Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мизам шуағы: қай кезде болады және бұл кезеңнің ерекшелігі қандай

Жарияланған күні:

Сарғайған ағаш
Сары түске енген ағаштар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күз келген сәтте ауа райы бірте-бірте суытып, жазғы ыстықтың арты тұманды, жаңбырлы күндерге жалғасады. Алайда бұл мұңаюға себеп емес, өйткені алда әдемі мизам шуағы күтіп тұр. Бұл кезеңнің ерекшелігін бірге қарастырып көрейік.

Қай кезең мизам шуағы деп аталады?

Мизам шуағы дегеніміз не? Кембридж сөздігінде бұл кезең күздің басында болатын тыныш әрі жылы ауа райы деп берілген. Мизам шуағы көбінесе күздегі бірінші суықтан кейін болады. Мұндай кезеңде табиғи өзгерістер болып жатады, мысалы, кейбір өсімдіктер қайтадан гүлдеуі мүмкін. Күздегі жылы кезеңнің басталу себебі жылы ауа массасының жиналуымен байланысты. Бұл құбылыс әдетте жаздың соңына қарай Атлант мұхитының үстінде күшейетін антициклоннан пайда болады делінеді.

"Мизам шуақ" термині шығыс және батыс славяндар арасында кең таралған. Германияда күздің осы бір мезетін аltweibersommer ("кәрі әйелдердің жазы") деп атайды, Болгария мен Сербияда – сыған жазы, Солтүстік Америкада – үнді жазы, Италияда – әулие Мартин жазы, ал Голландияда тіпті жаздан кейінгі жаз деп атайды.

Табиғат аясындағы шай
Күзгі табиғат аясындағы шай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мизам шуағы туралы алғашқы жазба 1774 жылы француз және америкалық жазушысы Сен Жон де Кревекер жазған "Снежная буря, как она влияет на американского фермера" эссесінде кездеседі.

Неліктен қоңыр күз атауы мизам шуақ деп аталады? Бұл түсініктің шығуына қатысты бірнеше нұсқа бар. Бұл табиғат құбылыстарымен де, халықтық нанымдармен де байланысты. Атаудың ең көп тараған түсініктемелері мыналар:

  • Бұл кезеңде дала жұмыстары аяқталады. Әйелдер қауымы қыстың қамы үшін жеміс-жидектерді дайындайды, зығыр жібітіп, тоқыған. Сол себептен мұны әйелдердің жұмысы деп атады.
  • Күздің басында өрмекшінің өрмегі ауада ұшады. Славяндар мұны ақ шаш бұрымымен байланыстырды.
  • Неміс мифологиясында ұшып жүрген өрмекті эльфтер тоқыған жіптердің үзіндісі деп санаған, ал әйелдер ауа райына әсер етуге, жылы күндерді қайтаруға қабілетті деп есептелген деседі.
  • Жергілікті аудандарда күзгі жылы ауа райының сақталуына орай бұл кезең америкалық теория бойынша үнді жазы деп аталады. Үндістер осы кезеңді алғаш рет еуропалықтарға сипаттаған сәттен бастап немесе олардың аң аулайтын мезгілімен байланысты болғандықтан осы атау берілуі мүмкін.

Мизам шуағының түсіндірмесі күздің бастапқы кезеңіне тән табиғат құбылыстарына және өмірдің күнделікті аспектілеріне негізделген.

Өрмекші торы
Өрмекші торы және үзілген жапырақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мизам шуағы қашан басталады? Халық күнтізбесі бойынша мизам шуағы 14 қыркүйекте басталады. Бұл ретте қоңыр күздің екі кезеңі бар:

  • Жас кезең. 28 тамыздан 11 қыркүйекке дейін созылады;
  • Жетілген кезең. 14 қыркүйектен 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Britannica энциклопедиясында мизам шуағының кейбір жылдары бірнеше рет болатынын, ал басқа жерлерде мүлдем болмайтыны жазылған. Grammarist бұл кезеңге тән жылы ауа райы көбінесе аймақтың климатына байланысты бір апта немесе одан да көп уақытқа созылатынын жеткзеді.

Халық нанымы мен әдет-ғұрыптар

Қазіргі күні адамдар мизам шуағын қыстың алдындағы соңғы жылы күндерден ләззат алу мүимкіндігі деп біледі. Алайда бұл кезеңге қатысты нанымдар мен күнделікті тіршілікті байланыстыратын сәл басқаша мағынасы да бар.

Жұбайлық өмірмен байланысты дәстүрлер мен нанымдар

Мизам шуағының басталуымен дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы жұмыстары аяқталып, ауылдарда үлкен мерекелер өтеді.

Бұл кезде бір-біріне қонаққа бару әдетке айналған. Мизам шуағында үйлену тойлары басталады. Адамдар үйлену тойының осы уақыт ішінде болғанын жақсы белгі деп санайды, өйткені бұл бал айы өмір бойы жалғасады делінеді.

Осы уақытта ерлі-зайыптылар арасында келіспеушілік туындаса, татуласатын уақыт деп саналады.

Орындықта отырған жұп
Табиғатқа тамсанып отырған жас жұбайлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күнделікті тұрмыс-тіршілікке байланысты дәстүрлер

Мизам шуағы жаңа үйге көшу үшін ең жақсы уақыт болып саналады. Халық даналығы бойынша егер сіз осы уақытта жаңа үйге көшсеңіз, ондағы болашақ өміріңіз бақытқа толы әрі молшылықта өтеді.

"Сад и огород круглый год" кітабының авторы Евгения Валягина мизам шуағының тамаша күндерінде бағбандар егін жинап, қысқы азық-түліктерді дайындауды жалғастырады деп жазады. Бұл уақытта алма, алмұрт, саңырауқұлақтар жиналып, жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын теру мерзімі аяқталады.

Ауа райы, байлық және сәттілікке қатысты нанымдар

Ауа райына қатысты белгілердің біразы ерте күзбен байланысты. Егер қоңыр күздің алғашқы күндерінде кемпірқосақ пайда болса, күз ұзақ әрі жылы болады. Ал мизам шуағы жаңбырлы болса, қолайсыз ауа райын күтіңіз делінеді. Мизам шуағында ауа құрғақ болса, күз ылғалды болады, ал жауын-шашынды болып басталса, артынша жауын жаумайтынын білдіреді. Далада өрмекші торы көп болса, күз жылы әрі ашық болады, ал қыс аязды және қарлы болады деп саналады.

Сарғайған жапырақтар
Сары алтындай сарғайған жапырақтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Халық фольклорында мизам шуағының ортасында аң ауланса, аңшылардың ғана емес, олардың отбасы, иттері мен жылқылары да жыл бойы сау болады деген наным-сенім бар.

Кейбір халық арасында күн суытқан кезде әйел жылулық сыйлайды деп те айтылады. Сол секілді мизам шуағы күздің алғашқы суығы түскеннен кейін жылулығын төгеді. Алтын күзден және мизам шуағының әрбір күнінен ләззат алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2036879-mizam-suagy-qai-kezde-bolady-zane-bul-kezennin-erekseligi-qandai/