Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік стандарт бойынша балды пірәндікті қалай дайындауға болады

Опубликовано:

Дайын пряниктер. Скриншот
Дайын пірәндіктер. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Қант глазуріндегі балды пірәндіктер – біздің балалық шағымыздың дәмі. Мұндай пірәндіктерді дайындау үшін, бар болғаны қамырына мән берсеңіз болғаны. Осы ретте, назарларыңызға балды пірәндіктердің ең оңай рецептін ұсынамыз.

Пірәндікке ұқсас алғашқы тәттілер б.з.д. 350 жыл бұрын пайда болған деген дерек бар. Мәселен, ежелгі египеттіктер мен римдықтар қамырдан таба нан пісіріп, оған бал қосқан. Ал байырғы Русьта пірәндіктерді балды нан деп атап, оны қара бидайдан дайындаған. XII—XIII ғасырларда балды нанның құрамын өзгертіп, оған кориандр, имбирь, кардамон және т.б. қосатын болған. Қазіргі рецептіге сай, кем дегенде 10%-дық бал қосылып, пірәндіктерге қант глазурін қосады.

Сипаттамасы:

Асхана: Орыс

Санаты: Десерт

Дайындалуға кететін уақыт: 5 минут

Дайындалу уақыты: 30 минут

Бір порцияға арналған калория мөлшері: 308 ккал

Порцияға арналған құрамы:

Лимон шырыны – 1 шай қасық

Қант – 240 г

Бидай ұны - 380 г

Бал - 100 г

Ас содасы - 3 г

Су - 130 мл

Корица - 3 г

Коньяк – 1 шай қасық

82,5% сары май – 50 г

Дайындалуы:

1.  Құрғақ бөлігін дайындап алыңыз

Ұнды араластыру процесі. Скриншот
Ұнды араластыру процесі. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Ыдысқа қамыр илеу үшін, ұнды електен өткізіп алыңыз. Сода мен корицаны қосыңыз. Құрғақ қоспаны венчикпен жақсылап араластырыңыз.

2. Бал мен қантты балқытыңыз

Бал мен қантты араластыру. Скриншот
Бал мен қантты араластыру. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Түбі қалың ыдысқа бал, 140 г қант мен 80 мл су құйыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, баяу отқа қойыңыз. Сиропты қайнатып керек емес. Қоспа қажетті деңгейге жеткенде, оны оттан алып қойыңыз.

3. Май қосыңыз

Майды қосыңыз. Скриншот
Майды қосыңыз. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Сары май бөлме температурасында болуы керек. Оны кішігірім шаршы бөліктерге бөліп, азғантай ғана жылыған балды-қантты cиропқа қосыңыз. Массаны май толығымен еріп, қоспамен жақсылап араласпағанша, әдемілеп араластырыңыз.

4. Қоспаға коньякты қосыңыз

Сұйық қоспаға 1 ас қасық коньяк қосыңыз. Ол тәттіге хош иіс беріп, қопсытқыш орнына қосылады. Ал пісірілу кезінде алкоголь толығымен ұшып кетеді.

5. Аталған қоспаны сұйық қоспамен араластырыңыз

Қоспаға ұн қосу процесі. Скриншот
Қоспаға ұн қосу процесі. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Сұйық қоспаға шымшым сода қосып, 350 г ұн мен сода, корица қосыңыз. Бидайды бөліп-бөліп қосыңыз. Қамырды жақсылап илеңіз.

6. Қамырды илеңіз

Қамырды илеу. Скриншот
Қамырды илеу. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Қамырды илеп, ол қолға жабыспайынша жақсылап иін қандырыңыз. Кейін оны 5 минутқа қалдырыңыз.

7. Қамырды жұқа етіп жайыңыз

Қамырды жұқа етіп жайыңыз. Скриншот
Қамырды жұқа етіп жайыңыз. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Үстел үстіне аздаған ұн сеуіп, иі қанған қамырды 8–10 мм қалыңдықта жайыңыз. Ұнды шамадан көп сеппеңіз, алайда оның жабысып қалмауын да қадағалаңыз.

8. Пряникке пішін беріңіз

Пряникке пішін беріңіз. Скриншот
Пряникке пішін беріңіз. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Пірәндікті түрлі пішінде жасаңыз. Қалған қамырдан да пірәндік жасасаңыз болады.

9. Пірәндікті пісіріңіз

Пряникті пісіру. Скриншот
Пряникті пісіру. Скриншот : YouTube/Выпечка и кулинария

Пешті 210 °С-қа дейін ысытып, табаға салыңыз. Дайын пірәндіктерді пешке 12–13 минутқа салып, пісіріп алыңыз.

10. Шәрбатқа арналған сироп дайындаңыз

Ыдысқа 100 г қант пен 50 мл су құйыңыз. Ақырындап екеуін араластырып, баяу отқа қойыңыз. Шәрбат қайнағаннан кейін, оның бетіндегі көбігін алып тастаңыз.

11. Шәрбатты дайындап алыңыз

Глазурьді дайындау. Скриншот
Шәрбатты дайындау. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Шәрбатты 5 минуттай қайнатыңыз. Кейін лимон шырынын қосып, 110°С-қа жеткенше оны жақсылап қайнатыңыз. Шәрбат қажетті температураға жеткенде, оны оттан алып, 2-3 минут суытыңыз.

12. Пірәндіктерді шәрбатқа салыңыз

Пряниктерді глазурьге былғау. Скриншот
Пірәндіктерді шәрбатқа былғау. Скриншот: YouTube/Выпечка и кулинария

Ыдыс дайындап алыңыз. Пірәндіктерді салып, осы шәрбатқа былғап алыңыз.

13. Шәрбатты кептіріп алыңыз

Дайын пірәндіктерді решеткаға салып, оны суытыңыз. Дұрысында 2-3 cағатқа суытқаныңыз жөн. Дайын пірәндіктерді дастарханға қойып, жақындарыңызбен әдемілеп шай ішіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029943-memlekettik-standart-boiynsa-baldy-pirandikti-qalai-daiyndauga-bolady/

pixel