Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастархан жасау: кішкентай қыздың туған күніне арналған безендіру идеялары

Жарияланған күні:

Қыз баланың туған күніне арналған дастархан. Көрнекі сурет
Қыз баланың туған күніне арналған дастархан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгінде балалардың туған күнін ерекше етіп ұйымдастыратын ата-аналар жетерлік. Әсіресе мектеп жасына дейінгі қыз балалар туған күнінің ерекше өткенін қалап, түрлі тақырыптағы "party" ұйымдастырып жатады. Осы орайда кішкентай ханшайымның туған күнін ерекше етіп қалай өткізуге болады? Бүгінгі материалдан білетін боласыздар.

Алдымен туған күн мерекесін тойлау дәстүрі қашан пайда болғаны туралы сауапқа жауап іздеп көрейік. Тарих бойынша туған күннің аталып өтуінің екі нұсқасы бар. Біріншісі, римдік дәстүрге негізделген, яғни құдайларға сый-құрмет көрсету. Әсіресе пұтқа табынушылар мол дастархан жайып, бір-біріне сыйлықтар беріп, құрмет көрсеткен. Ал екінші нұсқа, ежелгі наным-сенімдерге негізделген. Ол бойынша адам туған күні айтылған жақсы тілекте, қарғыста екі еселеніп орындалады деген сенім болған. Сондықтан кішкентай сәби дүние есігін ашқанда, оның туыстары құрбандық шалып, аруақтарға бағыштаған.

Кішкентай сәбилердің туған күнін қалай атап өткен дұрыс?

Бүгінде кішкентай баланың туған күнін тойлау сәнге айналған. Бірінші кезекте баланың есінде қалатын, балалық шағының ең жылы естеліктері болып қалуына көңіл бөлінеді.

Қандай себеп болса да, біз ең алдымен мерекелік дастарханымыздың мәзірін ойластыратынымыз жасырын емес. Ерекше дәмді тағамдар, сусындар, тәттілер дайындауға тырысамыз. Сонымен бірге үстелді ерекше безендіру, мереке тематикасына сай етіп дайындауда ерекше маңызға ие. Үстелді дұрыс , талғаммен безендіру - ерекше шеберлікті қажет етеді.

Мерекелік торт. Көрнекі сурет
Мерекелік торт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кез келген ана үшін баласымен оның достарына ұмытылмас мереке жасау маңызды. Шындығында қымбат емес, сонымен бірге ерекше дастархан дайындау аса қиын емес. Ол үшін Kitchenstudios.net онлайн-басылымы ұсынған келесідей кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Түрлі түсті қағаздан жасалған, әдемі әрі туған күн тематикасына сай ыдыстарды пайдалану;
  • Бөлмеңізді шармен, түрлі түсті гирляндалармен безендіру;
  • Жеңіл әрі сіңімді болатын тағамдарды дайындау. Мысалы: канапе, салаттар, әр түрлі салмамен жасалатын лавашты орамалар;
  • Үй жағдайында жасалатын лимонад, компоттар немесе сүт пен жеміс қосылған коктейльдер;
  • Сүзбелі десерттер;
  • Қаймақ немесе иогурт қосылған жеңіл салаттар;
  • Тауық етінен жасалған нагетстер т.с.с.

Дайындаған тағамдарыңызды әр түрлі фигураға келтіріп немесе формаларға салып, ерекшелендіріп ұсынған дұрыс. Ол балалардың ерекше тәбетін ашып, туған күннің қызықты болуына себепші болады.

Сонымен бірге дастарханыңыздың түрлі түсті немесе майлықтарыңызда мультфильмнің кейіпкерлерінің суреттері барын таңдаңыз. Үстеліңіздің көз тартарлық болуы балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Кішкентай ханшайымның туған күніне арналған мерекелік дастархан. Көрнекі сурет
Кішкентай ханшайымның туған күніне арналған мерекелік дастархан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кішкентай қыздың туған күніне дастарханды ерекше етіп әзірлеуге қатысты идеялар

Қызыңызды таң қалдырып, тосынсый жасағыңыз келсе, оның жасын, мінезін, ұнататын ойыншық немесе әдеттеріне, тағамдарына назар аударыңыз. Туған күн тематикасын таңдауда қызыңыздың талғамымен санасқан дұрыс. Нағыз тосын сый болуы үшін күтпеген уақытта құрмет көрсетіп, шынайы ниетіңізді, эмоцияңызды көрсетіңіз.

Шынайы эмоция – өте құнды екенін есте сақтаған жөн. Құттықтау сөздерінде дайындап қоюды ұмытпаңыз. Осы ретте, кішкентай қыздың туған күніне дастарханды ерекше етіп әзірлеуге қатысты идеяларды ұсынамыз:

1. Дисней ертегілері стиліндегі күлгін түсті дастархан.

Ол үшін туған күн түсіне орай киімдер мен түстерді таңдап, дастарханыңызға осы түстегі тақырыптық деталдарды қосыңыз. Мерекеге арналған сценарий жөнінде ұмытпаңыз. Мұндай туған күн кеші міндетті түрде кішкентай ханшайымыңыздың есінде қалатын болады.

2. Туған күн дастарханын түрлі-түсті шарлармен безендіру.

Бүлдіршіндердің барлығы шарды жақсы көреді. Әсіресе қыз балалар түрлі пішіндегі, мәселен гүл тәрізді шарларды ұнататыны анық. Ендеше дастарханды шарлармен безендіріп, қызыңызға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлаңыз.

3. Мерекелік дастарханға декор элементтерін пайдалану

Кез келген мерекелік дастарханның шырайын түрлі декоративті элементтер кіргізуі мүмкін. Бастысы қызыңызға ұнайтын түсті таңдауды ұмытпаңыз. Мұндай элементтерге туған күн кешіне арналған қалпақша, майлық, тіпті сусындар мен торттың безендірілуі жатуы мүмкін.

4. Туған күн кешіне арналған жеңіл әрі ерекше тағамдарды безендіру

Туған күн кешіндегі дастархан мәзірін түрлі етіп безендіруге болады. Бүлдіршіндерге әсіресе мультфильм кейіпкерлерінің, жан-жануарлар мен құс түрінде әрленген дастархан мәзірі ұнайтыны анық. Ендеше төмендегі видеоға зер салыңыз.

5. Түрлі пішіндегі майлық - туған күн дастарханының сәні

Кішкентай қызыңыздың туған күніне арналған дастарханда майлықтарды да ерекше әдемі етіп, сәндеп беруге болады. Ол үшін түрлі-түсті майлықтарды қолданғаныңыз абзал. Мұндай тосын сый қызыңыздың көңілінен шығатыны сөзсіз.

Жалпы кез келген туған күн дастархан әзірлеместен бұрын, алдымен туған күн иесінен нені қалап, нені ұнататынына көз жеткізгеніңіз абзал. Сол себепті алдымен кішкентай ханшайымыңыздың қалауын біліп алыңыз. Сонда ол кішкентай кезіндегі туған күн мерекесін өмір бойы жылы естелікпен еске алатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2035752-dastarxan-zasau-kiskentai-qyzdyn-tugan-kunine-arnalgan-bezendiru-ideyalary/