Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баюға болады: 2023 жылдың қыркүйек айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Жарияланған күні:

Құтыдан шашылған тиындар. Көрнекі сурет
Құтыдан шашылған тиындар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бақытты құрайтын негізгі факторлардың бірі – материалдық жағдай мен мансаптағы жетістіктер екені анық. Қаржылық жағдайыңыз бен жұмысыңызға күз қандай оң өзгерістер әкеледі? Назарларыңызға астролог Нина Канның қыркүйекке арналған болжамын ұсынамыз.

Тоқтыға арналған қаржылық жорамал

4 қыркүйектен бастап Юпитер кері қозғалыста болады, ал Тоқтыларда - айдың толысу кезеңі. Жұмыста және қаржылық жағдайыңызда қиындықтар туындайды. Жоспарларыңыз баяу іске асып, несие алу, ақша табу мәселелерінде кешігу орын алады. Күнделікті шығындарыңызды еш қиындықсыз өтейсіз, бірақ ойланбай сауда жасаудан аулақ болыңыз.

Тәуекелшіл Тоқтылардың жолы болады. Айдың екінші және үшінші жартысында кәсіп иелерін - жақсы табыс, ал жалдамалы жұмысшыларды - мансабында өсу күтіп тұр.

Торпақтарға арналған қаржылық жорамал

Оларды кәсіби іс сапарлар, сәтті келіссөздер күтіп тұр. 20 қыркүйектен кейін жұмысқа деген қабілеттілігіңіз бен амбицияңыздың арқасында қаржылық жағдайыңызды реттейсіз. Басшылықпен қалаған жұмысыңыз туралы кеңесуге болады. Astrologyk басылымының кеңесінше, жаңа бағытта дамуға әрекет жасаңыз. Айдың басында көп Торпақтар сыйлық алады немесе қарыздарын қайтарады. Қыркүйектің екінші жартысында отбасыңызға, балаларыңызға шығын шығарасыз.

Ақша ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет
Ақша ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздерге арналған қаржылық жорамал

My Imperfect Life хабарлауынша, егіздер үшін 6 және 8 қыркүйек күндері өте қолайлы. Ретроградты Меркурий өз қалыпты қозғалысына 15 қыркүйектен соң өтеді. Содан кейін бірнеше күннен кейін маңызды шешімдер қабылдауға болады.

Қаржысына, жұмысына жауапкершілікпен қарайтындар үшін материалдық тұрғыдан қиындықтар болмайды. Өз ойларыңызды іске асыру үшін, оларды жазуды әдетке айналдырыңыз. 29 қыркүйекте болатын айдың толысуы күтпеген сыйлықтар әкелуі мүмкін.

Шаяндарға арналған қаржылық жорамал

Қаржылық жағдай тұрақты, ақшаға қатысты ешқандай қиындықтар туындамайды. 15 қыркүйектен кейін жұмыста өзіңізді көрсететін мүмкіндер туындайды. Жалақысы жоғарырақ немесе басшылық қызметке ауысуыңыз мүмкін.

Knowinsiders басылымы 8-9 қыркүйек күндері өз проблемаңызды шешу үшін тартымдылығыңызды пайдалануға, ал 22 қыркүйек күні ешкімнің сөзіне сенбеуге кеңес береді. Жұмыстағы немесе қаржылық сұрақтарыңызды шешу үшін отбасыңыз бен достарыңыздың кеңесіне құлақ асқан жөн.

Арыстандарға арналған қаржылық жорамал

Пандита Пунарвасу басшылық ететін су астрологиясы сайтының мәліметінше, Арыстандарда инвестиция үшін қаржылық жоғалтулар болуы мүмкін деп болжайды. Ол 4 қыркүйектегі Юпитердің регрессімен байланысты. Егер тәуекел жасамаса, ақшамен ешқандай қиындық туындамайды.

Жоспарланбаған, жағымды шоппинг болуы мүмкін. Өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар жаңа деңгейге көтеріледі. Мысалы кәсібін ұлғайтып немесе жұмысын өзгертуге әрекет жасайды, армандаған қызметіне қол жеткізеді.

Компьютер алдында отырған әйел. Көрнекі сурет
Компьютер алдында отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикештерге арналған қаржылық жорамал

Астролог Нина Канның ақпаратынша, қыркүйектің бірінші аптасында Бикешке қатысты Күн мен Меркурий Юпитермен сәтті байланыста болады. Жеке мақсаттарыңыз бен жаңа стратегия құру үшін өте қолайлы кезең. Бикештерде бәсекелестік орта пайда болады. Өздеріне қатал тәртіп орната білгендердің жетістікке жету мүмкіндігі жоғары. 15 қыркүйекте болатын жаңа айдың тууы олардың демалысына немесе шешілмей жүрген шаруаларын бітіруге ықпал етеді.

Таразыларға арналған қаржылық жорамал

23 қыркүйектегі Күннің Таразыға өтуі олардың қаржылық жағдайына гармония орнатады. Ол күзгі күннің теңелуімен қатар келгендіктен, мықты әріптестік орнатуға, келісуге, қолдаушылар тобының басшысы болуға оң әсерін тигізеді. Қыркүйектің бірінші жартысында ақша түсімі тұрақсыз болмақ. Барлық қаржылық жоспарыңыз, сауда, бұрыннан армандаған арманыңыз қыркүйектің екінші жартысында іске асады.

Сарышаяндарға арналған қаржылық жорамал

Жұмыста әрі қаржылық жағдайыңыз күздің басында жоғарғы деңгейде болады. Жоспарлағаннан да еш қиналмай-ақ жақсы табыс таба аласыз. Сарышаяндар үй алып, үй салуды қолға алады. Қаржылық жағдайыңыз тұрақты болады.

Мотивацияалып, күш жинап, жаңа белестерді бағындыруға дайын боласыз. Басшысы еңбек демалысы кезінде сарышаяндардың көбі өз бөлімін басқаратын болады. Жұмыс пен жеке бас шаруаларын баланста ұстай білген олар бұл айда ештеңеден қиналмайды.

Жұмыс істеп отырған әйел. Көрнекі сурет
Жұмыс істеп отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендерге арналған қаржылық жорамал

Қыркүйек айы бойы мергендердің көңіл-күйі жоғары, болашаққа сенімі күшті болмақ. Бұл айда оларды іс сапарлар, қаржылық жағдайын жақсарту үшін жасалатын келіссөздер күтіп тұр. Бұрыннан жоспарлаған ісі орындала бастайды. Өнер, шығармашылық адамдары, психологтар, қоғамдық жұмысшылар, ұстаздар үшін бұл ай сәтті болады.

Тауешкілерге арналған қаржылық жорамал

Болашаққа жасалатын салымдар үшін махаббат пен көңіл көтеруден бас тартуға тура келеді. Бәсекелестеріңіз сізді озып кетпеуі үшін, жұмыста белснді болыңыз. Жұмыста сізге түсетін ауыртпашылықтар көп болады. Бірақ ол беделіңіз бен қаржылық жағдайыңызды көтереді. Тұрақты жұмыс іздеп жүрсеңіз, барлық ұсыныстарды қарастырып шығу керек. Басшылықпен дауласпай, әріптестеріңізбен бірге жұмыс жасаңыз. Айдың аяғында сізді сыйақы күтіп тұр.

Суқұйғышқа арналған қаржылық жорамал

Қыркүйектің екінші жартысында ішкі түйсігіңіз сізді алдамайды. Ол жұмыста, кәсіпте, тиімді салым салуда сізге көмектеседі. Бұрын жасалған келіссөздер өз пайдасын әкеле бастайды. Басшылық сіздің жұмысыңызды бағалап, сізге жоғары лауазым ұсынатын болады. Өз серіктерінен көбі сыйлық алады. Несие төлеу немесе қарыз қайтарумен қиындықтар болса, дәл осы айда барлығы оң шешімін табады.

Балықтарға арналған қаржылық жорамал

Қыркүйекте балықтарды тек қаржылық жағдайы қуантатын болады. Айдың басында күтпеген шығындар болуы мүмкін, бірақ кейін ол шығындардың орны толады. Жазда жасалған жұмысыңыз үшін айдың аяғында сыйақыңызды аласыз. Басшылықтың қолдауымен жалақыңыз да көтерілетін болады. Қымбат зат сатып алуға қолайлы күндер болып 1-2, 11-12, 30 қыркүйек саналады. Қымбат мейрамханаға барып алған затыңыздың қуанышын бөлісуге болады.

Көп жұлдызды белгі үшін күздің басы қаржылық жағдайын реттеу үшін қолайлы кезең болып саналады. Ірі сауда жасауды жоспарлағандар, дәл осы айда ойлағандарына қол жеткізеді. Жоғарыдағы кеңестерге құлақ түріп, маңызды істеріңізбен жұмыстарыңызды қыркүйектің қолайлы күндеріне жоспарлаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2035333-bayuga-bolady-2023-zyldyn-qyrkuiek-aiyna-arnalgan-qarzylyq-zuldyz-zoramal/