Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Негізгі қорегі - жылан": Қазақстанның Қызыл кітабына енген ерекше құс жайлы не білеміз (фото, видео)

Жарияланған күні:

жыланшегіш қыран
Жыланшегіш қыран. Фото: instagram.com/qazfwc

"Алтын-Емел" ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жыланжегіш қыранның балапан басқан сәті фототұзаққа түсіп қалды. Бұл сәттен кадрларды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті желідегі ресми парақшасында жариялады.

Комитет мәліметінше, жыланшегіш қыран – ұлттық парк аумағында кездесетін ерекше құстардың бірі, өйткені оның негізгі қорегі – жыландар.

Ол парк аумағына наурыз - сәуір айларында ұшып келеді, ұясын ағаштарға, жартастарға салады. Жұмыртқа салу сәуірдің ортасынан мамыр айына дейін жүрсе, ал оны басу бір айға созылады, балапаны шамамен маусым айының ортасында немесе соңында шығады, шілде-тамызда қанаты қатып, тамыз айының соңына қарай ұядан ұшып кетеді.

Бұл жолы Жыланжегіш қыранның ұясы "Алтын-Емел" ұлттық паркі аумағының жазық шөлді бөлігіндегі жалғыз Тораңғы ағашынан табылған.

Учаске басшысы Дидар Базарбеков құстың балапан басуын басынан бастап, балапанның жұмыртқаны жарып шығып, жетілгеніне дейінгі негізі сәттерді фототұзақ құрып, түсіріп алған.

Кадрлардан жыланжегіш қыранның жұмыртқа салуынан бастап, балапан басып, балапанын қоректендіруі, ұядан ұшып шығуы көрсетілген.

Сондай-ақ кадрлардан құстың балапанын әр түрлі жыландармен қоректендіргенін, тек бір рет агама кесірткесін әкеп бергенін байқауға болады.

Негізінен жыланшегіш қыран бақалармен, ұсақ сүтқоректілермен (кеміргіштермен) және дала құстарымен де қоректенеді.

2022 жылы "Алтын-Емел" ұлттық паркінде жүргізілген санаққа сәйкес аумақта 12 жыланжегіш қыран бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2035058-negizgi-qoregi-zylan-qazaqstannyn-qyzyl-kitabyna-engen-erekse-qus-zaily-ne-bilemiz-foto-video/