Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қазан айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал: кімнің табысы артады

Жарияланған күні:

Тиын ақшалар
Тізіліп жиналған тиындар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазан айындағы астрологиялық үрдістер қаржы саласын қайта реттеуге итермелейді. Күзгі тұтылу дәлізі мерзімінде кімдердің қаржылық жағдайы жақсарады? 2023 жылға арналған қаржылық жұлдыз-жорамалды астролог Тенае Стюарт құрастырды.

Тоқтылар үшін қазан айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал

11 қазаннан бастап Плутон тікелей қозғалысқа түсіп, табысқа қарай есік ашады. Жұмысыңызды, тұрғылықты жеріңізді өзгертуге болады, жөндеу жұмыстарын, ірі мәмілелер жасай аласыз.

Тоқтылар үшін қазан айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал қандай? Know Insiders мәліметі бойынша Тоқты қазан айында бақытты адамдар қатарында болады. Бойдағы ресурсы мен талантына сүйенетін дара көшбасшылардың танымалдығы артады. Жарқырап жүруден қысылмаңыз, бұл сізді көпшілік ішінен ерекшелендіріп тұрады.

Қазан айында Торпаққа арналған қаржы жұлдыз-жорамалы қандай?

Айдың алғашқы онкүндігінде Торпақтың қаржылық жағдайы тұрақсыз болады. Жұмыста белгісіз жағдайлар, шиеленіс пен бәсекелестік бар. Қызмет барысындағы қайта құрылымдау Торпақтың тұрмыс салтына әсер етіп, қосымша табыс көздерін іздеуіне мәжбүр етеді.

28 қазанда Торпақтағы Ай толған сәтте кикілжіңдерді шешіп, ымыраға келу туралы ойлар келеді. Ақша әрқалай түседі, сондықтан оны үнемдеп, ақылмен жұмсаңыз. Қаржылық кеңесшіден көмек алыңыз.

Фотоаппаратқа қарап тұрған жұп
Теңіз жағасында фотоаппаратқа үңіліп тұрған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер үшін қазан айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал

Айдың бірінші онкүндігінде қысқа мерзімді демалыс алыңыз. Екінші және үшінші онкүндігі ақша табуға және мансап сатысын жоғарылатуға, қандай да бір бастама көтеруге қолайлы уақыт.

Егіздер үшін қазан айындағы қаржылық жұлдыз-жорамал қандай? Меркурийдің позитивті аспектілерінің арқасында қазан айының басындағы көңілсіздікті тез жеңуге болады. Жұмысыңыздан жақсы жаңалық күтіңіз, қор жинаңыз. Егіздердің көбісі қарыздарынан құтылады және несиелерін өтейді.

Шаяндарға қазан айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал қандай?

Қазан айында өз ұстанымыңызға берік болу сіз үшін басты міндет болмақ. Жеңіл олжа үшін өз ақшаңызды немесе беделіңізді тәуекелге тікпеңіз. Бұл ай жұмыс орнын ауыстыруға қолайлы уақыт емес. Қаржылық жағдайыңызды жақсартқыңыз келе ме? Қызмет уақытынан тыс басқа жұмыс істеңіз. Сонда хобби қосымша табыс көзіне айналады.

Astrologyk басылымының мәліметінше кештетіп жұмыс істеу қажеттілігі болғанына қарамастан, Шаян басшылыққа өзінің ең жақсы қырларын көрсете біледі. Жұмысыңызға стандарттан тыс тәсілдерді қолданып, инновациялар енгізіңіз. Қараша-желтоқсан айларында қомақты ақшаға зат сатып алуды жоспарлаңыз.

Арыстан үшін қазан айындағы қаржылық жұлдыз-жорамал

Жаңа танысулар мен романтикалық кездесулер сізді жақсы жағынан көрінуге ұмтылдырады. Бұл Арыстанды тапқан табысынан да көп ақша жұмсауға мәжбүр етеді. Ал мұндай қарқынды тежеу ​​арқылы қаржылық тұрақтылықты сақтайсыз. Егер оған шамаңыз келмесе, бюджетіңіз сарқылады.

Арыстан үшін қазан айындағы қаржылық болжам қандай? Демалуға деген құштарлық жұмысыңызды жарты жолда қалдыруға итермелейді. Беделіңізді түсірмеу үшін бұлай жасамаңыз. Күнделікті күйбең тірлік шаршатпасын десеңіз оның орнын оқумен ауыстырыңыз. Жаңа білімді тәжірибеде қолданыңыз.

Сабақ оқып отырған студенттер
Саябақта сабақ оқып отырған студенттер. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың қазан айында Бикешті қаржылық әлемде не күтеді?

9 қазаннан бастап Венераның Бикеш белгісіне ауысуы парасатты ойлардың туындауына септігін тигізеді. Ол адамның қаржы жағдайына және өзін-өзі дамытуына ықпал етеді. Ақша серіктестік байланыс, өзара көмек және дипломатия арқылы келеді.

Бикештер үшін қазан айы қыркүйекке қарағанда молшылықта әрі тыныш өтеді. Жұмыстағы сәттілік шығармашылық пен белсенділіктің, әріптестер мен серіктестерді рухтандыру қабілетінің арқасында болады. Бикештердің кейбірі банктік депозиттерден ақша табады.

Таразылар үшін 2023 жылдың қазан айына арналған ақша жұлдыз-жорамалы

14 қазандағы Таразыда болатын жаңа Ай Таразылардың басқа адамдармен қарым-қатынасына әсер етеді. Осы күні және жаңа Ай туардан бір күн бұрын, сосын Ай туғаннан бір күн кейін қандай жағдайда да ымыраға келу жолын іздеңіз және кикілжіңдерді шешуге тырысыңыз.

Қазан айында Таразыларға арналған қаржылық жұлдыз-жорамал қандай? RUSSH журналының редакторы Элисса Костопулос Таразыларда даму серпіні пайда болатынын айтады. Оларды кәсіби триумф, өзін-өзі дамыту және армандарын орындау айы күтіп тұр. Мәртебеңіз бен өмір сүру деңгейін жоғарылатыңыз.

Қазан айында Сарышаянды қандай қаржылық жағдай күтеді?

12 қазанда Марс және 23 қазанда Күннің Сарышаян белгісіне енуі сәтті жобалар мен үлкен сый қатарын арттырып, табыстың өсуіне себеп болады. Ақша үшін тәуекелге баруға дайын адамдар табысқа жетеді. Жетістікке жеткендер одан да батыл әрі тәуекелі көп қадамға барады.

Көптен күткен істер алға жылжиды. Қарыздарыңыз қайтарылады, жаңа табыс көздері мен бизнес-идеялар пайда болады. Оларды армандар картасына қосып, 2024 жылы іске асыру үшін жазып алыңыз.

Кәсіпкер жігіт
Компьютермен жұмыс істеп отырған кәсіпкер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендерге арналған қазан айындағы қаржылық жұлдыз-жорамал

Мергеннің қазандағы материалдық жағдайы сенімділік пен жайлылық сыйлайды. Әрбір қажеттілігіне ақша жетеді, ал қалғаны армандарын іске асыруға кетеді. Астролог Тенае Стюарт қазан айы өзін-өзі бағалау үшін өте қолайлы уақыт екенін айтады.

Мергендерге қазан айына арналған қаржылық болжам қандай? Ол тұрмыс жағдайын жақсартады (жөндеу, көшу), тұрмыстық техникалар, қымбат аксессуарлар сатып алады. Қазан айының екінші жартысында сыйақы, алғыс және қызметте өсуді күтіңіз.

Тауешкі үшін 2023 жылдың қазан айындағы қаржылық жұлдыз-жорамал қандай?

Тауешкіге белін бекем бууға тура келеді. Қарызға кіріп кетпеу үшін шығындарды азайтыңыз. Қомақты ақшаға зат сатып алуды желтоқсанға қалдырыңыз. Қаражаттың тапшылығы болмайды, үлкен пайда да түспейді. Ай сайын алатын тұрақты кірісті күтіңіз, бірақ балалар үшін жоспардан тыс шығындар болуы мүмкін.

Қажет емес заттарды сату және айырбастау арқылы әмияныңызды толтыруға болады. Жеңілдік купондарын пайдаланыңыз және жарнамалық акцияларға зер салып жүріңіз.

Суқұйғышқа қазан айына арналған қаржылық жұлдыз-жорамал

My Perfect Life басылымының мәліметінше 8 қазан мен 14 қазан аралығында Суқұйғышқа жаңа ақпарат кеңістігі ашылады. Мұны мансаптық өсу мен дамуға бағыттаңыз, әріптестермен тату болыңыз, бір-біріңізге көмектесіңіз.

Суқұйғыш үшін қазан айындағы қаржылық жұлдыз-жорамал қандай? Қазан айының соңына қарай сізге жаңа қызмет, басқа бөлімге немесе филиалға ауысу мүмкіндігі ұсынылады. Күмәндансаңыз да, ұсынысты қабылдаңыз. Болашақта кәсіп пен мансап бойынша жаңа кеңістікке жол ашылады.

Әріптестер жиыны
Әріптестердің жұмыс барысындағы басқосуы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазан айында Балықтарға арналған қаржылық жұлдыз-жорамал қандай?

Сату және қызмет көрсетумен айналысатын адамдар тұтынушылардың көптігіне риза болады. Біраз уақыттан бері уәде етілген лауазым түрлері жаңашылдық танытқан жандарға бұйырады. Басшылық сіздің ынтаңызды бағалау үшін көпшілік алдында сөйлей біліңіз, корпоративтік іс-шаралардың ұйымдастырушысы болыңыз.

Ақша тұрақты түрде түседі. Жиһаз бен тұрмыстық техниканы жоспарлы түрде сатып алыңыз, сонда бұл бұйымдар ұзақ уақыт бойы қажетіңізге жарайды. Бұл ай - көлік сатып алуға немесе сатуға қолайлы уақыт.

Тұтылу дәлізіне қарамастан қазан айында барлық зодиак белгісінің өмірін жақсартуға жеткілікті мүмкіндіктері болады. Бұл кеңестерді бір айға арналған жоспарларыңыз үшін пайдаланыңыз. Сонда қаржылық әл-ауқат пен өзіңізді дамыту мүмкіндігі жоғарылайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2038486-2023-zyldyn-qazan-aiyna-arnalgan-qarzylyq-zuldyz-zoramal-kimnin-tabysy-artady/