Шоколадты құлпынайды әзірлеудің ең оңай тәсілін білесіз бе
Жарияланған күні:
Шоколадтағы құлпынайдың дәмі тіл үйіреді және бүгінде ол көпшіліктің сүйікті десертіне айналған. Десерт қиын болып көрінгенімен, оны жасау әдісі өте оңай. Мұндай тәттіні жасау үшін сізге бар болғаны үш қана зат керек.
Шоколадпен және құлпынаймен адамзат баласы бірнеше ғасыр бұрын таныс. Дегенмен оларды бірге қосып, дәмді десерт дайындау тек ХХ ғасырда қолға алынды. Шоколадты құлпынайды Лорейн Лоруссо 1960 жылдары ойлап тапты. Ол чикаголық Stop ‘N’ Shop аспазханасында жұмыс істеген. Ол сұйытылған шоколадты алып, оған құлпынайды батырып, салқындатып қойған. Бұл десерт көптеген аспаздың көңілінен шығып, кейінірек оны Америка мен өзге елдерде сата бастады.
Сипаттамасы:
Асхана: Америкалық
Санаты: Десерт
Дайындалу уақыты: 2 минут
Дайын болатын уақыты: 10 минут
Мөлшерлік калориясы: 412 ккал
3 порцияға арналған құрамы.
Сүтті шоколад – 200 г
Өсімдік майы – 20 г
Құлпынай
Дайындалуы:
1. Құлпынайды тазалап алыңыз
Құлпынайды жақсылап тазалап алыңыз. Оның көлемі маңызды емес, бастысы ол бүтін әрі балғын болуы керек. Себебі тшоколадпен қапталған құлпынай онсыз да тез бұзылуға бейім келеді.
2. Құлпынайды жуып алыңыз
Таңдалып алынған құлпынайды суық сумен, мұқият жуып алыңыз. Кейін друшлагқа салып, сілкімеңіз – жидек тез езіліп кетуі мүмкін.
3. Құлпынайды кептіріп алыңыз
Шоколад құлпынайға жақсы сіңуі үшін ол толығымен кебу керек. Ол үшін жуылған жидекті құрғақ салфеткамен жақсылап сүртіңіз. Сосын қағаз орамалға бір-бірлеп қойып қойыңыз. Сосын 40-60 минутқа қойып қойыңыз.
4. Құлпынайды салқындатыңыз
Толығымен кепкен құлпынайды тақтай немесе табаға салып, тоңазытқышқа 20–30 минутқа қойып қойыңыз. Сонда шоколад құлпынайға тез жағылатын болады.
5. Шоколадты балқытыңыз
Дайын шоколадты бөлшектерге бөліп, шыны ыдысқа салыңыз. Қара шоколадтың орнына қара немесе сүтті шоколадты алсаңыз болады. Шоколады бар ыдысты микротолқынды пешке салыңыз. Оны максималды текмператураға қойып, шоколадты 10-15 сек араластырып алыңыз. Сосын шоколадты алып, араластырып, қайтадан пешке салыңыз. Осылайша шоколад толығымен ерігенін күтіңіз.
6. Өсімдік майын құйыңыз
Балқытылған шоколадқа 20 г сары майды қосыңыз. Оған кез келген иісі жоқ сары майды қолданыңыз. Майдың майлылығы 10%-дан кем болмауы керек екенін ескеріңіз. Майды шоколадпен жақсылап араластырып, кішкене суытыңыз. Құлпынайды шоколадқа былғаған кезде, оның температурасы 28–32 °C болуы керек.
7. Құлпынайды шоколадқа батырыңыз.
Дайын жидектерді мұздатқыштан алып шығыңыз. Жидекті ақырындап алып, шоколадқа батырыңыз. Сосын жоғары қарай көтеріп, құлпынайдың толығымен шоколадпен қапталғанын қадағалаңыз.
8. Құлпынайды суытыңыз
Құлпынайды жақсылап кептіріп, пергамент қағазына салып, толықтай кепкенін күтіңіз.
9. Құлпынайды әрлеңіз
Құлпынайды қалауыңызша шоколад, вафли үгітінділері, кондитерлік құралдармен әрлеңіз. Сонда десертіңіз бұрынғыдан да әдемі бола түседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029433-sokoladty-qulpynaidy-azirleudin-en-onai-tasilin-bilesiz-be/