Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауық етінен жасалған пештегі наггетстердің ең оңай рецепті

Жарияланған күні:

Дайын наггетстер. Көрнекі сурет
Дайын наггетстер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Пеште пісірілген наггетстердің майда қуырылған наггетстерден еш айырмашылығы болмайды. Оларды әзірлеу үшін қолды былғамайсыз, дәмді әрі қытырлап піседі. Мұндай наггетстердің рецептімен бүгінгі мақаламызда таныса аласыздар.

Наггетстердің рецептіні 1950 жылы тағам технологияларының профессоры Роберт Бейкер ойлап тапты. Сол кезде сары түсті тауық етінің филесін "Chicken Crispy" (‘қытырлақ тауық еті’) деп атаған. Мұндай қуырылған ет тіліктері 1979 жылдан бастап нагеттстер деп атала бастады және оларды "Chicken McNuggets" деп атады. Содан бері бұл тағамның майда қуырылған емес, пеште жасалатын рецепті пайда болды.

Сипатталуы:

Асхана: Америкалық

Санаты: Тіскебасар

Дайындалуға кететін уақыт: 3 минут

Дайындалу уақыты: 10 минут

Бір порцияға арналған калория мөлшері: 360 ккал

Құрамы:

Жұмыртқа – 2 дана

Паприка – 2 ас қасық

Бидай ұны – 80 г

Өсімдік майы – 1 шай қасық

Тұз, қара бұрыш – дәміне қарай

Куркума – 1 шай қасық

Тауық филесі - 500 г

Ұсақталған кепкен нан – 100 г

Прованс шөптері – 1 шай қасық

Кепкен сарымсақ – 1 шай қасық

Дайындалуы

1. Филені тураңыз

Тауық филесі. Скриншот
Тауық филесі. Скриншот: YouTube/Не горюй!

Тауық етінің филесін қалыңдығы 1 см етіп тураңыз. Бөліктердің қалыңдығы бірдей болуы керек, сол кезде олар пеште біркелкі піседі. Турауды жеңілдету үшін филені дайындауды бастамас бұрын мұздатқыштан 30 минут бұрын жіберіңіз.

2. Наггетстерді маринадтаңыз

Филені маринадтаңыз. Скриншот
Филені маринадтаңыз. Скриншот: YouTube/Не горюй!

Тауық етінің бөліктерін кең, жалпақ табаққа бір қабат етіп жайыңыз. Оларды дәміне қарай тұзбен тұздап, қара бұрыш пен паприка сеуіп, жақсылап араластырыңыз. Прованс шөптерін қосып, дәмдеуіштердің дәмі мен хош иісін ашу үшін 1 ас қасық өсімдік майы құйыңыз. Наггетстерді қолмен жақсылап араластырып, дәмдеуіштердің сіңгенін күтіңіз. Сосын бөлме температурасында 30 минут маринадтауға қалдырыңыз.

3. Панировканы дайындаңыз

Дайын панировка. Скриншот
Дайын панировка. Скриншот: YouTube/Не горюй!

Кәдімгі панироскалық қатқан нанды терең ыдысқа салып, оған 1 шай қасық куркума, кепкен немесе жай паприка, кепкен сарымсақ қосыңыз. Шымшым тұзды панировкаға салып, барлық дәмдеуіштерді бірдей етіп араластырыңыз.

4. Жұмыртқаны араластырыңыз

Екі жұмыртқа. Скриншот
Екі жұмыртқа. Скриншот: YouTube/Не горюй!

Екі орташа жұмыртқаны жарыңыз. Венчик немесе вилканың көмегімен жұмыртқаларды араластырыңыз. Негізінен үй температурасындағы жұмыртқаны пайдаланған жөн.

5. Ұнды електен өткізіңіз

Електен өткен ұн. Скриншот
Електен өткен ұн. Скриншот: YouTube/Не горюй!

Пешті 180 °C-қа қойыңыз. Шамамен жарты стақан бидай ұнын електен өткізіңіз. Ұнды тәрелкеге салыңыз. Бидай ұнының орнына күріш немесе жүгері ұнын да пайдалануға болады.

6. Наггетстерге панировка жасаңыз

Дайын наггетстер. Скриншот
Дайын наггетстер. Скриншот: YouTube/Не горюй!

Пештен решетканы алыңыз. Оның үстіне пергамент қағазын төсеңіз. Маринадталған тауық филесін ұнға араластырып, жұмыртқа массасына батырып алыңыз. Кейін наггетстегі артық жұмыртқа сөлін ағызып, филені панировкаға араластырыңыз. Барлық наггетстерді осылай жасап, оны решетканың үстіне жайғастырыңыз.

7. Наггетстерді пешке апарыңыз

Наггестерді пешке салып, 20 минутқа қойыңыз. Кейін піскен соң оны алып, тәрелкеге салып, суытыңыз. Тіскебасарды кетчуп немесе басқа да соуспен беріп көріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029920-tauyq-etinen-zasalgan-pestegi-naggetsterdin-en-onai-recebi/