2023 жылдың тамыз айындағы ретроградтық Меркурий: ерекшелігі мен сақтық шаралары
Жарияланған күні:
Сәтсіздіктің себебін аспандағы жұлдыздармен байланыстыратын жанның бірі болсаңыз, ретроградтық Меркурий кезеңіне дайын болыңыз. Биылғы тамызда мұндай мерзім қай күндерге сәйкес келеді? Мұның жауабын астролог Кетрин Бэкманн түсіндіріп берді.
Тамыздағы ретроградтық Меркурий мерзімі және оның ерекшеліктері
Меркурий - Күн жүйесіндегі Күнге ең жақын кішкентай планета ғана емес, ол астрология бойынша кез келген жоспарды өзгертуге ықпал етуі мүмкін деп есептеледі. Маңызды планетаның ретроградтық мәні неде және ол қашан болады?
Меркурий ретрограды деп бұл планетаның бір жыл ішінде орбитада қарама-қарсы бағытта қозғалатын визуалдық әсері пайда болған ерекше кезеңді айтады. Астрономия тұрғысынан бұл жай ғана оптикалық иллюзия. Астрологияда ретро Меркурий айрықша күтілетін және сақтануды қажет ететін белгілі құбылыс.
Бұл планета Күнді 88 күнде толық айналып шығады. Оның қозғалыс жылдамдығы өте тез, ал орбита қысқа, сондықтан Меркурий күн жүйесіндегі басқа планеталарға қарағанда ретроградтық кезеңде жиі болады. Сондықтан астрологтар бұл құбылысты үнемі еске салып, жоспар құрған кезде ескеруге кеңес береді.
Ретроград кезеңінің өзі Меркурий Жерге жақын өтетін күндерге сәйкес келеді. Бұл жылына 3-4 рет болады. Әдетте мұндай құбылыс үш аптаға созылады. Меркурийдің тамыздағы ретроградтық мерзімі 23 күнге дейін барады.
2023 жылдың тамызында Меркурий қай кезде ретроградтық кезеңде болады? Жаз бен күздің ауысатын тұсында Меркурийдің ретроградтық кезеңі 23 тамызда басталып, 15 қыркүйекте аяқталады. Бұл 2023 жыл бойынша Меркурийдің үшінші ретроградтық кезеңі болмақ. Астролог Чани Николастың айтуынша, осы уақыт аралығында планета Зодиактың мейлінше жүйелі, қолайлы белгісі - Бикеште болады.
23 тамызда Күннің Бикешке енетінін айта кету керек. Ретро Меркуриймен бірге бұл кезең ақыл мен эмоцияға айтарлықтай әсер етеді. Almanac.com редакторы Кетрин Бекманн Меркурийді ретро рефлексия кезеңі деп атайды. Бұл уақыт қандай да бір мәселенің дұрыс шешімін адамдардың қабілеті арқылы таба білуінің арқасында тұйық шеңберден шығуға мүмкіндік береді.
4 қыркүйекке дейін Меркурийдің ретроградтық кезеңі Венера ретро мерзімімен сәйкес келеді. Бұл күндер ерекше үміт артқан үлкен жобалардың орындалмай қалуына ықпал етуі ғажап емес.
Voice басылымы жаз бен күздің ауысатын кезеңін ретроградтық маңызды планеталар фестивалі деп атап көрсеткен. Бұл әлемдегі барлық маңызды құбылыстың баяулағанын білдіреді. Мақсатқа жету жолында кедергі көп болады. Есесіне адамдар ойлы және саналы бола түседі.
Astro-Seek басылымының мәліметі бойынша Меркурийдің тамыздағы ретроградтық кезеңі Нептунның кері қозғалысымен 6 желтоқсанға дейін, Сатурн 4 қарашаға дейін, Плутон 11 қазанға дейін, Юпитер 4 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін, Хирон 27 желтоқсанға дейін жүреді. Starwalk.Space басылымы 31 тамызда айдың көгілдір әрі үлкен болатынын еске салады.
Меркурийдің ретроградтық кезінде өмірлік жоспарларды қалай құруға болады?
Меркурийдің ретроградтық кезеңі адамдардың эмоционалдық күйіне, мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсер етеді. Мұны жылдам қозғалатын планетаның "тентектігі" деп айтуға да болады. Бірақ алда не күтіп тұрғанын және ретроградтық кезеңнен қалай дұрыс өту керегін алдын-ала білген әлдеқайда жақсы.
Ретроградтық күйдегі планета бойдағы қорқынышты оятуы ықтимал, адамдар жіберіп алған мүмкіндіктер үшін алаңдайды. Сондықтан эмоцияға берілмеуіңіз керек, өйткені тамыз - тоқтап тұрған және бұрын құнттамаған істерді аяқтайтын уақыт.
Адамдардың басым бөлігі істің жаңа қырын, мәселені шешудің оңтайлы тәсілдерін меңгереді. Жыл бойы өз бетінше жұмыс істеген адамдар жақсы жетістікке жетеді. Еңбек адамдары үшін егін жинау, сыйлықтар мен марапаттау кезеңі келе жатыр. Ретроградтық Меркурий кезеңінде ештеңе істемеген, бей-жай отырған жандар жалқаулықтың қайтарымын алады.
Достар мен туыстар өткен-кеткенді айта бастайды, олар бір нәрсені біліп, қайта ақылдасқысы келеді. Бұл барлық адам үшін жақсы үрдіс, өйткені бұл қателікті жөндеуге және мінез-құлықты реттеуге көмектеседі.
Бикешке Меркурийдің ретроградтық кезеңі көбірек әсер етеді, өйткені ол - оның басқарушы планетасы. Меркурий басқаратын Егіздер ерекше сезімтал болады.
2023 жылдың тамызындағы Меркурий кезеңінен қалай дұрыс шығуға болады? Ұсыныстардың қатарында позитивті болу, бастаған істі аяқтау, қырағылықты арттыру, артық ақша жұмсамау, сана мен өзін-өзі дамыту, денсаулық пен рухани дүниені нығайту, шығармашылықпен айналысу секілді істер бар.
Меркурий кезеңі байланысқа, қарым-қатынасқа, саудаға, технологияға және саяхатқа әсер етеді. Сондықтан мына ұсыныстарды орындаған абзал:
- Іскерлік және жеке әңгімелесулерде сөздеріңізге мұқият болыңыз.
- Үлкен мәмілелер жасамаңыз, жаңа жұмысқа орналаспаңыз.
- Үлкен іс-шараларды өткізбеңіз.
- Тұрмыстық техника, гаджеттер мен компьютер сатып алмаңыз.
- Ескі жабдықты сатуға болады және сату керек.
- Қарыз бермеңіз немесе несие алмаңыз.
- Ақпараттың қауіпсіздігін бақылаңыз.
- Билет пен жеке куәліктегі күндер, сандар және сөздердің дұрыс жазылғанын екі рет тексеріңіз.
- Апаттық жағдайды болдырмау үшін көлігіңізді жөндеуден өткізіңіз.
- Хирургиялық оталарды жоспарламаңыз.
Тамыз айындағы Меркурийдің ретроградтық кезеңіне тез берілгіш белгілер қандай?
Егіздер маңызды адамдармен байланыс орнатып, хабарламаларды жіберместен бұрын тексеруі керек. Бикештің бар назарын өзін-өзі бағалауға аударғаны, өзін кінәлауға жол бермегені абзал. Өзіңізге, жақындарыңызға және өмірдегі мақсаттарыңызға көбірек уақыт бөліңіз.
Меркурий ретросы Мергенге әсер етіп, жоспарларын бұзады. Әлбетте ешқашан берілмеңіз және бәрін қайта жоспарлаңыз. Балықтар эмоционалдық қолдауды қажет етеді. Бұл медитация, шығармашылық және махаббат арқылы беріледі. Қалған белгілер қылышын асықпай сермеу керек, сонда қателерді түзетудің қажеті болмайды.
Асықпау, мұқият болу және кездесуге ертерек қамдану сізді ретроградтық Меркурий кезеңіндегі көптеген мәселеден құтқарады. Алтын күзге ақырын аяқ басып, үш апталық турбуленттілікпен оңай өмір сүру үшін астрологтардың кеңестеріне, түйсік пен ақыл-парасаттың үніне құлақ асыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032899-2023-zyldyn-tamyz-aiyndagy-retrogradtyq-merkurii-erekseligi-men-saqtyq-saralary/