Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кімнің ақшасы көбейеді: 2023 жылдың тамызына арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Тиындар мен қағаз ақшалар
Ақша сақтайтын жағдан және тиындар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тамыз Айдың екі рет толуымен, Күннің Бикеш белгісіне және Марстың Таразыға ауысуымен қуантады. Бұл өзгерістер жұмысқа және ақшаға қалай әсер етеді? Тамыз айының қаржылық жұлдыз жорамалын астролог Маресса Браун құрастырды.

Тоқты үшін тамыз айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Жаздың соңында ақырындап өткен-кеткенге есеп беріңіз. Күзге сенімді қадам жасау үшін күш пен білім алу маңызды. Knowinsiders басылымы тамыз Тоқтыға қаржылық жағынан табысты ай болатынын жазады.

Тоқтыға арналған тамыз айындағы қаржылық жұлдыз жорамал қандай? Айдың бастапқы екі онкүндігінде кіріс көзіне қарағанда шығындарыңыз асып түседі, бірақ үшінші онкүндікте бәрі ретке келеді. Мансабыңызды жоғарылату мүмкіндігіне зер салып көріңіз, қыркүйекте жаңа серпіліске дайын болыңыз. Кикілжіңнен аулақ болып, айналаңыздағы адамдарды тыңдай біліңіз. Табысқа жету үшін топтармен бірігіңіз, тамыз командалық жұмыс үшін жақсы ай болмақ.

Тамыз айында Торпақ үшін қаржылық жұлдыз жорамал қандай?

Тамыз материалдық және эмоционалдық жағынан тұрақтылық айы болмақ. Мәселелерді өзіңізге тән сабырлы қалыппен шешіңіз, ештеңені қиындатпаңыз. Жоспарлар орындалады, ал түсетін қаражат арқылы тамыз айының соңында қомақты ақшаға зат сатып алу мүмкіндігі бар.

Серпілісті қаласаңыз, өткенге талдау жасаңыз. Онда қыркүйек-қазан айларында мансаптың шыңына жетуге көмектесетін кеңестер жатыр. Білім алыңыз, кәсібіңізге қатысты әдебиеттерді оқып, тәлімгер табыңыз.

Тақта алдындағы мұғалім
Тақта алдында түсіндірме жасап тұрған маман. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздерге тамыз айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Зияткерлік жұмыс пен бизнеске және қызмет көрсету саласына ден қойған Егіздер жақсы жетістікке жетеді. Тамыздағы жобалар табыс пен танымалдылық әкеледі.

Егіздер үшін тамыз айындағы қаржылық жұлдыз жорамал қандай? Ай тұрақты табыс пен жаңа кәсіпті дамытуға қолайлы. Қызметкерлер жұмыс орындарын ауыстырады. Жаңа лауазым мен компания беделді болады. Армандар болашақ жеңістің негізіне айналады.

Шаяндарға арналған тамыз айындағы ақша жұлдыз жорамалы қандай?

Бұл айда Шаяндарды жайлы және гүлденген өмірге жол ашатын кездейсоқ мүмкіндіктер күтіп тұр. Тамыздың екінші жартысында мансаптық өсу мен қомақты сыйақы күтеді. Ақшаны ысырап етпей, үнемдеңіз.

Ұжымда билік үшін күрес жүреді. Ешкімнің тарапында болмағаныңыз абзал, дауласпаңыз, дипломатиялық қарым-қатынаста болыңыз. Даму және ізденіс үшін қоғамдық кітапханаларға, орталықтарға барыңыз. Тегін курстарға жазылыңыз.

Арыстанға арналған тамыз айының қаржылық жұлдыз-жорамалы

Астролог Джессика Адамстың айтуынша, ретроградтық Венера тамыз айында Арыстанның назарын жұмыстан алшақтатады. Оған күрделі қаржылық шешім қабылдауға тура келеді.

Арыстан үшін тамыз айындағы қаржылық болжам қандай? Қаржылық деңгейдің өсуі жаңа танысулар мен серіктестіктерге байланысты болады. Белгінің қарапайым қызметкерлері бағаланады, мамандық бойынша өсу мен дамуға мүмкіндік беріледі. Арыстандардың көшбасшылары өз ісін бастайды. Кішіпейілділік пен жауапкершілік сенім мен құрметке жетуге көмектеседі.

Шахматшы ер адам
Шахмат ойнап отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың тамызында Бикешті қандай қаржылық жағдай не күтеді?

Бикеш бұл айда бақытты адамдардың қатарында болады. Күннің зодиактағы алтыншы белгіге енуі (23 тамыздан бастап) адамның өзін-өзі дамытуына және мансап жолында өсуіне ықпал етеді. Бірсарынды жұмыс, әрбір іске егжей-тегжейлі назар аудару, шыдамдылық пен жауапкершілік табыс әкеледі .

23 тамыздан 15 қыркүйекке дейін билеуші ​​планета Меркурий ретроградтық кезеңге өтеді. Астролог Маресса Браун жұмыстағы жағдайларды ой елегінен өткізіп, әрі қарай қалай қадам басу керегін шешуге кеңес береді. Өзіңізді және басқа адамдарды сынамаңыз, ынтымақтастық орнатуға ұмтылыңыз. Еңбек жолын жаңадан бастағандар үшін тәлімгер болыңыз.

Таразылар үшін 2023 жылғы тамызға арналған қаржы жұлдыз жорамалы

Дипломатиялық белгі әжептәуір батыл әрі өзіне сенімді бола түседі. Метаморфоздың себебі - Марстың Таразыға ауысуы (27 тамыздан бастап) болса керек.

Тамыз айында Таразыларға арналған қаржы жұлдыз жорамалы қандай? Оларда өзгеше күш-қуат пен кәсіби деңгейді дамытуға деген құлшыныс пайда болады. Мақсатқа жету үшін басқа адамдар арқылы әрекет етіңіз. Әріптестермен қарым-қатынас жасап, пайдалы байланыс орнатыңыз. Келіспеушіліктерді реттеңіз. Қыркүйек айында байлық пен беделдің өсуін күтіңіз.

Тамыз айында Сарышаянды қандай қаржылық жағдай күтеді?

Оның бойында өзінің күшіне деген сенімсіздік пайда болады. Одан құтылу алға қадам жасауға көмектеседі. Тәжірибеге және сатқындық жасамайтын адамдарға сеніңіз. Түсініспеушілік салдарынан кикілжің болуы мүмкін. Болмашы нәрселерге мән бермеу арқылы дипломаттық қарым-қатынаста болыңыз. Augustman басылымы қазан айына дейін шетелге сапарға шықпауға кеңес береді.

Сенімді түрде еңбек етсеңіз, табысыңыз еселене түседі. Қомақты қаржыны күтіңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сыйлықтармен еркелету арқылы ақшаңызды ақылмен басқарыңыз.

Сыйлық қорапшасы
Күлгін түсті сыйлық қорапшасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерген үшін тамызға арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Жаздың соңы жағымды танысулармен, әңгімелесумен және сыйлықтармен есте қалады, ал жұмыста тыныштық орнайды. Өнер, музыка, шығармашылық, сұлулық және сән саласында жұмыс істейтін Мергендерді жақсы нәтижелер күтеді.

Мерген үшін тамыз айындағы қаржылық болжам қандай? Ыңғайлы, еркін өмір салтын жүргізу үшін қаражат жеткілікті. Билеуші Юпитер планетасының қолайлы болуы мотивация мен оптимизмнің толқынын көрсетеді. Осы сәтті жіберіп алмаңыз, екінші мамандықты игеруге оңтайлы уақыт.

Тауешкі үшін 2023 жылдың тамыз айындағы қаржылық жұлдыз жорамал қандай?

Қаржы мен мансап туралы алаңдауға негіз жоқ. Жаңа бизнесті жоспарлаңыз, бірақ ол туралы қыркүйекке дейін ешкімге айтпаңыз. Шеңберге кіріп алмаңыз, өзіңізге еркіндік беріңіз. Жоспардан тыс кездесулер, іссапарлар мен танысулар ұйымдастырыңыз.

Мамандығы мен жұмысын өзгерткісі келетін Тауешкілер бұл жоспарын тамыз айында жүзеге асыра алады. Демалысқа шыққандар сергектік қуатын сезіне алады.

Суқұйғыш үшін тамыз айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Суқұйғыштағы толық Ай (1 тамыз) ортақ мақсат үшін бірігетін топтық жобаларға назар аудартады. Жобаларды, ұжымды басқаруға дайын адамдарды үлкен табыс күтіп тұр.

Суқұйғыш үшін тамыз айындағы қаржылық жұлдыз жорамал қандай? Әріптестермен және басшылықпен байланыс орнатыңыз, өзіңізге жауапкершілік алыңыз, барлық міндетті нақты орындаңыз. Жаңа дүниені сынап көру арқылы сеніміңізді өзгертіңіз. Мансаптық өсу және жан-дүниеңіздің қалауымен жұмыс іздеуіңіз мүмкін.

Қағаз бен қалам ұстаған қыз
Қызғылт түсті қалам мен қағаз ұстаған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тамыз айында Балықтар үшін қаржылық жұлдыз жорамал қандай болмақ?

Балықтардағы толық Ай (31 тамыз) ішкі түйсік пен шығармашылық қабілетіңізді шыңдайды. Өнер, дизайн, маркетинг саласындағы қызметкерлер табысқа жетеді. Психологтар, ғалымдар және зертханашылар үшін кәсіби серпіліс болады. Курстарға жазылу арқылы тұлғалық дамумен айналысыңыз. Ештеңені өзгертуге асықпаңыз, күзге дейін күтіңіз.

Егер қызығып біраз зат сатып алмасаңыз, ақша мәселесі тұрақты болады. Өзіңізді су процедураларымен қуантыңыз. Себебі су күш береді, шаршағаныңызды басады.

Тамыз айының қаржылық жұлдыз жорамалында демалыс пен мансаптағы серпіліс күтіледі, әркім өзіне тиесілі дүниені алады. Қаржылық жағдайыңызды жақсартып әрі кәсіби біліктілігіңізді арттыру үшін айтылған кеңестерді пайдалануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030831-kimnin-aqsasy-kobeiedi-2023-zyldyn-tamyzyna-arnalgan-qarzylyq-zuldyz-zoramal/

pixel