Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың тамыз айына арналған Ай жорамалы: Айдың қолайлы және қолайсыз фазалары

Опубликовано:

Толған ай. Көрнекі сурет
Толған ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Планеталық аспектілер мен тамыздың ай циклдары күз бен жыл қорытындысына әсер ететін болады. Осы орайда айдың қай күндері қолайлы және қай күндері адамдарға барынша сақ болу қажет? Ай күнтізбесін астрологтар Тали мен Офира Эдут ұсынуда.

Бұл материалдан сіздер төмендегіні білетін боласыздар:

1. Тамыздың ай фазалары мен олардың алмасуы жайлы.

2. Ай энергиясының өмірдің басты салаларына әсері туралы.

2023 жылдың тамыз айының ай фазалары

Тамыз айы Суқұйғыштар мен Балықтар үшін айдың толуымен басталатын болады. 2023 жылдың тамыз айында ай қай күндері толады? Алғаш рет толық Ай тамыздың 1-і күні, екінші рет – 31-і, бейсенбі күні толатын болады. Бұл екі күн дәптерді алып, өз ойыңызды жазып, жоспар құрып, арман-мақсаттарыңыздың жүзеге асырылуы үшін қолайлы күндер болмақ. Айдың бірінші күнінде өміріңізден барлық қажетсіз заттарды алып тастаңыз.

Ескірген заттар мен «көнерген» ойлардан арылып, жаңа, өзекті ойларды, жоспарларды қолға алыңыз. Өткен күннің қателіктерін түзеп, жаңа бастамаларды бастамаңыз. Айға өзіңіз қорытынды жасап, қорқатын нәрселеріңізден арылыңыз және өз интуицияңызға сеніңіз. Ай толғаннан кейін, ол қайтадан жіңішкере бастайды. Ай 2023 жылдың тамыз айында қай күндері жіңішкере бастайды? Бұл уақыт екі кезеңнен тұрады:

  • 2–7 тамыз.
  • 9–15 тамыз.

Ай жіңішкерген күндері артық дүниені тастаңыз, алтын әшекейлеріңізді тазартып, суға түсіңіз. Осы арқылы сіз бойдағы негативті энергиядан арылып, жаңа айға дайындалатын боласыз. Бұл күн сәрсенбі, 16 тамыз күні, Арыстан белгісінің күнінде болмақ.

POPSUGAR журналының аға редакторы Тереза Массони бұл күндер тамыз айында қолға алынуы тиіс мәселелерді шешу үшін қолайлы кезең екенін алға тартады. Демек жаңа ай туғанға дейін сізге оптимистік көңіл-күй оралып, сіз бәрін дұрыс жасап жатырсыз деген сенімде боласыз. Сондықтан өз-өзіңіздің бағаңызды көтеру үшін, сондай-ақ жаңа хобби мен балаларыңызбен араласу үшін, эмоционалды тұрғыда берік болыңыз. Тамыз айында ай толыса бастағанда, жұмыс жоспарларыңызды қолға алыңыз. Айдың толуы жаңа ай туғаннан кейін басталып, екі кезеңнен тұратын болады:

  • 17–23 тамыз.
  • 25–30 тамыз.
Толған ай. Көрнекі сурет
Толған ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ай толған уақытта табыс тауып, үй салыңыз немесе пәтеріңізге жөндеу жұмыстарын жүргізіңіз. Өзіңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, танысып, ғашық болыңыз. Бұл өсімдік өсіріп, егін ору үшін өте қолайлы кезең болмақ.

Сонымен бірге тамызда ай циклдарының алмасуына байланысты екі негізгі кезең болмақ:

  • Үшінші тоқсан 8 тамыз күні басталады. Бұл күн жаңа киім сатып алу үшін, ірі келісімшарттар жасасуға немесе несие рәсімдеу үшін аса қолайлы кезең емес. Сонымен бірге ағзаңызға салмақ түсіретін жаттығулардан да бас тартқаныңыз жөн болады.
  • Бірінші тоқсан, бейсенбі күні - 24 тамызда басталады. Бұл күн - арақатынасты жақсартуға, басталған істі тастауға, көңіл-күйді түсіруге және диетаға отыруға өте қолайсыз күн болмақ.

Жаздың соңғы айында болатын маңызды астрологиялық оқиғаларға назар аударыңыз:

  • Күннің Бикештерге өтуі (23 тамыз) – тұрақты жұмыс үшін тамаша кезең болмақ. Бұл күн болмашы оқиғаларға назар аударатын, төзімділік пен сабырлық танытатын күн болады деп күтілуде.
  • Марстың Таразыларға өтетін күні (27 тамыз) – ұжымда кадрлық ауыс-түйіс жасауға қолайлы күн болмақ.

Жалпы тамыз айы өте белсенді түрде өтеді және айдың екінші рет толуымен және қорытынды жасаумен аяқталады (31 тамыз). Сол себепті қателіктерден сабақ алып, ай энергиясын оларды түзеу үшін пайдаланыңыз.

2023 жылдың тамыз айында ай фазаларының өмірдің түрлі саласына әсер етуі

2023 жылдың тамыз айында қандай күндер қолайлы болмақ? Мұндай күндерге 19 күн: 2–3, 7–11, 13–14, 16–17, 19, 21–24, 26, 29–30 күндері жатады деп болжануда.

2023 жылдың тамыз айында қандай күндер қолайсыз болмақ?

Тамызда қолайсыз күндер болмайды деп болжануда. Айдың екі күні ғана: 1 және 31 тамыз күндері ғана қолайсыз болуы мүмкін. Бұл күндері өмірдің әр саласында аса сақ болған жөн.

Айдың су бетіндегі жарығы. Көрнекі сурет
Айдың су бетіндегі жарығы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың жұмыс және ақшаға әсері

Тамызда ай және астрологиялық аспектілер адамдардың еркіндікке, әділдік пен ортақ мақсат үшін бірлесуге күш жұмсайтын кезеңі болмақ. Сондықтан осыны жұмысты сапалы түрде орындау үшін қолданып қалған абзал:

Айдың бірінші толуы (1 тамыз) күні бұрынғы серіктеспен жұмыстағы қарым-қатынасыңызды жөндеу күні. Сондықтан ескі жобаны жүзеге асыру үшін, оны қайта қолға алғаныңыз жөн болады.

Кездесулеріңізді алдын ала болжап, өміріңізді бақылауда ұстауға тырысыңыз. Тали және Офира Эдутесімді астрологтар 2023 жылдағы жалғыз толық ай күні Суқұйғыштарға ынтымақтастықты дамытуға қолайлы күн екенін айтады.

  • Айдың жіңішкерген күндері (2–7 тамыз және 9–15 тамыз) өз әрекеттеріңіздің нәтижесін көріп, содан ляззат алатын күндер. Сондықтан нәтижені сараптап, оған түзетулер енгізуге тырысыңыз.
  • Күн толық Айға Бикешке өткен кезде, қорытынды мен қателіктерді сараптағаныңыз дұрыс болады.
  • Ал тамыздағы айдың екінші мәрте толуы (31 күні) шығармашылық жобалар үшін қолайлы кезең болмақ.

Жалпы айды позитивті оймен аяқтағаныңыз жөн болады. Себебі тамызда айдың екі рет толуына орай, көптеген адамды жақсы қаржылық нәтиже күтіп тұр.

Тамыз айында Ай махаббат, арақатынас және жан дүниеге қалай әсер ететін болады?

Жаздың соңғы айы – махаббат пен кешірім айы болмақ. Егер ай энергиясының кеңестеріне құлақ түретін болсаңыз, жаңа таныстықтар берік достыққа айналуы мүмкін:

  • Айдың бірінші рет толысуы (1 тамыз) достарыңызбен және құрбыларыңызбен достасыңыз.
  • Жаңа ай күні (16 тамыз) аутотренингпен айналысыңыз, өзіңізге деген махаббатты күшейтіңіз.
  • Айдың екінші толысатын күні (31 тамыз) көптеген отбасылық жұп пен ғашықтар татуласатын болады. Сондықтан кездесулерге барып, бір-бірлеріңізге қамқорлық танытыңыз.

Марстың Таразыға өтуі (27 тамыз) толысатын Ай кезеңінде жұптардың арақатынасын күрделендіріп, арадағы махаббатты жойы жіберуі мүмкін. Ал егер айырылысқыңыз келсе, жұбыңызды жіберген абзал. Бұған сізге Айдың толысу фазалары көмектесетін болады.

Жаттығу жасап жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет
Жаттығу жасап жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ай фазаларының денсаулық пен сұлулыққа әсері

Өзін-өзі күтпеген жандарды тамызда денсаулыққа қатысты мәселелер күтіп тұр.

Олардан арылу үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

  • Айдың толған күні - 1 тамызда күн тәртібін құрып, сол күннің жоспарымен жүруге тырысыңыз.
  • Айдың жіңішкеретін күндері ағзаны тазартыңыз (2–7 тамыз немесе 9–15 тамыз).
  • Жаңа ай туған күні (16 тамыз) Womens Health журналының астрологиялық айдарларының авторы Ализа Пелто өз сұлулыңызға мән беретін, өзіңізге деген сенім артатын маңызды күн екенін еске салады.
  • Айдың екінші рет толысуы (31 тамыз) — имиджді өзгерту үшін қолайсыз күн болмақ. Сол себепті шаштаразға бармастан бұрын, ай күнтізбесін мұқият оқып шыққаныңыз жөн болады.

Жалпы су және тұз тепе-теңдігін бұзғандардың барлығының денсаулығынан кінәрат табылуы мүмкін. Егер зәр шығару жүйесінде ақау болса, қажетті сараптамаларды тапсырып, аурудың алдын алғаныңыз жөн болады.

Суқұйғыш пен Балықтардағы айдың толуы олар үшін тамыз айын теңдессіз етпек. Айдың өмірге әсер етуін ескере келе, жоспарларды алдың ала құрыңыз және күзді барынша қолайлы жағдайда қарсы алуға тырысыңыз. Сол себепті тамыз айының Ай күнтізбесі оны жеңілдете түседі және өміріңіздің маңызды сәттерін мүлт жібермеуге көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030901-2023-zyldyn-tamyz-aiyna-arnalgan-ai-zoramaly-aidyn-qolaily-zane-qolaisyz-fazalary/

pixel