Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пеште пісірілген көктал: ең дәмді балықты дайындау әдісі

Опубликовано:

Пеште пісірілген балық
Сазаннан дайындалған көктал тағамы. Көрнекі сурет: YouTube/ Дастархан - вкусные рецепты

Көктал - қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Мұндай асты үйдегі пеште де пісіруге болады. Сазан мен көкөністерден дайындалатын көктал тағамын біз ұсынған рецепт бойынша жасап көріңіз.

Көктал – қазақтың ертеден келе жатқан балық пісіру әдісі. Көктал тағамының астары "тал" сөзімен байланысты. Себебі ертедегі қазақтар балықты талдың бұтақтарына төсеп немесе тізіп ыстайтын болған. Бұл тағамның жасалу ерекшелігі балықты қабыршақтарынан тазартпай, жотасының бойынан кесіп, кітап сияқты ашып пісіруінде жатыр. Балықты пісіру үшін көбінесе көктал тағамын дайындауға арналған металл жәшік пайдаланылады. Оның түбіне алма мен шие ағаштарының бұтақтары немесе жоңқалары салынады. Үйде пеште сазан балығынан көктал дайындауға болады.

Сипаттамасы

Асханасы: қазақ асханасы

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 30 минут

Мөлшерлік калориясы: 195 ккал.

Ингредиенттер

  • Сарымсақ - 2 түйір.
  • Қызанақ - 2 дана.
  • Болгар бұрышы - 2 дана.
  • Майонез - 100 г.
  • Басты пияз - 2 дана.
  • Лимон - 1 дана.
  • Картоп - 2 дана.
  • Тұз - дәміне қарай.
  • Қара ұнтақ бұрыш - дәміне қарай.
  • Сазан балығы - 2 кг.

Дайындалуы

1. Балықты жонынан кесіңіз

Балықты кесу сәті
Жонынан кесілген балық. Көрнекі сурет: YouTube/ Дастархан - вкусные рецепты

Ең алдымен сазанды дайындап алу керек. Балықты жуып, жон бойымен құйрық тұсын тесіңіз. Жотасын жон бойымен кесіп өтіп, пышақты басына қарай жүргізіңіз. Ішкі жағына тиіп кетпеу үшін әрі өнімнің дәмі бұзылмау үшін балық етін тек жотаның ортасына дейін кесіңіз. Басын кесіп, балықты ашыңыз.

2. Сазанды тазалаңыз

Балықты тазалау
Тазаланған сазан балығы. Көрнекі сурет: YouTube/ Дастархан - вкусные рецепты

Балықтың жонын алып тастаңыз. Ішін түгел ашып, желбезектерін алыңыз. Балықты сумен жақсылап шайыңыз. Балық ұшасының қабырға аралық бөлігін таяз қылмай тіліңіз.

3. Балық етін маринадтаңыз

Маринадталған балық
Маринадталған сазан балығы. Көрнекі сурет: YouTube/ Дастархан - вкусные рецепты

Сарымсақты тазалап, сыққыштан өткізіңіз, балықты қабырға аралығындағы бөліктерге қойыңыз. Сазан ұшасына бұрыш, тұз себіңіз, бетіне дәмдеуіштер салып, жарты лимонның шырынын сығып құйыңыз. Балық 30 минут маринадталу керек.

4. Көкөністерді дайындаңыз

Туралған көкөністер
Жұқалап туралған көкөністер. Көрнекі сурет: YouTube/ Дастархан - вкусные рецепты

Көкөністерді жуыңыз. Тәтті бұрыштың дәндерін алып тастаңыз, пияздың қабығын аршыңыз. Пияз, қызанақ, болгар бұрышын жұқа жарты сақина пішінінде тураңыз. Картопты тазалап, тілімдеп кесіңіз.

5. Көкөністерді балықтың үстіне салыңыз

Балық үстіне қойылған көкөністер
Балықтың үстіне салынған картоп пен пияз. Көрнекіс сурет: YouTube/ Дастархан - вкусные рецепты

Пиязға 2 ас қасық майонезді аралстырып, балықтың үстіне жағып шығыңыз. Пияз үстіне туралған картопты салыңыз да, тұз сеуіп, майонез жағыңыз. Картоптың үстіне туралған тәтті бұрыш пен қызанақты салып, тұз себесіз, содан соң майонез жағасыз.

6. Көктал тағамын пісіріңіз

Майонез жағылған балық
Пешке салардың алдында балық үстіне жағылған майонез. Көрнекі сурет: YouTube/ Дастархан - вкусные рецепты

Пешті 180°C дейін қыздырыңыз. Табаны пешке салып, кокталды 60 минут пісіріңіз. Дайын тағамды табаққа салып, көпшілікке ұсынар алдында бетіне майдалап туралған шөптерді себіңіз.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033142-peste-pisirilgen-koktal-en-damdi-balyqty-daiyndau-adisi/

pixel