Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алланың нұры: жаңбыр жауғанда оқылатын дұғаларды білесіз бе

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған бала
Жаңбырлы күні қолшатыр ұстаған бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақ халқында "Жаңбыр жауса - жер ырысы" деген жақсы сөз бар. Миллиондаған тамшының бір-біріне тимей жер бетіне түсуінде тылсым күш жатыр. Мұсылман қауымының жаңбыр жауған сәтте дұға жасауы да тегін емес. Жазбамызда жаңбыр жауған кезде оқылатын дұғалар туралы айтамыз.

Көктен себелеген жаңбырдың әрбір тамшысы 6 мм-ден аспайды. Ал миллиондаған су тамшысы бір-біріне ешқашан тимейді екен. Жаңбыр тамшылары тартылыс күшіне бағынбайды. Егер бұл заңдылыққа бағынатын болса, ол өте тез жылдамдықпен жерге түсіп, денені тесіп өтіп, адамдарға зияны тигізетін еді. Сонымен қатар түскен жерінің тас-талқанын шығаруы да ғажап емес. Мыңдаған шақырым биіктіктен төмен түсетін жаңбыр тамшылары тіршілік иелері үшін ыңғайлы әрі қалыпты жылдамдығын ешқашан жоғалтпайды. Жаңбырдың кереметі туралы қасиетті Құран Кәрім аяттарында дәлел көп. Мысалы, "Қаф" сүресінің 9-аятында жаңбыр туралы былай делінген:

"Біз аспаннан берекелі су түсіріп, онымен бақтар және орып алынатын дақылдар өсірдік".

Ал "Фурқан" сүресінің 48-49 аяттарынан адамзат баласы үшін Жаратушы Алланың шексіз нығметін көреміз:

"Әрі аспаннан таза су түсірдік. Онымен өлі жерлерді тірілтіп, малдар мен адамдарды сумен қамтамасыз ету үшін".

Жаңбыр жауғанда қандай дұға оқылу керек?

Оқылуы: "Аллаһуммә сайибән нәфиған".

Мағынасы: "Уа, Алла! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр!"

Алқаптағы жаңбыр
Егін алқабына жаңбыр жауған сәт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңбыр жауған кезде қандай сүннет амалдар орындалады?

Айша (р.а) анамыздан жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаңбыр жауған кезде: "Уа, Алла! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр!" - деп дұға жасайтын болған. (Бұқари)

Жаңбыр жауған кезде ақыреттік және дүниелік қажеттілікті сұрау құпталады. Себебі әрбір жауын тамшысымен Алланың рахымы түседі деген ұғым бар. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Екі уақыттағы дұға қабыл болады, олар - азан айтылған сәт пен жауын жауған уақыт" - деген.

Мұсылман баласының жаңбыр жауған кезде орындайтын бірнеше сүннет амалы бар. Бұл туралы "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінің ресми сайтындағы жазбада былай жазылған:

  • Денеге жаңбыр тигізу.

Жаңбыр жауып тұрғанда астында тұрып, денеге тигізу үшін киімнің бір шетін ашу сүннет болып саналады.

Анас (р.а) Алла елшісімен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге отырғанымызда жауын жауды, Алла елшісі лезде киімін шешіп денесіне жаңбыр суын тигізді, сол кезде; "Уа, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұны неге істедіңіз? - деп сұрадық. Сонда: "Бұл жаңа ғана жаратылған Алланың рақымы!" - деп жауап берді.

  • Жаңбыр суымен дәрет алып, жуыну.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Алла таза деп атаған жаңбыр суын әкеліңдер! Дәрет алып, Аллаға шүкір етейік!" - деді.

Қазақ халқы жаңбырдың бір атауын нұр сөзімен байланыстырады. Расында көктен түскен әрбір тамшы тазалықтың, берекенің көрінісі іспетті. Жаңбыр жауғанда жақсы тілек айтып, дұға тілеуді әдетке айналдыруды ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030311-allanyn-nury-zanbyr-zauganda-oqylatyn-dugalardy-bilesiz-be/

pixel