Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таяқшадағы мұз кәмпиттерді қалай жасауға болады

Жарияланған күні:

Түрлі-түсті мұз кәмпиттер. Көрнекі сурет
Түрлі-түсті мұз кәмпиттер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мұз кәмпиттің кәдімгі кәмпиттен еш айырмашылығы жоқ. Оларды жасау үшін үш құрам мен сәл ғана төзімділік қажет. Осы ретте назарларыңызға таяқшадағы мұз кәмпиттердің оңай әрі тез жасалатын рецебін ұсынамыз.

Таяқшадағы мұз кәмпиттер - шамамен 600 жыл бұрын пайда болған карамельдің ең танымал түрі. Мұндай пішіндегі кәмпиттерді орта ғасырларда дайындаған екен және ол кезде мұндай тәттіні тек ауқатты адамдар ала алған. XIX ғасырда қанттың арзандауымен бірге кәмпиттер де қолжетімді бола бастады.

Олар Еуропа мен Азияда жаппай өндіріліп, алғаш рет 1908 жылы АҚШ-та патенттелді. Таяқшадағы мұз кәмпиттер КСРО-да танымал болды. Оларды көптеген үй шаруасындағы әйелдер әтеш пішінінде немесе басқа да құстар мен жануарлар пішінінде, арнайы формада дайындады.

Сипаттамасы:

Асхана: Славян асханасы

Санаты: Десерт

Дайындыққа дейінгі уақыт: 2 минут

Дайындалу уақыты: 6 минут

1 порцияға арналған калория: 620 ккал

1 порцияның құрамы:

Лимон шырыны – 1 ас қасық

Қант – 200 г

Су – 90 мл

Дайындалуы:

1. Су мен қантты араластырыңыз

Нерж ыдысына бір стакан қантты салыңыз. Оған 90 мл (6 ас қасық) суық суды қосыңыз. Эмаль ыдыста қант күйіп кетеді, ал алюминий ыдыста сироптың түсуі әдемі болмауы мүмкін.

Cу мен қантты араластыру. Скриншот
Cу мен қантты араластыру. Скриншот: YouTube/Покашеварим

2. Лимон шырынын қосыңыз

Қанты бар ыдысқа 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Немесе оның орнына 0,5 ас қасық асхана уксусын немесе пышақтың ұшында лимон қышқылын қосыңыз.

Лимон шырынын қосу. Скриншот
Лимон шырынын қосу. Скриншот: YouTube/Покашеварим

3. Сиропты араластырыңыз

Ыдысты орташа қалыптағы отқа қойыңыз. Қант толығымен еритіндей, жақсылап араластырыңыз. Ыдыста қанттың қалдығы қалмаған жөн, егер ондай жағдай орын алса, қоспаны отта ұстай тұрыңыз, себебі оның құрамы тағы бұзылып кетуі мүмкін.

Cиропты араластыру. Скриншот
Cиропты араластыру. Скриншот: YouTube/Покашеварим

4. Сиропты дайын болғанша араластырыңыз

Араластырып, сироп қайнағанша күтіңіз. Сосын отты азайтып, тағы қайнатыңыз. Сұйықтық ашық-сары түске енгенде, қоспаны оттан алыңыз. Сиропты қоңырқай түске енгенше, қайнатпаңыз, мұз кәмпит ашты болып кетеді. Оның дайын болғанын білу үшін бір тамшы қоспаны алып, мұздай суға салыңыз. Егер қоспа қатса, карамель дайын болды деген сөз.

Cироптың дайындалу жолы. Скриншот
Cироптың дайындалу жолы. Скриншот: YouTube/Покашеварим

5. Мұз кәмпитті қалыпқа салыңыз

Пергамент қағазын төсеңіз. Сұйықтықты ас қасықпен алып, пергамент қағазына құйыңыз. Осылайша домалақ пішінді кәмпиттер пайда болады. Әрқайсысына таяқшаны қоспаның ортасына жететіндей етіп, орналастырыңыз. Таяқшаны ақырындап бұрап, карамельге толық енетіндей етіңіз.

Cиропты қалыпқа келтіру. Скриншот
Cиропты қалыпқа келтіру. Скриншот: YouTube/Покашеварим

6. Мұз кәмпитті суыту

Мұз кәмпиттерді пергаментте салқындатыңыз. Кәмпиттер қатайғанда, қағаздан алып тастап, арнайы ас пленкасына немесе пергаментке жеке-жеке салыңыз. Мұз кәмпиттерді стакан немесе банкаға тік күйінде салып, тоңазытқышта сақтаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029425-tayaqsadagy-muz-kampitterdi-qalai-zasauga-bolady-onai-ari-tez-recebi/