Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыздағы ретроградты Уран: мерзімі, ерекшеліктері және айға қатысты болжамдар

Опубликовано:

Ғаламтор кеңістігіндегі жұлдыздар. Көрнекі сурет
Ғаламтор кеңістігіндегі жұлдыздар. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылғы планеталардың жылдық цикліне ретроградты Уран да кіреді. Прогресс пен революция планетасының кері қозғалысы адамдарға қалай әсер етеді? Астролог Чани Николас болжам жасап көрді.

2023 жылғы ретро Уран күндері мен оның мәні

Күн жүйесіндегі ең үлкен мұзды планета Уран болып саналады. Астрономдардың айтуынша, ерекше орналасқан Уран вертикалды емес, 98 градус бұрышпен айналады. АВС басылымының деректерінше Уранның магнит алаңы өте ерекше. Жерден бақылаған уақытта планеталардың қозғалыс жылдамдығы әр түрлі. Сол себепті, кей уақытта Уранның да қозғалыс бағыты өзгеріп, ретроград кезеңі орын алады.

Бұл планетаның ерекшелігі ол Күнді сағат тілімен емес, оған қарама-қарсы бағытта қозғалады. Сондықтан Уранның кері қозғалысы оны проградты планеталар қатарына қосады. Күннен алыс, сыртқы планета болып санаталатын Уранның астрологияда маңызы жоғары. Уран:

  • Дамуды, өзгерістерді, аяқ асты пайда болатын жаңа идеяларды сипаттайды.
  • Ерекше ойлау мен іс-әрекеттерге жол ашады.
  • Орнатылған ережелер мен тәртіпті бұзып, шектеулерді жояды.
Құшағын кең жайып тұрған әйел адам. Көрнекі сурет
Құшағын кең жайып тұрған әйел адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Уран технологияны, ашылуларды, аэродинамиканы басқара алады. Сондықтан бұл салалардағы кез келген өзгерістер адам өміріне әсерін тигізбей қоймайтыны анық.

2023 жылы ретро Уран күндері қай күндері болмақ?

Astro-Seek басылымының жазуынша, ретроградты Уран қозғалысы 2022 жылы басталған. Ал 2023 жылы ретро Уран күндері екі кезеңнен тұрады. Екінші кезеңі ұзағырақ болады деп болжанады.

1. 1 қаңтардан 22 қаңтарға дейін (21 күн).

2. 29 тамыздан 31 желтоқсан аралығы (124 күн).

Екі кезеңде де өткен жылмен, келер жылға өтетін уақытта болады. Торпақ жұлдызында – ұстамды, баяу түрде өтеді. Планета 2018 жылы кіргендіктен, Торпақ өз жұмысын сол кезеңде-ақ бастап кеткен. Voice басылымының пікірінше тамызда болатын ретро күндерінде келесілерді ескерген дұрыс:

  • Ол ретро Шолпанның соңғы аптасымен сәйкес келеді.
  • Бір уақытта онымен ретро Юпитер кезеңі басталады.
  • Ретро Уран кезеңімен Меркурийдің үшінші ретро кезеңі тұспа-тұс келеді.
  • Almanac.com күтізбесі бойынша ретро Уран кезеңінде метеоритті шоу орын алады.

Мұның барлығы Уранның энергиясына әсер етпей қоймайтыны анық, бірақ бұл қауіпті болып саналмайды. Астролог Чани Николастың пікірінше Күннен ең алыс орналасқан планеталар, жылдың жартысынан көбін ретроградты қозғалыста өткізеді. Сондықтан, жалпы көріністе ретро Уран күндері аса қауіпті емес, бірақ назар аударуға тұрарлық кезең.

Күн жүйесіндегі жетінші планета Торпақ белгісінде ретро күйге енсе, ол тамақтану, табиғат ресурстары, адамдардың физикалық жағдайына әсер етеді. Бұл бағыттар ойламаған жерден өзгеріске ұшырайды. Ретро Уран кезеңінде өміріңіздегі өзгерістер сіздің жоспарыңыздағыдай болмай жатса, оған қарсы тұрудың қажеті жоқ, демек ол солай болуы керек деп саналады.

Жол үстіндегі жас жұп. Көрнекі сурет
Жол үстіндегі жас жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ретроградты Уранның әсері, тосынсыйлары

Торпақ адамдардың қателігін түзеп, бағалауды үйретеді. Торпақтағы ретро Уран кезеңі – өміріңізде түбегейлі өзгеріс енгізуге өте қолайлы кезең.

Ретро Уран адамдарға қалай әсер етеді?

Уран кері бағытта қозғалысын бастағанда, әлемде өмірге деген көзқарасыңызды өзгертетін, үлкен геосаяси өзгерістер орын ала бастайды. Кейбір абыройлы адамдардың іс-әрекеттері оның басты себептерінің бірі болуы мүмкін. Адамның жеке өмірі деңгейінде келесі өзгерістерді байқауға болады:

  • Жүйке жүйесінің тозуы, шаршау мен жалғызсырау сезімі.
  • Демалу мен ұйқыдағы қиналу.
  • Өзіңізді өзгертуге деген қажеттіліктің пайда болуы.
  • Жаңа, күтілмеген міндеттердің пайды болуы.

Ретро Уран кезеңінде басқаларға жағу үшін, өзіңізді ұмытудың қажеті жоқ. Өзгенің шекараларын бұзып, уақыт алмаңыз. Болып жатқан өзгерістерге қарсы шықпаңыз, оларды тоқтату мүмкін емес. Барлығын сол қалпында қабылдап, өзгерістер жақсылыққа апарар жол деп сеніңіз. 29 тамыздан бастап жыл соңына дейін, қабылдай білу және иілгіштік, өзіңізді ұстаудың ең дұрыс шешімі болып саналады.

Ретро Уран Торпақтардың барлығына әсер етеді, басқа да жұлдызды белгілер өзгерістерді сезінеді:

  • Тоқты ақшаға деген көзқарасын өзгертеді.
  • Торпақтар позитивте болуды үйренеді.
  • Егіздердің жаны демалысты қалайды.
  • Шаяндарға достарының қолдауы қажет.
  • Арыстандарды жұмыста өзгерістер күтіп тұр.
  • Бикештер алдағы 10 жылға жоспар құрып, білім алады.
  • Сарышаяндар іздеген жанын жолықтырып, ғашық болады.
  • Мергендердің денсаулығында өзгерістер пайда болады.
  • Тауешкілердің өзіне беймәлім дарыны ашылып, позитивте болады.
  • Суқұйғыштар туыстарымен байланысын нығайтады.
  • Балықтар өз жоспары бойынша жұмыс жасап, демалатын болады.

Барлық жұлдызды белгі батылырақ, еркін бола бастайды. Жеке өмірде өз қорқынышын жеңіп, барлық кедергіні жеңіп шығады. Эмоционалды тұрғыда ашықтық пайда болады.

Ретро Уран кезеңін қалай өткізу керек? Ол үшін:

  • Табиғатпен байланыс орнатып, халық емін пайдалануға тырысыңыз. Өсімдіктердің пайдалы тұстарын зерттеңіз.
  • Табиғатқа деген қөзқарасыңызды өзгертіңіз, суды үнемдеп, қоқыс қалдықтарын дұрыс бөліп, пластик пайдаланбауға әрекет жасаңыз.
  • Күнделікті өмірде пайдалы ритуалдарды әдетке айналдырыңыз. Мысалы, ұйқы алдындағы жалбызбен шай ішу немесе аяғыңызға жылы майлы массаж жасау, т.с.с.
  • Маңайдағылар мен қоғамға жағу үшін, идеалды болып көріну принциптерін ұмыту.
Әткеншектегі ересектер. Көрнекі сурет
Әткеншектегі ересектер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жыл соңында ретро Уран барлығына оң әсерін тигізгендей әсер қалдырады. Marie Claire басылымының мәліметінше кезең аса үлкен өзгерістер әкелмейді, дегенмен назар аударған дұрыс. Адамдар сырттай да, іштей де өзгерістерге ұшырап, бұл өзгерістер қайтарымсыз болмақ.

Уранды жиі бұзу планетасы деп атайды, сонымен бірге бұл еркіндік, даму, өзіне деген сенімділік планетасы болып саналады. Ретро кезеңінде әр қадамыңызды ойланып жасаңыз. Астрологиялық кеңестер әр бағыттағы өзгерістерге байланысты дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033378-tamyzdagy-retrogradty-uran-merzimi-erekselikteri-zane-aiga-qatysty-bolzamdar/

pixel