Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағдырыңызды жіберіп алмаңыз: 2023 жылдың тамыз айына арналған астрологиялық махаббат жорамалы

Опубликовано:

Қос ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет
Қос ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ретроградты Шолпан мен тамыз айындағы екі толық ай жеке өмірге әсер ететіні анық. Жаздың соңғы айында махаббатта қай белгінің жолы болады? Осы орайда махаббат жұлдыз жорамалын астролог Нараян Монтуфар ұсынады.

Тоқтыларға арналған махаббат жорамалы

Тоқтыларды тамыз айында не күтіп тұр? Бұл жұлдыз белгілері осы айда барлық уақытын отбасы мен сүйіктісіне арнау керек. Десе де уақытты бірге өткізсеңіз де, шамадан тыс уақыт бірге боламыз деп, жартыңызды жалықтырып алмаңыз. Себебі екінші тарап та сізден ерекше ықыласты талап ететін болады. Махаббатқа барынша салқынқанды қарауға тырысыңыз, бұл сізді көңіл қалудан алып қалады.

Торпақтарға арналған махаббат жорамалы

Торпақтарды тұрақтылық кезеңі күтіп тұр. Мәселен басы бос қыз-жігіттер еркіндікті қаласа, қарым-қатынастағы жандар компромисске қол жеткізетін болады. Арақатынасты жақсарту үшін, терең рухани байланыс орнатуға тырысқан жөн.

Indastro басылымының астрологтары басы бос торпақтарды жақсы таныстық күтіп тұрғанын айтады. Мысалы бұрын кездескен адамдары қайтып келуі мүмкін. Бастысы жүрегіңізді жаралаған адамға көңіліңізді қайта ашпаңыз. Ол қатынастан толығымен сауығып, өткенге қайтып оралмаңыз.

Егіздерге арналған махаббат жорамалы

Тамыз айында егіздер жұмыс пен өзін-өзі дамытуға баса назар аударатын болады, сол себепті олар жеке өмірге уақыт көп бөле алмайды. Екі жақта да үлгеру үшін, сүйіктіңізбен кездесулерді алдын ала жоспарлаңыз.

Тамыз айында егіздер үшін махаббат жорамалы қандай болмақ? Егер сіз әлі бойдақ болсаңыз, онда жеке қызығушылықтарыңызға мән беріңіз, ал жаңа танысуларды қыркүйек айына қалдырыңыз. Ал егер кездейсоқ кездесулер болып қалса, бір-біріңізді жақсы тану үшін телефон арқылы сөйлесуді бастаңыз. Ал тұрақты жұптарда арақатынас жаңа деңгейге көшпек.

Бақытты жұп. Көрнекі сурет
Бақытты жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндарға арналған махаббат жорамалы

Шаяндар үшін 2023 жылдың тамыз айы таныстық, махаббат пен арақатынас айы болмақ. Сондықтан тамызда танысқан адамдармен қорықпай арақатынас құра беруіңізге болады. Ал отбасылы шаяндардың уақыты отбасылық мерекелер мен достармен кездесулерге арналмақ.

Одан бөлек сүйіктіңізбен табиғатқа шығыңыз, сол кезде тепе-теңдік орнатып, энергияңыз артатын болады. Әйелдерге арналған My Imperfect Life журналы шаяндарға 23 тамыз күні ретро Меркурийдің әсерінен айтқан сөздеріңізге абай болуға кеңес береді. Жаңа жұптар арақатынасына басқаша қарай бастайтын болады. Ал үйлену туралы ұсынысты күзде жасағаныңыз абзал.

Арыстандарға арналған махаббат жорамалы

Astrologyk басылымының хабарлауынша, арыстандар үшін тамыз айы махаббатқа толы ай болмақ. Себебі арыстан белгісіндегі адамдар осы айда араласатын ортасын өзгертеді. Сол сияқты "көнерген" арақатынастың бәрі өткенде қалып, жаңа қатынастарға түсу мүмкіндігі пайда болады.

Арыстандар үшін тамыз айына арналған үшін махаббат жорамалы қандай? Ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзіне болашақта кім керек екенін түсінетін болады, сонымен бірге сіз өз теңіңізді міндетті түрде кездестіретін боласыз.

Қазіргі қарым-қатынас бір орында тұрып қалады, десе де компромисс арқылы ортақ шешімге келесіздер. Сол себепті мамандар арыстандарға бұл айда бір-біріңізге деген қызығушылығыңызды сақтап, серіктесіңізбен бірге дамуға кеңес береді.

Бикештерді 2023 жылдың тамыз айында не күтіп тұр?

23 тамызда бикештер үшін Күн әсер етеді. Яғни махаббатта шарықтаулар мен құлдырау кезеңі орын алады. Астролог Нараяна Монтуфар ретро Шолпан (23 шілде – 4 қыркүйек) сіздің жұбыңызбен қарым-қатынасыңыз қаншалықты берік екенін тексереді дейді. Сондықтан ғашығыңызбен ортақ келісімге келіп, дағдарыстан шығу жолын ойлаңыз.

Сізге ол үшін ойыңызды ақтарып сөйлесу, өткен күндер жайлы жылы естеліктер мен ортақ жоспарлар көмектеседі. Бикештер үшін бұл кезең бір-бірімен біте қайнасу әрі өзін-өзі талдап, сараптау кезеңі болмақ.

Мысалы басы бос бикештер жұмысқа деген ортақ қызығушылық арқылы жаңа таныспен танысуы мүмкін. Сондықтан миға қонымсыз әрекеттер мен кездейсоқ байланыстардан бас тартқаныңыз жөн болады.

Таразылар үшін махаббат жорамалы

Марс Таразы белгісі үшін 27 тамыздан бастап ене бастайды. Сондықтан аталған белгі өкілдері үшін тамыз – отбасын құрып, неке куәлігін алу үшін қолайлы кезең емес.

Таразыларды 2023 жылдың тамыз айында махаббатта не күтіп тұр? Таразыларға бұл айда әр айтқан сөзіне абай болған жөн. Сол себепті өз жеке шекараңызды қорғап, ғашығыңыздың қызығушылықтарына құрметпен қараңыз.

Уақытты бір-біріңізбен ғана емес, достарыңызбен де бірге өткізіңіз. Бұл таразылар үшін қоғамдық орында танысу үшін қолайлы кезең. Жұбыңыздың мақсатыңыз бір, ортақ жоспарыңыздың бір екеніне көз жеткізіңіз, себебі мұндай қатынаста сіз ұзақ уақыт болуыңыз мүмкін.

Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет
Теңіз жағасындағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарышаяндар үшін тамыз айындағы махаббат жорамалы қандай?

Сарышаяндар үшін тамыз айы махаббат тұрғысынан қандай болуы мүмкін? Сарышаяндар бұл айда адреналин мен естен кетпес хикаяларды бастан өткереді. Ол үшін қазіргі қарым-қатынас пен жаңа таныстық ойдағыдай болмауы мүмкін. Сондықтан қиын жағдайда қалмауыңыз үшін қарым-қатынасыңызды нығайтып, оны одан ары дамыту жағын ойлаңыз.

Мысалы психологқа бірге барыңыздар, жаныңызға ләззат сыйлайтын, тыныш жерге бірге барыңыздар, парашюттен бірге секіріңіздер т.т. Басы бос сарышаяндар өздеріне ғашық етіп, біреудің жүрегін жаралауы әбден мүмкін. Не болса да, өзіңізге қайтып келуі мүмкін екенін естен шығармаңыз, одан да дос болып қалуға тырысыңыздар.

Мергендерге арналған махаббат жорамалы

Сүйіктісі жоқ мергендер жаңа таныстық немесе қатынасқа көңілі ауатын болады. Басы бос емес мергендер арадағы қатынасты нығайтатын болады. Мамандар мергендерді тамыз айында тосынсыйлар мен айрықша ілтипат күтетінін айтады. Көптеген кездесу, кешкі ойын-сауықтар мен көңіл көтеру болу мүмкін.

Сол себепті сүйіктіңізбен саяхатқа барып, өз қолыңызбен жөндеу жұмыстарын жасап көріңіз. Ол сіздерді бұрынғыдан да жақын етуі ықтимал. Арадағы бар проблемалар туралы сөйлесіп, басыңыз бос болса жаңа қатынастан бас тартпаңыз.

Тауешкілерді тамызда не күтіп тұр?

Арақатынастағы әртүрлілік отбасында кикілжіңдерге алып келуі мүмкін. Мұндай олқылықтың алдын тек ашық әңгімелесу ғана алып қауы ықтимал. Бір-бірімен үйлесімді жұптар ортақ жоспарларға баса назар аударуы тиіс.

Ал бойдақ тауешкілер тәртіпті әрі жауапкершілігі мол, ортақ мүдделері мен көзқарастары бар серіктесті кездестіруі мүмкін. Жаңа жұбыңызбен кездесу үшін үйде көп жатпай немесе жұмыста көп уақыт өткізбей, онымен кездесуге асығыңыз.

Көл жағасындағы ғашықтар. Көрнекі сурет
Көл жағасындағы ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Суқұйғыштар үшін тамыз айына арналған махаббат жорамалы

Суқұйғыштардағы Айдың толысуын (1 тамыз) People журналы балықтың толық айға енуі дейді, басылымның хабарлауынша, бұл ай оларға менмендіктен бас тартып, жұбына көңіл бөлуді үйретпек. Бойдақ мергендер өзінің жұбымен ауқымды шарада танысуы мүмкін.

Суқұйғыштар үшін махаббат-романтика баса назарда болмайды, сіз өзіңізді толығымен жұмысқа, отбасы мен күнделікті тұрмысқа арнайтын боласыз. Сол себепті барыңызды бағалап, жақындарыңызға қамқорлық көрсетуге үйреніңіз.

Кейбір суқұйғыштар бұрын арақатынасын түзетпекші болады. Ал бойдақ суқұйғыштар ұзаққа бармайтын, сезімге толы қарым-қатынас бастауға дайын болады.

Балықтарды тамыз айында не күтіп тұр?

Балықтар үшін толған ай интуицияны күшейтіп, жұбымен ортақ тіл табысуға көмектеседі. Сондықтан ғашығыңызға барынша қамқор болуға тырысыңыз. Көп жыл бірге болған жұптарда ортақ хобби, отбасылық бизнес пайда болуы мүмкін.

Жалпы жаңа кездесулерден бас тартқаныңыз жөн. Оларға сіздің өмірге жауапкершілікпен қарауыңыз, сіздің тиянақтылығыңыз ұнауы мүмкін. Сол себепті жаңа дүниені бірге үйреніңіздер. Тамызда неке қиюдан бас тартқаныңыз абзал.

Ретроградты Шолпан мен Меркурий тамызда арақатынаста қиындықтар тудыруы мүмкін. Оны еңсеру үшін шыдамдылық пен төзімділік қажет. Әр жұлдыз белгісіне арналған жұлдыз жорамалды еске отырып, жұбыңызды сүйіп үйреніңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030767-tagdyrynyzdy-ziberip-almanyz-2023-zyldyn-tamyz-aiyna-arnalgan-astrologiyalyq-maxabbat-zoramaly/

pixel