Алма мен балмұздақ қосылған геза: Адельден жазғы рецепт
Жарияланған күні:
Десертті 5 минут ішінде қалай дайындауға болады? Ендеше корица (даршын) мен алма қосылған гезаны дайындап көріңіз. Десертті дастарханға ванильді балмұздақпен бірге берсеңіз, қонақтарыңыз көпке дейін бұл дәмді десерттің дәмін ұмытпайтын болады.
Гезаның жапон асханасына тиесілі екенін біле бермейді. Бұл десерт жапондық гурмандарының ғана емес, жергілікті асхана меймандарының да көңілінен шыға білді. Азық-түлік өнімдерін шығарушылар гезаны жартылай фабрикат түрінде шығара бастағандықтан, оны кез келген уақытта тез дайындай қоюға болады. Сол себепті назарларыңызға Адельден алма мен корица қосылған яки-гедзаның рецептін ұсынамыз.
Сипаттамасы:
Асхана: Жапондық
Санаты: Десерт
Дайындалуға кететін уақыт: 5 минут
Дайындалу уақыты: 15 минут
1 порцияға арналған калория мөлшері: 133 ккал
Құрамы:
Апельсин шырыны - 50 мл
Өсімдік майы – 1 ас қасық
Апельсин цедрасы – 50 г
Балмұздақ – 300 г
Геза
Дайындалуы:
1. Гезаны қуырып алыңыз
Табаны отқа қойып, оған өсімдік майын құямын. Табаға гезаны салып, алдымен бір жағын, кейін екінші жағын сарғылт түске енгенше жақсылап қуырамыз.
2. Апельсинді дайындап алыңыз
Апельсинді жақсылап ыстық сумен жуып алыңыз. Жемісті жақсылап жуу үшін, суға сода қосқан жөн. Осылайша апельсин қабығын үккіштен өткізіп аламыз.
3. Гезаны дайын болғанша қуырыңыз
Геза қуырылып жатқан табаға апельсин шырынын қосамыз. Кейін табаның бетін жауып, гезаны шырында тағы 2 минут қуырамыз. Апельсин шырынын алма, шие және ананас шырынымен алмастыруға болады.
4. Дайын десертті дастарханға қойыңыз
Дайын гезаны тәрелкеге салыңыз. Үстіне үккіштен өткен апелтсин қабығын себеміз. Дастарханға десертті ваниль балмұздағамен бірге беруге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029923-alma-men-balmuzdaq-qosylgan-geza-adelden-zazgy-recept/