Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауық етінен табада жасалатын палау: дәмді әрі жеңіл рецепт

Опубликовано:

Тауық етінен палау. Скриншот
Тауық етінен палау. Скриншот: YouTube/Канал ВО! Прості Рецепти

Табада пісірілетін, тауық еті қосылған палаудың дәстүрлі палаудан айырмашылығы көп. Тағам құрғақ, майлылығы аз әрі тез дайындалады. Назарларыңызға дәмді және тез дайындалатын, табада пісірілетін палаудың рецебін ұсынамыз.

Палау бірқатар шығыс елдерінде ежелден танымал тағамдардың бірі. Түрлі дәмдеуіш қосылған күріш пен етті беделді қонақтар келгенде, салтанатты жиындарда қоятын болған. Өзбек тілінде бұл тағам "палов ош" деп аталады, оның әр әрпі құрамындағы заттардың бастапқы әрпінен құралған: пияз, аез - сәбіз, лахм - ет, олио - май, вет – тұз, об – су, шалы – күріш. Дәстүрлі рецептіде қой және сиыр еті қолданылғанымен, тауық етінен әзірленген палау да өте дәмді әрі тойымды болып шығады.

Сипаттамасы:

Асханасы: Өзбек асханасы

Санаты: Бас тағам

Дайындық уақыты: 5 минут

Дайындалу уақыты: 30 минут

1 порцияға арналған калория мөлшері: 232 ккал

6 адамға арналған бір порцияның құрамы:

Сарымсақ – 5 дана

Сәбіз – 2 дана

Дәміне қарай өсімдік майы

Пияз – 2 дана

Күріш – 500 г

Дәміне қарай тұз

Дәміне қарай қара бұрыш

Су – 1 л

Дәміне қарай зірә, зере, карри, сумах

Тауық филесі – 500 г

1. Күрішті жуыңыз

Күрішті жуу. Скриншот
Күрішті жуу. Скриншот: YouTube/Канал ВО! Прості Рецепти

Күріш – палаудың басты компоненті, сондықтан оны алдын ала дайындап алған жөн. Ол үшін күрішті алып, суық суда жақсылып жуып алыңыз. Күрішті су таза әрі мөлдір болғанша жақсылап жуу керек. Жуып болған соң, күріштің суын төгіп тастаңыз.

2. Етті турап алыңыз

Тауық етін турау. Скриншот
Тауық етін турау. Скриншот: YouTube/Канал ВО! Прості Рецепти

Тауық филесін жақсылап жуып, қағаз салфеткамен сүртіңіз. Кейін кішігірім бөліктерге бөліңіз. Егер палаудың шырыны көп болсын десеңіз, онда тауық филесінің орнына тауықтың жамбас бөлігінің филесін қолдануға болады.

3. Көкөністерді дайындап алыңыз

Көкөністерді турау. Скриншот
Көкөністерді турау. Скриншот: YouTube/Канал ВО! Прості Рецепти

Пияз бен сәбіздің қабығын аршып, жуып алыңыз. Пиязды сақина тәрізді пішінде турап қойыңыз. Сәбізді тік төрт бұрышты пішінде кесіңіз.

4. Табаға ет пен пиязды салыңыз.

Табаға ет пен пиязды салу. Скриншот
Табаға ет пен пиязды салу. Скриншот: YouTube/Канал ВО! Прості Рецепти

Терең табада өсімдік майын қыздырып алыңыз. Қызған майға тауық филесін салыңыз. Үстінен туралған пиязы қосыңыз.

5. Тұз бен дәмдеуіштерді қосыңыз

Дәмдеуіштерді қосу. Скриншот
Дәмдеуіштерді қосу. Скриншот : YouTube/Канал ВО! Прості Рецепти

Етке тұз бен дәмдеуіштерді дәміне қарай қосыңыз. Тауық етінен жасалған палауға кептірілген петрушка, тмин, сарымсақ, сумах, карри, зірә және хмели-сунели дәмдеуіштерін қосуға болады. Барлығын араластырып, тауық еті сарғайғанша жақсылап қуырып алыңыз.

6. Сәбіз бен күрішті салыңыз

Күрішті салу. Скриншот
Күрішті салу. Скриншот: YouTube/Канал ВО! Прості Рецепти

Ет қуырылып біткен соң, табаға сәбізді салып, тағы да араластырыңыз. Оның үстіне біркелкі етіп күрішті жайғастырыңыз. Сарымсақтың қабығын аршып, оны да палаудың ортасына қойыңыз. Тағы да аздап, дәміне қарай тұз қосыңыз.

7. Су құйыңыз

Су құю. Скриншот
Су құю. Скриншот: YouTube/Канал ВО! Прості Рецепти

Күрішке суды мөлшерлеп қосқанда ғана, ол жабыспай, шашыраңқы болып шығады. Бір пиала күрішке екі пиала су қосыңыз. Ал нақты осы рецептке сай, 1 литр су құю керек. Суды ақырындап құйып, кейін табаның бетін жауып, қойып қойыңыз.

Палауды табада 10 минут қайнатып, астындағы отты баяулатып, тағы 15 минут қайнатыңыз. Табаның бетін ашып, оны араластырмағаныңыз жөн. Отты өшіріп, палауды тағы 10 минутқа қойып қойыңыз. Дәмді әрі тез жасалатын, тауық етінің палауы осылайша дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029431-tauyq-etinen-tabada-zasalatyn-palau-damdi-ari-zenil-recept/

pixel