Қытайлық әйел үш жыл бойы ештеңе істемей-ақ 16 компаниядан айлық алып отырған
Жарияланған күні:
Гуань Юэ есімді қытайлық әйел бірден 16 фирмада жұмыс істеген. Ол әрбір компаниядан еш жұмыс істемей, үш жыл бойы жалақы алған, деп жазады Мир24 арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қытайлық әйел алаяқтық жолмен бірден 16 компанияға жұмысқа тұрады. Соның нәтижесінде ол 50 миллион юань жалақы алып отырған.
Гуань Юэ өзінің лауазымдарын жазатын арнайы журналды да жүргізіп отырыпты. Алайда оның бұл қулығы ІТ компанияға жұмысқа тұрған соң баршаға белгілі болады.
Компания Гуань мен тағы жеті адамды жұмысқа қабылдайды. Бірақ ауқымды бюджет бөлінгеніне қарамастан, олар алға қойылған міндетті орындай алмаған.
Содан соң ұжым басшысы қызметкерлердің құжаттарын қайта қарап, олардың алаяқ болуы мүмкін екенін байқайды.
Дереу іске кіріскен полицейлер құрамына елу адам кіретін алаяқтар тобын ұстайды. Заңсыз тапқан ақшасын Гуань Юэ Шанхайдағы вилласына жұмсап отырғарн.
Енді ол түрмеге қамалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2035760-qytailyq-aiel-us-zyl-boiy-estene-istemei-aq-16-kompaniyadan-ailyq-alyp-otyrgan/