Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұсылманша түс жору: түсіңде бейтаныс әйел адамды көрсең не болады

Опубликовано:

Майшам
Жол үстіндегі майшам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адам баласы түсінде әр түрлі құбылыс пен бейнелерді көреді. Кейде өмірде бұрын-соңды кездеспеген адамдар да түске еніп жатады. Бұл жазбамызда мұсылманша түс жору түсіндірмелерін негізге ала отырып, түске енген бейтаныс әйел бейнесінің нені білдіретінін талқылаймыз.

Түс дегеніміз не?

Түс дегеніміз - адамның ұйқыда жатқан кезінде көретін дүниелері. Бұл туралы muftyat.kz сайтында жарияланға "Түс жору" жазбасында мына хадисті мысалға келтірген:

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

"Егер ақыр заман жақындаса, мұсылманның көрген түсінің бәрі шын бола жаздайды. Сөзі шыншылдың түсі де шыншыл. Мұсылманның түсі – пайғамбарлықтың қырық бестен (алтыдан) бірі, түс үш түрлі: ізгі түс Алладан сүйінші және қайғыртушы түс, шайтаннан және ойында жүрген нәрсені түсте көру. Егер біреулерің түсінде ұнамайтын нәрсе көрсе, тұрып намаз оқысын да, адамдарға айтпасын".

Түс жору бойынша имам саналатын Ибн Сирин бұл хадиске төмендегідей анықтама береді:

"Болмашы түстердің шайтанға тіркелуі: өйткені сол шақырушы, негізінде Алла адамның барлық жақсы-жаман түстерін жаратады".

Ислам дінінде түстің бәрі ақиқат болып саналмайды. Сондықтан да Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсті үшке бөлген. Бұл жөнінде islam.kz сайтында жарияланған "Ислам дінінде түс жору жайында не айтылған?" жазбасында мынадай мәлімет берілген:

  1. Салиқалы түс. Мұны "Рахмани түс" деп те атайды. Қазақ халқы мұндай түсті аян деп атайды.
  2. Шайтани түс. Бұл шайтанның үркітуін білдіреді.
  3. Қиялы түс. Өз-өзіне айтқан нәрселердің түсінде көрінуі.

Түске кірген бейтаныс әйел нені білдіреді?

Белгілі түс жорушылар адамның түсінде бейтаныс әйелді көруінің түрлі себебі бар екенін айтады. Осыған орай белгілі түс жорушылардың болжамдарын ұсынамыз.

Адамның түсіне кірген бейтаныс әйел нені білдіреді? Әли-хаджи ибн Омардың түс жору түсіндірмесінде қарт ана тіршілікті, ал бейтаныс әйел дұшпанның кейпін көрсетеді делінеді.

sonnik.kz сайтындағы ислами түс жору түсіндірмесінде түсінде әйел адамды көру елітуді, азғыруды білдіреді делінген. Егер әйел жақындап келсе, не болмаса кері бұрылса, бұл жаман іс пен зұлымдыққа итермелеу болып есептеледі. Ұсқынсыз қара әйел тырысқақ, оба секілді індеттің белгісі, ал иманжүзді, сүйкімді әйел жағымды жаңалық пен қуаныштың жаршысы деп жазылған.

Түсінде сәнді әрі жарасымды көйлек киген бейтаныс әйелді көру қуанышты күндер мен тұрақтылықты білдіретіні жайлы айтылады. Ер адамның жағдайы жақсарып, отбасылық өмірінде бақыт табады.

Ер адам түсінде өзіне кеңес беріп жатқан әрі сабырлы қалыппен күлімсіреген қарт ананы көрсе, өмірінде сәттілік болады. Ал керісінше жұпыны киінген, кескін-кейпі сұсты кәрі әйелді көру қиын күндерді бастан кешіп жатқанын білдіреді.

Әуе шары
Түнде ұшырылған әуе шары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ибн Сириннің түс жору кітабы бойынша бейтаныс әйелдің түске кіруі нені білдіреді?

Ибн Сирин түсінде толық денелі бейтаныс әйелді көрудің бірнеше белгісі бар екенін жеткізген. Мұндай түс көрген адамды көптеген жақсы жаңалық күтеді. Ал түске кірген белгісіз әйел қандай да бір зиян келтіруге тырысса, бұл аса жағымды іс болып саналмайды.

Тұрмысқа шықпаған қыздың түсінде бейтаныс әйелді көруі нені білдіреді?

Тұрмыс құрмаған қыздың түсіне бейтаныс әйелдің енуі оның өмірінде болатын кейбір жағдайлар жайлы хабар береді. Мәселен Ибн Сириннің тағы бір түсіндірмесінде тұрмысқа шықпаған қыздың түсінде өте сұлу әйелді көруі оның өмірінде жақын арада көп ақша мен жақсылық болатыны жайлы айтылады.

Егер қыз түсінде көрікті бейтаныс әйелді көрсе, бұл сабағында немесе жұмысында жақсы нәтижелер болатынын аңдатады. Ал жамылғы жамылып отырған бейтаныс әйелді көру қыз баланың өмірінде жағымды жаңалықтар болатынын білдіреді.

Тұрмыстағы әйелдің түсіне белгісіз әйелдің кіруі нені білдіреді?

Егер тұрмыстағы әйел түсінде бейтаныс әйелдің оған жақсы жаңалық немесе жағымды әңгіме айтып жатқанын көрсе, онда жақын арада жүкті болуы мүмкін екенін білдіреді. Сонымен қатар қомақты қаражатқа ие болуы да ықтимал.

Отбасылы әйел түсінде жүзі жылы бейтаныс қарт ананы көрсе, бұл оның тұрмысының гүлденіп, күйеуі екеуінің арасындағы қарым-қатынастың жақсара түсетінінің белгісі. Ал түске енген бейтаныс қарт ананың жүзі мұңды болып көрінсе, күнделікті өмірінде аздаған сәтсіздіктер болуы мүмкін екенін білдіреді.

Жүкті әйелдің түсінде бейтаныс әйелді көруі нені білдіреді?

Жүкті әйел түсінде сұлу әрі бейтаныс әйелді көрсе, өмірінде мол ризық-несібе күтеді, жан-дүниесі тыныштық табады. Аяғы ауыр әйел бойындағы қорқыныштан арылып, жағдайы жеңілдей түседі делінеді.

Шам ұстаған әйел
Гирлянд шамын ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ислам дінінде түс жору бар болғанымен, ақиқаты Алла Тағалаға ғана аян екені айтылады. Қазақ халқының ұстанымында да кез-келген түсті жақсылыққа жору үрдісі қалыптасқан. Сондықтан қандай түс көрсеңіз де, жақсылық болады деген үмітпен жорыған абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033837-musylmansa-tus-zoru-tusinde-beitanys-aiel-adamdy-korsen-ne-bolady/

pixel