jitsu gif branding logo appbranding logo app
Эзотерика

    Магнитті дауыл: ғалымдар қыркүйек айындағы ең қауіпті күндер туралы ескерту жасады

    Күн Планетасы. Көрнекі сурет
    Күн Планетасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ғалымдар қыркүйек айында болатын магнитті дауылдарға қатысты болжаммен бөлісті. Бұл туралы АҚШ-тағы Ұлттық мұхит және атмосфера зерттеулері орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Орталық мәліметінше, қыркүйек айындағы геомагниттік белсенділік жоғары деңгейге жетуі мүмкін.

    Атап айтар болсақ, магнитті дауыл 14 қыркүйекте болады деп күтілуде. Сондай-ақ 6-8, 15-17 және 23 қыркүйекге магнитті дауыл әсері қатты байқалмақ.

    Ал Meteoagent сайтының хабарлауынша, 1 қыркүйек күні жерді магинтті дауыл жабуы мүмкін.

    Магниттік дауыл байланыс саласының жұмысына кедергі келтіреді. Сонымен қатар ауа райына тәуелді жандар мен қарттардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

    Әсіресе, адамдарда бас ауыруы, бас айналуы мен жүрек айнуы және шаршаңқылық мен ұйқысыздық жиі кездеседі.

    Магнитті дауыл: ғалымдар қыркүйек айындағы ең қауіпті күндер туралы ескерту жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.