майонез жер шарындағы ең танымал, интернационалды соусқа айналды. Ол көпшілікке дайындалу жолының оңайлығымен әрі құрамының қолжетімділігімен танылды. Классикалық майонезге бес құрам кіреді: жұмыртқа, май, тұз, уксус және қыша. Егер соустың ащылығы ұнамаса, онда оның құрамына қышаны қоспауға да болады. Қышасыз майонездің дәмі балғын әрі дәмді болып шығады.

Сипаттамасы:

Асхана: Еуропалық

Санаты: Соус

Дайындалу уақыты: 3 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

1 порцияға арналған калория көлемі: 1200 ккал

Порция құрамы:

Тауық жұмыртқасы – 1 дана

Лимон шырыны – 1 ас қасық

Қант – 10 г

Өсімдік майы – 150 мл

1. Жұмыртқаны дайындаңыз

Майонезді дайындағанға дейін шамамен 30 минут бұрын тоңазытқыштан тауық жұмыртқасын алыңыз. Бөлме температурасындағы жұмыртқа соусты жұмсақ етеді. Егер жұмыртаның қабығы лас болса, оны жылы сумен және сабынмен жуып, құрғатып сүртіңіз. Майонез өңдеуден өтпейді, сондықтан кез-келген лас нәрсе оны бұзып қана қоймай, денсаулыққа қауіп төндіреді.

Лотоктағы жұмыртқа. Көрнекі сурет
Лотоктағы жұмыртқа. Көрнекі сурет: pixabay.com

2. Жұмыртқаны маймен араластырыңыз

Жұмыртқаның сарысына зақымдамай, жұмыртқаны блендер стаканына сындырыңыз. Қабықтың сынықтары контейнерге түспегеніне көз жеткізіңіз. Блендердің стаканына шамамен 75 мл өсімдік майын құйыңыз. Иісі жоқ, кез келген өсімдік майын қолдануға болады. Дәмді тағамдар үшін, майонезге зәйтүн майын қосыңыз, оның сәл ғана ащылығы балық пен жаңа піскен көкөністердің дәмін келтіреді.

Жұмыртқаны араластыру. Скриншот
Жұмыртқаны араластыру. Скриншот: YouTube/Sousec – Үй жағдайындағы соустар

3. Майонезді араластырыңыз

Блендерді стаканға салыңыз. Жұмыртқаның бүтін сарысы айналмалы пышақтарға толығымен енуі керек. Блендерді қосып, біртекті ақ масса пайда болғанша өнімді араластырыңыз.

Майонезді араластыру. Скриншот
Майонезді араластыру. Скриншот: YouTube/Sousec – Үй жағдайындағы соустар

4. Майонезге қоспаларды қосыңыз

Майонезге 1 шай қасық тұз және 1 ас қасық қант пен лимон шырынын қосыңыз. Қант пен тұз ерігенше майонезді блендермен араластыруды жалғастырыңыз.

Майонезге қоспаларды қосу. Скриншот
Майонезге қоспаларды қосу. Скриншот: YouTube/Sousec – Үй жағдайындағы соустар

5. Майонезге қалған өсімдік майын қосыңыз

Қалған 75 мл өсімдік майын блендер стаканына құйыңыз. Майонезді сұйық май толығымен араласқанша, жақсылап араластырыңыз.

Қалған өсімдік майын қосу. Скриншот
Қалған өсімдік майын қосу. Скриншот: YouTube/Sousec – Үй жағдайындағы соустар

6. Майонез дайын

Майонез консистенциясы қаймаққа ұқсаса, араластыруды тоқтатыңыз. Егер майонез тым қалың болып шықса, оған 1-2 шай қасық қайнаған су құйыңыз. Дайын майонезді контейнерге салып, тоңазытқышта үш күн сақтаңыз.

Екінші кезеңде майонезге қосымша ингредиенттерді қосуға болады. Сарымсақ немесе аздаған аскөк балық тағамдарына жақсы, ал бір шымшым паприка немесе бір шай қасық соя соусы майонезді көкөніс салатына тамаша соус етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029354-qysasyz-maionezdi-birnese-minutta-ui-zagdaiynda-qalai-zasauga-bolady/

pixel