Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұзындығы бір метрдей": Алматы зообағындағы ерекше балық туралы не білеміз

Опубликовано:

Мурена қабылан балығы
Мурена қабылан балығы. Скриншот : instagram.com/almatyzoo

Алматы зообағында тынық Мұхит пен Үнді мұхитын мекендейтін мурена қабылан балығы тіршілік етеді, деп хабарлайды Алматы зообағы өзінің Instagram парақшасында. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

Алматы зообағында тіршілік ететін мурена балығы түрі сұсты әрі қорқынышты көрінеді. Түр-түсі қабыландыкіндей қоңыр ала болғандықтан, қабылан балық аталып кеткен.

"Біздің зообағымызда олардың екеуі бар. Олар үлкен, дөңгелек аквариумда жүзіп жүреді. Мурена – жыланбалық тұқымдасына жатады. Көбіне тынық Мұхит пен Үнді мұхитын мекендейді. Оның басқа балықтардыкіндей қабыршағы жоқ. Оның орнына сілекейленген жуан, қалың терісі болады. Біздегі муреналардың ұзындығы бір метрдей", - делінген зообақтың Instagram парақшасында.

Балықтың аузы үлкен, екі жақ сүйегі бар. Ол тістерімен жемтігін шап беріп ұстап алады. Муренамен кездескен балықтар одан оңай қашып құтыла алмайтын көрінеді.

Мурена өзінің алдыңғы жақ сүйегімен жемтігін тістесе, өңешіне жақын орналасқан екінші жақ сүегімен жемтікті ішіне қарай итеріп, жұтып алады.

Оның тістері артқа қарай майысып тұрады. Кәдімгі қақпан сияқты түскен жемтігін тырп еткізбейді.

Осындай жыртқыштығына қарамастан мурена - улы емес. Алайда ол тістеп алса, орны қатты ауырып, ұзақ жазылады.

Себебі, оның ауыз қуысындағы сілекейінде көптеген ауру тудыратын микроб болады. Бұл микробтар ауыз қуысында қалған жемтіктің қалдықтарынан пайда болады.

Мурена адамдар үшін қауіпті емес. Бірақ оны үркітіп, түртетін болсаңыз қауіп төндіруі мүмкін.

"Зообағымызда муреналар балық, сегізаяқ, асшаяндар мен кальмарларды жейді. Муреналардың көбеюі толық зерттелмеген. Олардың өмір сүру ұзақтығы 10 жыл. Біздің зообағымызға келіп, қабыланға ұқсайтын муреналарымызбен танысыңыздар", - дейді зообақ қызметшілері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2036700-uzyndygy-bir-metrdei-almaty-zoobagyndagy-erekse-balyq-turaly-ne-bilemiz/

pixel