Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалық шақтың дәмі: томат қосылған майшабақтар жасаудың ең жеңіл жолы

Опубликовано:

Томат қосылған килька. Скриншот
Томат қосылған килька. Скриншот: YouTube/Александр Коваль

Балықты балалық шақтағы майшабақ дәміндей етіп қалай дайындауға болады? Ол үшін бар болғаны майшабақ, көкөністер мен томат пастасы керек. Назарларыңызға мемлекеттік стандарт талаптары бойынша дайындалатын томаттағы майшабақтардың рецептін ұсынамыз.

Майшабақтарды әзірлеу шамамен XVII ғасырдың соңында пайда болған деген дерек бар. Оны тамаққа алғаш рет қуырылған әрі сүрленген түрінде швед халқы пайдалана бастаған. Ал балық консервілері алғаш рет XIXғасырдың екінші жартысында кеңінен қолданыла бастады. Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, консервіге балық салынып, ол томат соусымен араластырылады. Майшабақтар тағамның 60 пайызын құрауы керек.

Сипаттамасы:

Асхана: Орыс

Санаты: Тіскебасар

Дайындалуға кететін уақыт: 5 минут

Дайындалу уақыты: 40 минут

Бір порцияға арналған калория мөлшері: 182 ккал

Порция құрамы:

Томат шырыны - 800 мл

Қант – 2 ас қасық

Бидай ұны – 2 ас қасық

Сәбіз – 300 г

Өсімдік майы – дәміне қарай

Пияз – 300 г

Дәміне қарай тұз, бұрыш

Дәміне қарай лавр жапырағы

Дәміне қарай килька

Дайындалуы:

1. Балықты дайындаңыз

Майшабақты жақсылап тазалаңыз. Оның басы мен аяқ жақтарын алып тастаңыз. Сосын балықты тағы да бір рет, мол суға жуып алыңыз.

2. Көкөністерді дайындаңыз

Пияз бен сәбізді аршыңыз. Пиязды шаршы түрінде тураңыз. Сәбізді ұсақ үккіштен өткізіңіз.

3. Көкөністерді қуырып алыңыз

Сәбізді үккіштен өткізу. Скриншот
Сәбізді үккіштен өткізу. Скриншот: YouTube/Александр Коваль

Табаға аздаған өсімдік майын құйып, оны қыздырып алыңыз. Кейін пиязды сарғылт түске енгенше, қуырып алыңыз. Кейін үккіштен өткен сәбізді пиязбен бірге қуырып алыңыз. Сәбіздің тәтті сұрыптарын таңдаған жөн. Көкөністерді араластырып отырып, жақсылап қуырып алыңыз.

4. Дәмдеуіштерді қосыңыз

Қуырылған сәбіз пен пиязға лавр жапырағы, тұз, қара бұрышты дәміне қарай қосыңыз. Құрамын жақсылап араластырып, 1–2 минут тағы қуырыңыз. Сосын табаны оттан алып, тағамды түбі қалың кәстрөлге құйыңыз. Осылайша сіз балыққа арналған жабын жасап аласыз.

5. Балықты салыңыз

Балықты салып, қоспаны дайындау процесі. Скриншот
Балықты салып, қоспаны дайындау процесі. Скриншот: YouTube/Александр Коваль

Қуырылған көкөністердің үстінен балықты салыңыз. Бірыңғай етіп жайып, үстінен қант қосыңыз.

6. Томат қоспасын дайындаңыз

Кильканы бұқтырып, дайындау. Скриншот
Кильканы бұқтырып, дайындау. Скриншот: YouTube/Александр Коваль

Ұнды алдын ала електен өткізіп, оны томат шырынына қосып, жақсылап араластырыңыз. Пайда болған қоспаны балыққа біртекті етіп құйыңыз.

7. Майшабақты бұқтырыңыз

Дайын қоспаны орташа отқа қойыңыз, сосын оның қайнауын күтіңіз. Сосын оттың астын азайтып, балықты 30 минут бойы бұқтырыңыз. Томат қосылған майшабақты картоп және пиязбен берген дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029934-balalyq-saqtyn-dami-tomat-qosylgan-maisabaqtar-zasaudyn-en-zenil-zoly/

pixel