Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қыркүйегіне арналған жұлдыз-жорамал: белгі өкілдерін күздің алғашқы айында не күтеді

Опубликовано:

Жұлдыздар
Жұлдызды аспан көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыркүйек маңызды планеталық аспектілердің көптігімен ерекшеленеді. Ретроградтық планеталар, Бикештегі жаңа туған Ай және Тоқтыдағы толық Ай Зодиак белгілерінің әрқайсысына әсер етеді. Қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалды астролог Нина Кан жасады.

Тоқтыға арналған қыркүйек айының жұлдыз-жорамалы

29 қыркүйектегі Айдың толуы және 4 қыркүйектегі ретроградтық Юпитер Тоқтының өміріне әсер етеді. Ол шектен шығып, ережелерді бұзғысы келеді.

Тоқты үшін қыркүйек айындағы жұлдыз жорамал қандай? Бүлікші рух және кез келген мүмкіндікті пайдалануға деген ұмтылыс бизнестегі позицияны жақсартуға, мансап сатысымен жоғары көтерілуге ​​және жаңа жобаны бастауға мүмкіндік береді. Тірек-қимыл аппаратына назар аударыңыз. Бұл белгінің бойдақ өкілдері махаббатын кездестіреді, ал жұбы бар болса, романтикадан бас тартпаған абзал.

Торпақтарға қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

Бұл айда іссапар көп болады. Кездесулер мен келіссөздер айдың бірінші онкүндігінде өтеді. Екінші және үшінші онкүндіктер отбасы мен балаларға арналады. Басы бос Торпақтарды жаңа танысулар күтеді.

Love To Know басылымы Торпаққа қаржылық тұрақтылықты уәде етеді. Айдың 20-сынан кейін сыйақы немесе сыйлықтар, мұрагерлік бұйым күтіңіз. Ауа райына байланысты жағдайыңызды жеңілдету үшін қыркүйектегі магниттік дауылдардың күнтізбесін пайдаланыңыз.

Басы ауырған қыз
Басы айналып тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыркүйек айына Егіздерге арналған жұлдыз-жорамал

16 қыркүйекте Меркурий тура қозғалысқа оралады. Бұл Егіздердің өміріне жақсы әсер етеді, әсіресе айдың екінші жартысы сәтті болады.

Егіздер үшін 2023 жылдың қыркүйек айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Astrologyk басылымының жазуынша, Егіздер кемшіліктерден арылып, арманға қарай қадам басады. Эндокриндік жүйенің жұмысын қадағалаңыз және қарым-қатынастағы маңызды қадамды шешіңіз. Мысалы: бірге тұру, неке және балалардың дүниеге келуі.

Шаяндар үшін 2023 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

Astrotalk басылымы қыркүйек айын Шаяндар үшін эмоционалдық тұрғыда сауығу және өсу айы деп атады. Отбасылық және достардың ортасында көптеген кездесу, іс-шара болады. Балалармен қарым-қатынас орнату және бала тууды жоспарлау бойынша көп уақыт өтеді.

Жеке қарым-қатынаста эмоционалдық жақындық кезеңі болмақ. Жұп арасында рухани жақындасу болады, ал бойдан Шаяндар өмірлік жарын кездестіреді. Денсаулық, қаржылық жағдай қиындық тудырмайды.

Арыстанға арналған жұлдыз-жорамал

Зодиак белгісінің бесінші белгісін қыркүйек айында қуаныш күтеді. Бұл ай қарым-қатынасқа, байланыс орнатуға, таныстыққа және өзара қолдауға толы. Арыстандар От белгісіне сай жарқырайды.

Арыстан үшін 2023 жылдың қыркүйек айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Арыстандардың біразы үйленуге ұсыныс айтуға шешім қабылдайды. Жұмыс іздеп жүргендерге қызықты ұсыныстар түседі. Тұрақты жұмысы бар қызметкерлердің мансабы жоғарылайды. Сымбатыңызды сақтау үшін диетаға отырыңыз. Тұрмыстық қажеттіліктерге, ұсақ-түйектерге ақшаңыз жеткілікті.

Жүрек сақина
Жүрек пішініндегі сақина. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш үшін қыркүйек айына арналған жұлдызнама қандай?

Бикештің билеуші ​​планетасы ретроградтық күйде болған кезде келісімшарттарға қол қоюға және қомақты қаржыға зат сатып алуға асықпаңыз. 16 қыркүйектен бастап Меркурий тікелей орбитада қозғала бастайды, сондықтан маңызды істерді айдың екінші немесе үшінші онкүндігіне жоспарлаңыз.

15 қыркүйекте Бикештегі жаңа Аймен бірге тәртіп те орнайды. Астролог Нина Кан өмірді нөлден бастауды ұсынады. Өзіңізге уақыт бөліп, демалыңыз. Find Your Fate басылымы 2, 3, 14, 20 және 26-28 қыркүйекте кездесуге баруға кеңес береді.

Таразыға қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал

Күн 23 қыркүйектен бастап Таразыда болады. Бұл Таразылардың өміріне үйлесімділік, достық және махаббат энергиясын әкеледі. Астролог Джессика Адамс Таразылар махаббат пен отбасылық құндылықтарда маңызды таңдау жасайды деп есептейді.

Таразылар үшін 2023 жылдың қыркүйек айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Олар ескі арманының орындалуын және барлық жоспарының жүзеге асқанын күтеді. Мықты денсаулық сүйікті хоббиіңізбен айналысуға мүмкіндік береді. Қаржылық жағдай қыркүйек айының соңына қарай тұрақталады.

Сарышаянды 2023 қыркүйегінде не күтеді?

Жағдайға сырттан қарасаңыз, сіз көп нәрсеге қол жеткізесіз. Мүлікті сатып алу, жөндеу, көшу немесе құрылысты жоспарлағандар жүзеге асырады. Тұрақты қаржы мен өте жақсы мансаптық даму күтеді.

Махаббатта үзіліс, салқындық болады. Бойдақ Сарышаяндар көпшіліктің назарында жүреді, бірақ олардың жүрегі тыныш. Күзбен бірге көңілсіздік болады, бірақ табиғат аясында тынығып алсаңыз, бәрі реттеледі.

Теңіз жағасында
Теңіз жағасында отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендер үшін 2023 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал

4 қыркүйектен бастап Мергеннің билеушісі Юпитер ретроградтық Тоқтыда болады. Бұл жұмыстың ауанын бәсеңдетіп, адамның өзін-өзі дамытуына әсер етеді.

Мерген үшін 2023 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз жорамал қандай? Бұл айда өткен кезеңдердің мақсаттары мен міндеттері ғана орындалады. Жаңа жоспарларыңызды үшінші онкүндікте құрыңыз. Адамдарға көмектесуге бағытталған өнер және кәсіп иелерін жақсы табыс күтеді. Денсаулық жағдайы қалыпты болады. Тұрмысыңызды ыңғайлы ету арқылы серігіңізбен қарым-қатынасыңызды жақсартыңыз. Жаңа адаммен дос болыңыз.

Тауешкі үшін 2023 жылдың қыркүйек айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Өмірдің жолы мен тәртібі өзгереді. Сізге шығындарды қайта қарауға, жұмыс пен тұрғылықты жерді өзгертуге тура келеді. Белін бекем буған Тауешкі болашағы үшін қаржы жинайды.

Қыркүйек айында косметологқа, тіс дәрігеріне бару керек. Айдың соңында брекет қоюға, ота жасатуға болады. Махаббатта тыныштық кезеңі орнайды. Отбасылы белгі өкілдері өзімен-өзі көбірек уақыт өткізгісі келеді.

Суқұйғышқа қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал

Суқұйғыш өзіне сенімді. Соның арқасында ол жаңа одақтастар тауып, бизнесте табысқа жетеді.

Суқұйғыштар үшін 2023 жылдың қыркүйек айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Оны өнімді ай күтеді. Басшылықтың бастамасымен мансаптық өсу, жалақының көтерілуі мүмкін. Спорт және дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты нығайтқан жөн. Махаббатта бәрі бірқалыпты, бірақ бойдақтарға бұрынғы жұбы қыр көрсете бастайды.

Жүгірген қыз
Жүгіруге шыққан қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар үшін 2023 жылдың қыркүйек айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

4 қыркүйектегі ретроградтық Юпитерге байланысты Балықтар қаржыны бір деңгейде ұстау үшін көп жұмыс істеуге мәжбүр болады. Жұмыста бәсекелестік күшейеді. Бәрін сырттай бақылап отырғаннан гөрі, көшбасшылық үшін шайқасқа қосылыңыз.

Денсаулығыңыз қалыпты болса да, көңіл-күйдің өзгеруі, өткенге деген сағыныш болуы мүмкін. Қарым-қатынаста серігіңізге деген белгісіз сезіміңізге байланысты хаос болады. Бір-біріңізден үзіліс жасаңыз. Отбасылы Балықтар балалары мен үйіне қарайды, ал кейбіреулері демалысқа шығады.

Күзбен бірге зодиак белгілерінің өмірінде елеулі өзгерістер болуы ықтимал. Кейбірі бақытты сәтті бастан кешіреді, алайда әркімнің өз өмірін жақсартуға мүмкіндігі бар екенін ұмытпаған абзал. Қыркүйек жайдан-жай өтпеу үшін жұлдыз жорамалы ұсынған кеңестерді ескеріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2034767-2023-zyldyn-qyrkuiegine-arnalgan-zuldyz-zoramal-belgi-okilderin-kuzdin-algasqy-aiynda-ne-kutedi/

pixel