Тартылған ет қосылған пештегі кәді: ең оңай жазғы тағам
Жарияланған күні:
Жазда көптеген әйел асханада көп уақыт жоғалтқысы келмейді. Осы орайда көмекке маусымдық көкөністер келеді. Сол себепті дәмі тіл үйірер қаймақты-ірімшікті соустағы тартылған ет қосылған кәді әзірлеудің жеңіл рецебімен бөлісеміз.
Кәдінің отаны б.з.д. 5 мың жыл бұрын өсіре бастаған Оңтүстік Америка болып саналады. Ежелгі үндістер бұл көкөністі ерекше жақсы көрген әрі оны мыңжылдықтар бойы тағам ретінде қолданған. Еуропаға кәді XVI ғасырда өзге де азық-түліктермен бірге келген. Тағы бір қызықты дерек, кәдіні ботаникалық бақтарда декоративті өсімдік ретінде де пайдаланған. Болжам бойынша кәдіні тағам ретінде XVIII ғасырда алғаш рет италиялықтар пайдаланды деген дерек бар.
Сипаттамасы:
Асхана: Еуропалық
Санаты: Басты тағам
Дайындалуға кететін уақыт: 5 минут
Дайындалу уақыты: 30 минут
1 порцияға арналған калория мөлшері: 130 ккал
1 порцияға арналған құрамы:
Сарымcақ – 2 дана.
Аскөк – дәміне қарай
20% қаймақ - 2 ас қасық.
Сәбіз – 1 дана
Өсімдік майы – дәміне қарай
Майонез - 1 шай қасық.
Пияз – 75 г
Ұзын сортты күріш – 50 г
Кәді – 3 дана
Тұз, бұрыш – дәміне қарай
Су - 50 мл
Ет фаршы – 400 г
Қатты ірімшік – 130 г
Дайындалуы
1. Пиязды дайындаңыз
Пиязды тазалап, шаршы пішінде тураңыз. Өсімдік майы бар табаны қыздырыңыз. Пиязды әбден қуырылғанша, 3 минуттай қуырыңыз.
2. Сәбіздің қосыңыз
Сәбізді қабығынан аршып, жақсылып жуып, ірі үккіштен өткізіңіз. Пияз жақсылап қуырылған соң, үстінен сәбізді салыңыз. Көкөністерді араластырып, орташа отта шамамен 5 минуттай қуырыңыз.
3. Кәдіні дайындаңыз.
Кәдіні жақсылап жуып, қақ ортасынан бөліңіз. Әр бөліктен қасықпен ортасын алып тастап, кеме жасаңыз. Ал кәдінің ортасынан алған бөлігін ұсақтап тураңыз.
4. Салмасын дайындаңыз
Күрішті жартылай дайын болғанша пісіріп, суытып қойыңыз. Тағамның рецептісі бойынша негізінен 100 г дайын күріш керек, сол себепті піспеген күріштің 50 г-ын алған жөн. Піскен күрішті тартылған ет, қуырылған көкөніспен араластырып, 50 мл су қосып, дәміне қарай тұз, бұрыш қосу керек. Барлық құрамды жақсылап араластырып, кәдінің қалған бөлігін салыңыз.
5. Кәдіге тартылған етті салыңыз
Дайындалған кәдіге салмасын салыңыз. Сосын кәдіні пісіруге арналған формаға салыңыз. Қыздырылған пеште мұндай кәді 180°С-та 20 минутта піседі.
6. Соусты дайындаңыз
Кәді дайын болғанша, соусты дайындаңыз. Қаймақ, майонез, 0,5 шай қасық тұз бен ұсақталып туралған сарымсақ пен аскөкті салыңыз. Ірімшікті үккіштен өткізіп, соусқа қосыңыз. Барлық құрамды біртекті масса пайда болғанша, араластырыңыз.
7. Соусты кәдіге жағыңыз
Кәдіні пешке салған соң 20 минут өткеннен кейін, противеньді пештен алып шығыңыз. Тартылған еті бар кәдіге соусты жағыңыз. Противеньді пешке тағы 20 минутқа салыңыз. Осылайша дәмі тіл үйірер тағамымыз дайын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029904-tartylgan-et-qosylgan-pestegi-kadi-en-onai-zazgy-tagam/