Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастарханның сәні: жеміс-жидектерді қонақтарға әдемі етіп ұсынудың оңай тәсілдері

Опубликовано:

Жеміс-жидектер топтамасы. Көрнекі сурет
Жеміс-жидектер топтамасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жемістерді әдемілеп кесіп ұсыну дастарханның сәнін келтіретіні сөзсіз. Оны безендіру үшін әр түрлі жеміс-жидекті турау әдістері қолданалады. Food Network, F.N.Sharp, Womans Day интернет-басылымдары жемістерді сәндеудің арнайы дизайн идеяларын ұсынады.

Құлпынайдан раушан гүлін шығару

Құлпынайдан гүлдер жасап шығаруға болады. Безендіру үшін ірі, қаттылау, езілмеген жемістерді таңдаңыз. Құлпынайдың жасыл жапырағын алып тастамаңыз.

Раушан гүлін шығару үшін келесідей жасаймыз:

  • Құлпынайды тегіс тарелкаға саламыз.
  • Жемістің төменгі жағынан жоғары қарай, шахмат жолымен, периметрі бойынша тіліктер жасаймыз.
  • Әр тілікті сыртқа қарай қайыра отырып, жапырақ пішініне келтіреміз.
  • Құлпынайдың басын кесіп тастап, ортасын аздап алып тастаймыз.
  • Құлпынай раушанын ұзын таяқшаға кигізіп қоямыз.

Раушан түрінде жасалған құлпынайлардан букет жасауға болады. Бұл әдіспен дайындалған құлпынаймен, торт немесе десерттерді безендіруге болады.

Апельсин, алма, бананнан жасалынатын композиция

Дастарханның үстінде түрлі-түсті жемістердің болуы ерекше әсемдік сыйлайды. Қарапайым алма тропикалық жемістермен өте керемет үйлесім таба алады.

Жемістерді дастарханға қалай әдемі ұсынуға болады? Ол үшін келесідей жасаңыз:

  • Алманы қақ ортасынан бөліп, ортасын тазалап тастаңыз.
  • Жарты алманы жұқалап, слайс түрінде тураңыз. Туралған слайстарды құс қанаты тәрізді орналастыруға болады деп, Food Network журналы кеңес береді.
  • Тарелкаға алмадан жасалған екі құс қанатын бір-біріне қарама-қарсы орналастырыңыз.
  • Дәл солай қызыл алманы да турап, жасыл алмаға қарағанда крест тәрізді етіп салыңыз.
  • Бананды тазалап, жұқа етіп тураймыз. Туралған бананды алмалы қанаттардың бойымен, найза пішінінде орналастырыңыз.
  • Апельсиннің бір жағын слайс түрінде тураңыз.
  • Тарелкаға туралған апельсинді орналастырыңыз.

Жемістер композициясын кивимен толықтыруға болады. Кивиді тазалап, бір бөлігін гүл тәрізді етіп жасап, екінші бөлігін слайс ретінде кесіп, апельсиннің жанына қоюға болады.

Қарбыз тілімдері

Қарбыз ең шырынды әрі ең ірі жеміс түрі болып табылады. Оны әркім өз қалауынша турап, дастарханға ұсынып жатады. F.N.Sharp интернет-порталы қарбызды турау үшін бас аспаздың пышағын, сантоку немесе нан кесетін пышақты пайдаланған дұрыс деп кеңес береді.

Қарбызды дұрыс турау үшін келесідей жасаңыз:

  • Қарбыздың ортасынан, тең екі бөлікке бөліңіз.
  • Бір жақ бөлігін тақтайға қойып, жарты ай пішінінде, жұқалап турап аламыз.
  • Екінші бөлігінде дәл солай тураймыз.
  • Табаққа туралған бөліктерді үлкеннен кішіге қарай, шеңбер формасында орналастырамыз.
  • Бетін жалбыз жапырақтарымен әрлеуге болады.

Адам саны көп болса, қарбызды бірнеше тарелкаға салып дайындаңыз. Туралған соң, көп ұзатпай дастарханға ұсыныңыз. Сонда қарбыз өз балғындығын сақтап қалады.

Әдемі туралған қарбыз. Көрнекі сурет
Әдемі туралған қарбыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Манго "кірпі"

Бұл экзотикалық жемісті әр түрлі әдіспен турап, дастарханға ұсынуға болады. Food Network журналы оны келесідей турауға кеңес береді:

  • Мангоның төменгі жағын кесіп тастаңыз.
  • Жемісті екіге бөліп, сүйегін аламыз.
  • Мангоны тақтайға қойып, сыртқы қабатына тимей, кесіп шығамыз.
  • Кесілген тілімдерге перпендкуляр етіп, тағы кесіп шығамыз. Манго тор тәрізді болып кесілуі қажет.
  • Жемісті аударғанда, әр тілінген кубик сыртқа шығып, кірпі пішініне келтіреміз.

Бөлініп қалған манго кубиктарын басқа да тағамдарға қолдануға болады. Кірпі пішіндегі манго - дастарханға ерекше көрік беретіні сөзсіз.

Туралған манго. Көрнекі сурет
Туралған манго. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бананнан жасалатын дельфин

Дастарханға бананды қалай дұрыс турап қоюға болады? Мерекелік дастарханға бананды екі әдіспен қояды: сыртын тазалап немесе ішкі бөлігін сыртынан ажыратпай.

Дастарханыңызға екі әдіспен де бананды қойыңыз:

  • Дастарханға бананды жоғары қаратып қойыңыз.
  • 3 см-дей қалдырып, аяқ жағынан көлденең тілік жасаңыз.
  • Тіліктен бастап соңына дейін кесіп, ішінен бананды алып шығыңыз.
  • 0,5 см банан сыртын көлденең кесіңіз. Бананның бас жағын алып тастаңыз. Артқы жағына тимеңіз.
  • Банан қабығын іштен сыртқа қарай айналдырыңыз.
  • Екі жағынанда бір жолақтан қалдырып отырып, кесіңіз.
  • Дельфиннің мұрны болуы үшін, артқы жағының ортасын кесіп тастайсыз. Екі жағынын, кептірілген жемістен көз жасаңыз.
  • Бананның өзін бөліктерге бөліп, дельфиннің арқасы кейпіне келтіреміз. Әдемілік үшін кесілген бананды әр түрлі етіп қоюға болады.

Womans Day журналының пікірінше бананды тазаламай-ақ, кесіп қоюға болады. Ол әсіресе балаларға ұнауы мүмкін. Ірі, қара дақтарсыз, сары түсті банан таңдаған дұрыс. Әдемі кесіліп ұсынылған банан, балалар мерекесіне таптырмас безендіру құралы болып табылады.

Жемістер ассортиі

Дастарханның сәнін әр түрлі жемістен жасалған ассорти келтіретіні анық. Жеміс ассортиіне не кіреді? Ассортиге 5-10 түрлі жеміс-жидек түрін қолданыңыз. Оларды әр түрлі формада немесе қарапайым тілімдермен, үйлестіріп жинауға болады.

Жеміс-жидек ассортиінің ең қарапайым түрі:

  1. Апельсинді төртке бөліп, әр бөлігін тағы үшке бөлеміз. Үлкен тарелкаға дөңгелетіп қойып шығыңыз.
  2. Үлкен жасыл алманы төртке бөліп, ортасын тазалаймыз. Әр бөлікті тағы үшке кесеміз. Алма бөліктерін апельсин арасына қойып шығамыз.
  3. Мандаринді тазалап, бөліктерге бөлеміз. Тарелканын ортасына жақынырақ етіп орналастырыңыз.
  4. Құрманы он екі бөлікке кесіп, диогональ етіп тарелкаға салыңыз.
  5. Кивиді тазалап, кесіп, құрманың жанына қойыңыз.

Қалауыңызша жүзіммен безендіруге болады. Жасыл алманы қызыл алмамен алмастырып, композияцияға тартымдылық сыйлауға болады.

Жеміс-жидекті дұрыс ұсыну арқылы, мерекелік дастархан өте сәнді көрінеді. Ерекше композиция жасау үшін бір немесе бірнеше жеміс пайдаланып, берілген әдістерді қолдануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2031752-dastarxannyn-sani-zemis-zidekterdi-qonaqtarga-ademi-etip-usynudyn-onai-tasilderi/

pixel