Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қыркүйегіне арналған Ай күнтізбесі: Ай фазалары сәтті және сәтсіз күндер

Жарияланған күні:

Ай бейнесі
Кешкі аспандағы Ай бейнесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыркүйек кемімелі Аймен және маңызды астрологиялық оқиғалармен басталады. Бұл айдың қай күндерінде қырағы болу керек? Қыркүйекке арналған Ай күнтізбесін астрологтар Тали және Офира Эдут жасады.

Бұл мақаладан мына ақпараттарды білесіз:

  1. Қыркүйектегі Ай фазалары.
  2. Ай энергиясының адам өміріне әсері.

2023 жылдың қыркүйегіндегі Айдың фазалары

Күздің бірінші айы кемімелі Ай циклінен басталады. Ол үш кезеңнен тұрады:

  • 1-6 қыркүйек.
  • 8–14 қыркүйек.
  • 30 қыркүйек.

Кемімелі Айда бастаған жұмысыңызды жалғастырыңыз, ескі және қажетсіз заттардан, адамдардан арылып, жайсыз қарым-қатынастардан құтылыңыз. Үйіңізге толық тазалау жұмысын жасауға, артық заттарды сұрыптап, таныстарыңызға беруге болады. Бұл - егін жинайтын және жаңа Ай туғанша төлемдерді төлейтін уақыт.

Күздің бірінші айындағы жаңа туған Ай мерзімі 15 қыркүйек, жұма күніне тұспа-тұс келеді. Astrologyk басылымы мұны адамдардың ішкі күшін оятып, оларды тәртіпті әрі тиянақты етеді деп мәлімдейді. Осы тұста сіз өсіп келе жатқан Айда мақсаттарыңызға батыл қадам басу үшін демалып, жоспарларыңыз туралы ойланған жөн.

Толық Ай
Айдың толған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың қыркүйегінде өсіп келе жатқан ай қашан болады? Бұл кезең екі уақыт кезеңіне сәйкес келеді: 16–21 қыркүйек және 23–28 қыркүйек. Өсіп келе жатқан айда жаңа іс бастаңыз. Келесі айға жоспар құрыңыз, адамдармен танысыңыз, өсімдіктер отырғызыңыз. Имиджіңізді және гардеробыңызды өзгертіп, спорт клубына, тіл курстарына жазыла аласыз. Толық айға дейін негізгі жұмыстарыңызды орындап үлгеріңіз.

2023 жылдың қыркүйегінде Ай қашан толады? Мұндай маңызды күн 29 қыркүйекке, жұмаға сәйкес келеді. Толық ай Тоқтыда болады. Бұл күні психологқа баруға, медитациямен және рухани тәжірибе жинап, шығармашылықпен айналысуға уақыт бөліңіз. Жақындарыңызбен жүздесіп, бір сәт өз ойларыңызбен оңаша қалыңыз. Жол апатынан сақтану үшін назарыңыз көлік тізгінінде болсын. Ай толған сәтте маңызды шешім қабылдамаңыз, бұған неғұрлым жақсы уақыт бар.

FindYourFate.com эзотерикалық порталы Айдың күшін жете бағаламауға болмайды деп санайды. Жоғарыда аталған кезеңдерден басқа, ай күнтізбесінің тағы екі негізгі тармағын ескеру қажет:

  1. Үшінші тоқсан – 7 қыркүйек. Бастаған жобаларыңызды аяқтаңыз, берген уәделеріңізді орындаңыз.
  2. Бірінші тоқсан – 22 қыркүйек. Жоспарларыңызды, армандар картасын жасаңыз, басқа адамдармен келісімге келіңіз, серіктестік орнатыңыз.

Қыркүйек айында ай циклдері маңызды астрологиялық оқиғаларға толы болмақ. соның бірнешеуін қарастырайық:

  • 8 қыркүйектен бастап кемімелі Айда Венера ретроградтық кезеңнен ауысады. Қаржы және жеке қарым-қатынас бойынша тұрақтылық күтіледі.
  • 4 қыркүйектен бастап Юпитер кемімелі Айға қарай кері жүре бастайды. Жоспарларыңызды кейінге қалдырмаңыз, сараңдықтан, өз күшіңізге сенбеуден арылыңыз.
  • 16 қыркүйектен бастап, жаңа Ай туғаннан кейін Меркурий тікелей қозғалысқа түседі. Ісіңіз бен құжаттарыңыздың реттілігіне қуанасыз.
  • Айдың бірінші ширегінен кейін (22 қыркүйек), 23 қыркүйекте, күзгі күн мен түннің теңелу сәтінде Күн Таразыға кіреді. Жеке өміріңіз бен әлеуметтік байланыстарды үйлестіре біліңіз.
Жаңа Ай
Жаңа туған Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыркүйек айы сенбіде, 30 қыркүйекте, Тоқтыдағы кемімелі Аймен аяқталады. Айды қорытындылап, жан тыныштығын қалыпқа келтіріңіз.

Айдың адам өміріндегі түрлі салаға әсері

Келеңсіздіктердің алдын алу үшін қыркүйекке арналған ай күнтізбесін пайдаланыңыз. Маңызды істерді дұрыс күндерге жоспарлаңыз. 2023 жылдың қыркүйегіндегі қай күндер қолайлы? Бұл айда он төрт қолайлы күн бар: 5–7, 12–15, 19–22, 25, 27–28 қыркүйек. 2023 жылдың қыркүйегіндегі қолайсыз күндер қандай? Ай ішіндегі бір ғана қолайсыз күн 29 қыркүйекке, жұмаға, Тоқтыдағы Айдың толуымен тұспа-тұс келеді.

Ай және қаржы жағдайы

Marie Claire басылымы Айға сәйкес уақытты жоспарлауға кеңес береді. Кез келген қаржылық және мансаптық мәселелерді Ай циклімен үйлестіріңіз. Қыркүйек айында Меркурий мен Венера қайтадан тікелей бағытта қозғалады, бұл мансаптық табысқа жету мүмкіндігін арттырады. Қаржы саласы бойынша мынадай ұсыныстар бар:

  • Кемімелі Айда төлемдеріңізді төлеңіз (1-6, 8-14 және 30 қыркүйек).
  • Жаңа Ай туған кезде (15 қыркүйек) ұзақ уақыт бойы жоспарлап жүрген бизнес-жоспарыңызды жасаңыз. Бикеште туған Ай тәуекелдер мен кеңістікті анық көруге мүмкіндік береді.

Ай туғаннан кейін мерзімі аяқталуға жақын келісім-шарттарды өзіңіз үшін қолайлы шарттармен жаңартыңыз. Тоқтыдағы толық Айда (29 қыркүйек) ешкімге қарыз бермеңіз немесе несие рәсімдемеңіз.

Жарасымды жұп
Қыдырып жүрген жарасымды жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың махаббат пен көңіл-күйге әсері

Қыркүйектің ең эмоционалдық күндері жаңа Ай туған кезде (15 қыркүйек) және Айдың толу сәтінде болады (29 қыркүйек). Жақындарыңызбен байланысты үзіп алмау үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз:

  • Жаңа Ай туғанда бір сәт жалғыз қалыңыз және серігіңіздің де өз күнін қалағанындай өткізуіне мүмкіндік беріңіз. Бір-біріңізден алыста болсаңыз да, мұндай қадам сенімді нығайтады.
  • Толық Айда арақатынасты реттеуге тырыспаңыз, ешкіммен ұрыспаңыз және ештеңе уәде етпеңіз.

Венераның жайлы энергиясы қыркүйекте татуласуға, келісімге келуге немесе ұрыссыз айырылысуға ықпал етеді. Алтын күзге адамдарға ренжітпей кіріңіз.

Әріптестер
Әңгімелесіп тұрған әріптестер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың денсаулық пен сұлулыққа әсері

POPSUGAR журналының аға редакторы Тереза ​​Мэссони Айдың тартылыс күші толқындардың күшеюі мен кемуіне әсер етеді деп есептейді. Ай фазаларының өзгеруі кезінде су алмасу ырғағы, әйелдердің циклі және адамдардың эмоционалдық жағдайы өзгереді. Қыркүйекте осы жағдайларды ескере отырып, мына ережелерді сақтаңыз:

  • Өсіп келе жатқан айда (16-21 қыркүйек және 23-28 қыркүйек) косметологқа, стилистке және шаштаразға барыңыз. Имиджді жақсарту үшін қыркүйек айына арналған шаш қию күнтізбесін және ретроградтық Венераның аяқталған сәтін (8 қыркүйектен бастап) пайдаланыңыз.
  • 16 қыркүйектен бастап, жаңа Ай туғаннан кейін спортпен шұғылданыңыз. Ең жақсы жаттықтырушыны таңдау үшін Меркурийдің тікелей қозғалысқа оралуын пайдаланыңыз.
  • Кемімелі Айда (1-6, 8-14 және 30 қыркүйек), салмақты қалыпқа келтіріп, ағзаны тазалауды қолға алыңыз.
Пайдалы смузи
Құлпынай қосылған смузи. Көрнекі сурет: pixabay.com

Толық Айда (29 қыркүйек) ешқандай ота жасатпаңыз. Астрологтар Тали және Офира Эдут осы кезеңдегі толық Айдың түңілу мен ашу толқынын тудыратынын ескертеді. Денені босаңсытатын массаж және тұзды ванналар арқылы эмоционалдық күйіңізді тұрақты етіңіз.

Қыркүйектің ғаламшарлық аспектілері, Бикештегі жаңа Ай мен Тоқтыдағы толық Ай күздің бірінші айын маңызды айға айналдырады. Мансаптық, әлеуметтік және жеке істеріңізді жүзеге асыру кезінде ай фазаларының өзгеруін ескеріңіз. Ай күнтізбесіндегі кішкене кеңестер үлкен қателіктерден аулақ болуға септігін тигізуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2035253-2023-zyldyn-qyrkuiegine-arnalgan-ai-kuntizbesi-ai-fazalary-satti-zane-satsiz-kunder/