Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қазан айына арналған Ай күнтізбесі: қолайлы және қолайсыз күндер

Опубликовано:

Ай фазалары
Ай фазаларының көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ай циклдерінің ауысуы температуралық режимдермен қатар адамның жай-күйіне де әсер етеді. Ай күнтізбесі бойынша қазан айы қандай болады? Астролог Келли Сюрте күздің екінші айына арналған Ай күнтізбесін жасады.

Бұл мақаладан сіз мына ақпараттарды біле аласыз:

  1. Қазан айындағы Ай фазалары.
  2. Айдағы өзгерістердің адам өміріне әсері.

Қазан айындағы ай фазалары

Қазанда кемімелі Ай кезеңі қашан болады? Күздің екінші айы үш фазадан тұратын кемімелі Ай кезеңімен басталады:

  • 1-5 қазан.
  • 7-13 қазан.
  • 29-31 қазан.

Айдың кемімелі кезінде сәл баяу болып, өзіңізді тыңдау арқылы сезімдеріңізге құлақ асыңыз. Қорытынды жасау, басым тұстарыңызға мән беру, иллюзия мен реніштен арылу осы күндерде орындалуға тиіс басты міндеттер болып есептеледі. Кемімелі айда бос уақытыңызды пайдалы болатындай әрі ләззат сыйлайтындай етіп өткізіңіз. Құжаттарыңызды ретке келтіріп, қарыздарыңыздан құтылып, жаңа айды жақсы қарсы алыңыз.

Жаңа туған Ай
Жаңа туған Ай келбеті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұл кезең 14 қазанда, сенбі күні болады, Таразыға сәйкес келеді. Осы мерзімде қандай да бір жағдайды драмалаудың қажеті жоқ және мұңаюға жол бермеу керек. Рухани тәжірибелер мен жағымды орта арқылы өміріңіздің теңгерімін табыңыз. Бизнесте жетістікке жету үшін өзіңіз қалаған дүниені көз алдыңызға елестете біліңіз. Қазандағы жоспарларды белсенді түрде жүзеге асыратын кезең өсіп келе жатқан Айда басталады.

2023 жылдың қазан айында өсіп келе жатқан Ай кезеңі қашан болады? Бұл кезең қазан айының ортасында басталады және екі бөліктен тұрады - 15-21 қазан және 23-27 қазан. Өсіп келе жатқан Ай - бұл мақсатқа жету үшін күш пен энергияны жұмсауды қажет ететін талпыныс уақыты. Жаңа жобаларды іске қосу, позитивті ойлау және қаржылық жағдайыңызды жақсартуға жұмсалған күш-жігер сәттілік әкеледі әрі толық Айға толыққанды, керемет көңіл күймен жетуге мүмкіндік береді.

Қазан айында Ай қашан толады? Айдың Жерге жарық жағымен түсетін және шеңбер пішінінде болатын кезеңі 28 қазан, сенбіге сәйкес келеді. Торпақтағы толық Ай жанға жайлы кез деп саналады, өйткені бұл күні сіз өзіңіздің шынайы тілектеріңіз бен сезімдеріңізге назар аудара отырып, қажеттіліктеріңіздің орнын толтыра аласыз.

Қазандағы Ай кезеңдері екі маңызды кезеңді қамтиды:

  1. Үшінші тоқсан - жұма (6 қазан), Айдың 22-23 күні. Тазалық пен артық дүниеден арылу үшін қолайлы уақыт. Үйіңізге толық тазалау жұмысын жасаңыз, қарызыңызды өтеңіз, кикілжіңдерге нүкте қойыңыз.
  2. Бірінші тоқсан - жексенбі (22 қазан), Айдың 8-9 күні. Физикалық және ақыл-ой белсенділігінің қарқындылығын арттырыңыз. Шаршап қалмау үшін уақытты реттей біліңіз.

Күздің ортасында бірнеше маңызды астрологиялық оқиғаға назар аударыңыз. Popsugar аға редакторы Тереза ​​Мэссони оларды жылдың ең маңызды астрономиялық оқиғаларының тізіміне енгізді. Astro-Seek деректері бойынша Ай фазаларының өзгеруіненбөлек адамдар мен жағдайларға мыналар әсер етеді:

  • Күннің тұтылуы. Бұл жаңа Ай туған сәтке сәйкес келеді және 14 қазанда Таразыда болады. Жеке және кәсіби жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз.
  • Айдың тұтылуы. Толық Айға сәйкес келеді және 28 қазанда Торпақта болады. Шығындар мен келіссөздер жасауда абай болыңыз, бұрын белгіленген жоспар мен ұстанымыңызды қатаң ұстаныңыз.
Айдың толуы
Айдың толысқан кезеңі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазан айдың 31-күні Егіздердегі кемімелі Айда аяқталады. Барлық жетістігіңізді жазып алыңыз, қателіктеріңізді түзетіңіз және қараша айына арналған жоспарларыңызды реттеңіз.

Ай циклдарының адам өмірінің түрлі саласына әсері

Қазан тұтылу дәлізімен жүреді, мұны ескере отырып, әрбір ісіңізді жоспарлау кезінде Айға сәйкес дұрыс күндерді таңдаңыз. 2023 жылдың қазан айындағы қолайлы күндер қандай? Күздің ортасында он сегіз қолайлы күн бар: 1, 3–6, 11–12, 15, 17–22, 24–25, 30–31. 2023 жылдың қазан айындағы қолайсыз күндер қандай? Қазан айында бір ғана қолайсыз күн бар. Ол 28 қазанда Ай толған сәтте болады.

Қаржы және Ай кезеңдері

Қазан айында егін жинау мезгілі аяқталады. Кәсіпорын қызметкерлері кәсібінің бір жыл ішіндегі қорытындысын шығарып, алдағы жоспарларға назар аударады. Жұмыс және қаржы саласына қатысты ұсыныстар мынадай:

  • 14 қазандағы жаңа Ай мен сақиналы күн тұтылуы іскерлік серіктестік орнатуға қолайлы уақыт. Жобаның мерзімін жіберіп алмау үшін осы уақытты ескеріңіз. Бұрын жабылған есіктерді қағыңыз, олардың сіз үшін қайтадан ашылатын мүмкіндігі жоғары.
  • Өсіп келе жатқан Айда (15-21 қазан және 23-27 қазан) қарыздың мөлшері күрт өспеу үшін қарыз бермеңіз.
Іскер әйел
Жазып отырған іскер әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың тұтылуы (28 қазан) келіссөздер мен уәделерде сақ болу керегін ескертеді. Әріптестеріңіз бен басшылықтың көңілін қалдырмау үшін жалған үміт сыйламаңыз.

Айдың қарым-қатынас пен эмоцияға әсері

Қазан айындағы тұтылу дәлізі қарым-қатынастарға әсер етеді және адамның жеке басына қайта үңілуіне итермелейді. Осы кезеңдегі іс-қимыл әдісі мынадай болады:

Таразыдағы жаңа Ай (14 қазан) романтикалық шытырман оқиғалар үшін тамаша уақыт. Astrologyk басылымы адам жанына серігін ерекше қажет ететінін жазады. Әңгіме-дүкен құрыңыз, танысыңыз, ғашық болыңыз. Кикілжіңнен аулақ болыңыз және өсек айтпаңыз.

Торпақтағы толық Ай (28 қазан). Астролог Келли Сюрте мұны аралас немесе гибридті кезең деп атайды. Эмоционалдық күйзеліс пен бірлескен жоспарлардың бұзылуы күтіледі.

Тұтылу дәлізі кезінде Бикештегі Венера (14-28 қазан) - серігіңізбен және отбасыңызбен қарым-қатынас барысында балама тәсілді іздеу уақыты екенін ескертеді. Мәмілеге келіңіз, келісімге келіңіз.

Жарасымды жұбайлар
Ер мен әйелдің бақытты сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың басты міндеті - жақын адамыңызбен арадағы байланысты сақтау және сізге шабыт сыйлайтын жаңа адамдармен танысу. Өзіңізді дамытуға уақыт бөліңіз.

Ай кезеңдері бойынша сұлулық пен денсаулық жағдайы

Қазан айында салмағыңызға және теріңіздің күйіне назар аударыңыз. Мына кеңестерді мән беріңіз:

  • Кемімелі Айда (1-5, 7-13 және 29-31 қазан) диета мен детоксикация бағдарламасын бастаңыз және зиянды әдеттерден арылыңыз. Қазан айында шаш қиюдың Ай күнтізбесіне сәйкес сыртқы келбетіңізді өзгертіңіз.
  • Таразыдағы жаңа Ай (14 қазан) ауа тамшылары арқылы вирустық аурулардың қауіпін тудырады. Ауа райына сәйкес киініп, қолыңызды жақсылап жуып жүріңіз.
  • Торпақтағы толық Ай (28 қазан) тірек-қимыл аппаратын қалпына келтіру курсын бастау үшін оңтайлы уақыт. Косметолог немесе дерматологтың қабылдауына жазылыңыз.
  • Ай күнтізбесі бойынша суық кезеңге дайындалыңыз. Екпе алып, кешенді медициналық тексеруден өтіңіз.
Екпе ұстаған медбике
Екпе ұстап тұрған медицина маманы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тұтылу дәлізі және қазан айындағы Ай кезеңдерінің өзгеруі сізді өз қажеттіліктеріңізге және ішкі тепе-теңдікті сақтауға назар аудару керегін ескертеді. Бір айға жоспар жасау үшін Ай фазаларына мән беріп, табысқа жету жолындағы барлық мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2038462-2023-zyldyn-qazan-aiyna-arnalgan-ai-kuntizbesi-qolaily-zane-qolaisyz-kunder/

pixel