Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 15 тамыз күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

жұлдызнама
Жұлдызнама. Көрнекі фото: pixabay.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Сабырлы болыңыз және ұсақ-түйекке ренжімеңіз, барыңызды салып жұмыс істеңіз. Нәтижеге тез қол жеткізесіз. Ақылға құлақ асып, қиын жағдайларда саналы шешім қабылдаңыз. Бұған көп нәрсе байланысты.

Үй шаруашылығында жақын адамдарыңыздан көмек сұраудан тартынбаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Қарым-қатынаста барлық жауапкершілікті серіктесіңізге артпаңыз. Жағымды тосынсый дайындаңыз, араңыз суып кетпеуі үшін қолдан келгенді аямаңыз.

Күн қайырлы болады, сіз көп нәрсеге қол жеткізесіз. Ағымдағы істерге назар аударыңыз. Болашақты ойлаңыз, ұзақ мерзімді жоспарлар жасаңыз. Жобаны аяқтаңыз. Нәтиже күткеннен де жақсы болады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Достық қарым-қатынас жақсы көңіл-күйді жоғалтпауға көмектеседі және үмітіңіз таусылғанда күш береді. Бүгін осыны ұмытпаңыз.

Барлығы оңай шешіледі. Жасайтын іс көп, сондықтан олар бойынша шешім шығаруды кейінге қалдырмаңыз. Кешке қарай келісімге келу қиынырақ болады.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Жұмысыңызға қатысты жақсы жаңалықтар күтіңіз, күш-жігеріңіздің нәтижесін көретін уақыт алыс емес.

Ата-анаңызға хабарласып, жағдайын біліп қойыңыз. Айтарыңыз көп екені анық.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Мамандығыңыз бойынша орташа жалақы туралы сұрастырыңыз: бәлкім, басшылықтан өз жалақыңызды көтеруді сұрауға болатын шығар.

Егер тәттілерден бас тарта алмасаңыз, оны ең болмаса пайдалы десертпен алмастырыңыз. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен сымбатыңызға оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Күн сәтті және көңілді басталады. Оптимистік көзқарас табысқа жетуге көмектеседі.

Өз пікіріңізді қорғауға тырысып, сіз кейде жақын адамдарыңызға қатты сөйлеп қоюыңыз мүмкін. Жанжалдарды болдырмау үшін өзіңізді ұстаңыз және шыдамдылық танытыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Жақындарыңызбен қарым-қатынаста адалдық пен әділдікті таңдаңыз, алдап, өз міндеттеріңізді басқаларға жүктеудің қажеті жоқ.

Өзіңізге әдемі үй киімдерін сатып алыңыз: үйде «ескі-құсқы» киіммен жүру - өзіңізді сыйламау және бағаламау.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Өткір заттарға абай болыңыз: кішігірім жарақат алу қаупі бар.

Үйдегілерді жақсы аспен қуантыңыз немесе мейрамханаға шақырыңыз. Олар сізді де дәл солай қуантуға тырысатыны анық.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Сүйген адамыңыз болса, оны мақтап қоюды ұмытпаңыз: бәрі де өзінің сүйікті әрі бағалы екенін сезінгісі келеді.

Желіде аз уақыт өткізіп, шынайы өмірге көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, бұл сіздің көңіл-күйіңізге оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Бүгін жақындарыңызды ауыр сөзбен ренжітіп алмас үшін, оларға жұмсақтық танытыңыз. Өкпе-ренішті ұмытыңыз.

Қарым-қатынастағы кішігірім жанжалдар мен түсініспеушіліктерге назар аударыңыз: егер сіз олар туралы серіктесіңізбен сөйлеспесеңіз және ымыраға келмесеңіз, арты жаман болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін сіз достарыңыздың бірінен сын естуіңіз мүмкін, бірақ оған қатты мән бермеуге тырысыңыз: олардың ешқайсысы сізді ренжіткісі келмейді, олар сізге шындықты осылай жеткізуге тырысады.

Тапсырмаларды ақырындап орындаңыз, өзіңізді шамадан тыс жүктемеңіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін жақындарыңыздың бірі сізді қатты қуантады. Алғыс айтуға дайын болыңыз.

Сүйікті жаныңызға үйде романтика ұйымдастырыңыз. Майшам астындағы кешкі ас немесе раушан жапырақтары төселген төсек секілді идеяларды пайдалануды ұмытпаңыз. Мұндай сәттер тек қана фильмде болмайтынын бір еске түсіріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032332-bugingi-zuldyz-zoramal-15-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel