Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ірімшік пен мейізден дайындалатын тоқаштар: тәтті бәліш рецепті

Жарияланған күні:

Дайын тоқаштар. Скриншот
Дайын тоқаштар. Скриншот: YouTube/Это просто

Ірімшік пен мейіз қосылған, қызартып пісірілген тоқаштар кез келген шай дастарханының сәнін келтіретіні анық. Бұл рецепт бойынша дайындау өте оңай, әрі құрамы да қарапайым. Тексерілген рецепт бойынша дайындасаңыз, өкінбейсіз.

Ежелгі Мысыр елі ерекше дәмді тоқаштың дайындалу жолын білген. Кондитерлер сыра ашытқысын, сүт пен бал қосып, жұмсақ тоқаштар пісірген. Гректер мен римдықтар соған ұқсас рецептімен дайындап, ол рецепт әлі күнге дейін Еуропа елдерінде сақталған екен. Орта ғасырларда ашытылған тоқашты тек байлардың дастарханына ұсынған. XVII ғасырда ғана қанттың бағасы арзандап, бидай ұны ұсақталып шығарылған соң, тоқаш дайындау барлығына қолжетімді бола бастады. Сол кезден бері тоқаш рецептілері өте көп. Сіздермен ірімшікті мейіз қосылған рецептімен бөлісіп отырмыз.

Сипаттамасы:

Асхана: Еуропалық

Санаты: Десерт

Дайындау уақыты: 6 минут

Дайындалу уақыты: 12 минут

Бір порцияның калориясы: 480 ккал

Құрамы:

Жұмыртқа – 3 дана

Ірімшік – 370 гр

Қант – 5 ас қасық

Бидай ұны – 470 гр

Сүт – 330 мл

Бал – 3 ас қасық

Өсімдік майы – 50 мл

Мейіз – 100 гр

Тұз – 2 гр

Жүгері крахмалы – 1 ас қасық

Құрғақ ашытқы – 10 гр

Қант ұнтағы – 2 ас қасық

Ванильді қант – 10 гр

Май 82.5% - 25 гр

Дайындалу жолы

1. Ашытқыны сүтпен араластырыңыз

Құрғақ ыдысқа 300 мл сүт құйып, 40 градусқа дейін жылытып алыңыз. Оған 2 ас қасық қант пен 10 гр құрғақ ашытқы қосып, жақсылап араластырыңыз. Ыдыстың бетін жауып, 15 минутқа қалдырыңыз. Ашытқы белсенді болып, сүттің бетінде көбік пайда болуы керек.

Ашытқыны сүтпен араластыру. Скриншот
Ашытқыны сүтпен араластыру. Скриншот: YouTube/Это просто

2. Май, тұз, бал қосыңыз

Сүтпен ашытқыға аздап тұз салып, 50 мл өсімдік майымен, иіссіз 3 ас қасық сұйық бал қосыңыз. Бал болмаса, қантпен алмастыруға болады. Сұйықтықты жақсылап араластырыңыз.

Ашытқыға бал қосу. Скриншот
Ашытқыға бал қосу. Скриншот: YouTube/Это просто

3. Қамырын илеу

Еленген ұнның үштен бір бөлігін ашытқыға салып, қолмен немесе қасықпен жақсылап араластырыңыз. Қалған ұнды қосып, жұмсақ, қолыңызға жабыспайтын етіп қамыр илеңіз.

Тоқаштың қамырын дайындау. Скриншот
Тоқаштың қамырын дайындау. Скриншот: YouTube/Это просто

4. Қамырды тындырып қойыңыз

Қамырды шар тәрізді формаға келтіріңіз. Ыдысқа салып, бетін жауып қойыңыз. Қамырды 45 минутқа немесе 1 сағатқа қалдырыңыз. Үйіңіз салқын болса, 35-40 градусқа дейін қыздырылған пешке қойып қойыңыз.

5. Тоқаштың салмасын дайындау

Жұмсақ, қатты майлы емес ірімшікті 3 ас қасық қантпен араластырыңыз. Үстінен 1 жұмыртқа, 10 гр ванильді қант, 1 ас қасық жүгері крахмалын қосамыз. Массаны біркелкі болғанынша араластырамыз. Миксер немесе блендер қолданбаған дұрыс. Салмаңыз тым сұйық болып кетуі мүмкін.

Тоқаштың салмасын дайындау. Скриншот
Тоқаштың салмасын дайындау. Скриншот: YouTube/Это просто

6. Қамырды жаямыз

Көтерілген қамырды сұйық маймен басып қоямыз. Стол бетіне ұн сеуіп, қамырды 3-5 мм қалыңдықта жайыңыз. Оқтауыңызға жабыспас үшін, ұнды молырақ қолданыңыз.

Тоқаштың қамырын жаю. Скриншот
Тоқаштың қамырын жаю. Скриншот: YouTube/Это просто

7. Салмасын салу

Жайылған қамырға арнайы жаққышпен май жағып шығамыз. Бетіне ірімшікті салманы бірыңғай салып шығамыз. Шетінен 1,5 см бос орын қалдырыңыз. Жуылған, құрғақ мейізді ірімшіктің бетінен сеуіп шығыңыз.

Тоқаштың салмасын салу. Скриншот
Тоқаштың салмасын салу. Скриншот: YouTube/Это просто

8. Қамырды орама формасына келтіру

Жайылған салмалы қамырды, асықпай орап, орама формасына келтіріңіз. Екі жақ шетін жауып қоямыз. Алақаныңызбен ораманы бірыңғай қалыңдыққа келтіріңіз.

Тоқаштың формасын келтіру. Скриншот
Тоқаштың формасын келтіру. Скриншот: YouTube/Это просто

9. Ораманы турау

Өте өткір пышақпен ораманы 3,5 см қалыңдықта, біркелкі етіп тураймыз. Таза туралуы үшін, әр кескен соң пышақ жүзін тазалап отырыңыз. Әр кесілген бөліктің екі жағына ұн сеуіп отырыңыз.

Ораманы турау. Скриншот
Ораманы турау. Скриншот: YouTube/Это просто

10. Тоқашты пісіруге дайындау

Противеньге пергамент қағазын төсеп, тоқашты тізіп шығыңыз. Диаметрі шамамен 7-8 см етіп, формаға келтіріңіз. Тоқаш арасына 2,5-3 см қалдырған дұрыс. Дайын тоқаштардың бетін жауып, 30 минуттай көтерілгенін күтіңіз.

Тоқашты пісіруге дайындау. Скриншот
Тоқашты пісіруге дайындау. Скриншот: YouTube/Это просто

11. Тоқаш бетіне льезон жағыңыз

Екі жұмыртқаны жарып, ақуызбен сарысын бөліп алыңыз. Сарысына 2 ас қасық сүт қосып, жақсылап араластырыңыз. Көтерілген тоқаштың бетіне дайын льезонды жағыңыз.

Тоқаштың бетіне льезон жағу. Скриншот
Тоқаштың бетіне льезон жағу. Скриншот: YouTube/Это просто

12. Тоқашты пісіріңіз

Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, тоқашты салыңыз. Оны 25 минуттай пеште ұстаңыз. Уақыт өткен соң, тоқаштың толығымен суығанын күткен дұрыс. Суыған тоқаштың бетіне қант ұнтағын сеуіп, дастарханға ұсыныңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033381-irimsik-pen-meiizden-daiyndalatyn-toqastar-tatti-balis-receptisi/