Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразы: ерекше белгілері, өзгелермен сәйкестігі және сипаттамасы

Жарияланған күні:

Жұлдыз белгілері. Көрнекі сурет
Жұлдыз белгілері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Олар өздеріне сенімсіз, бірақ жақындары таразыларды интеллектуал деп санайды. Жетінші жұлдызды белгінің тағдыры қандай? Эзотерик Ива Вучинич таразылардың астрологиялық ерекшеліктерін бөлісті.

Таразыларға ортақ сипаттама

Таразылар – ауа белгісінде туылғандар. Олар нағыз күздің ортасында өмірге келген жандар. Барлық жұлдызды белгінің ішінде таразылар жансыз жалғыз жұлдыз болып саналады. Таразыларға 24 қыркүйек пен 23 қазан аралығында туғандар жатады. Олардың айы қыркүйек және қазан.

Жұлдызды белгінің эзотерикалық символдары:

  • Ғаламшары – Шолпан
  • Таро картасындағы белгісі – әділдік. Ол оларға гармонияда болуға, шындықты уақытында көруге, белгілі бір қағидаларды ұстанып, әрқашан әділ болуға көмектеседі.
  • Таразыларға сапфир, топаз, бриллиант, бирюза, аквамарин, лазурит тастары жағымды.
  • Түстері - ақшыл көк, көк, жасыл.
  • Гүлдері – раушан, пион, орхидея, сирень, хризантема.
  • Тұмары - кілт, кітап, жүрек, аққу, көгершін мен періште.
Темір кілт. Көрнекі сурет
Темір кілт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразылар өздерімен гармонияда, өте әділ және адал ниетті жандар. Астролог Маресса Браунның пікірінше, олар өз қатысуларымен-ақ, кез-келген жерді жылулыққа бөлей алады. Таразы белгісіндегі ер азаматтар – эстеттер қатарына жатады. Олар сабырлы, дипломат және талдау қасиеті өте жоғары. Оларға қарсылық таныту мүмкін емес, олармен бірге әрқашан жайлы және қауіпсіз. Бұл белгідегі жігіттер ешқашан агрессияға берілмейді, сатқындық жасамайды. Олар интеллегент әрі керемет талғамға ие.

Ал таразы белгісінде туылған әйелдер өте нәзік, кішіпейіл, маңайындағылардың барлығын бақытты еткісі келетіндер. Олар өте сезімтал әрі романтикаға жақын. Өте ақылды және логикасы мықты. Жайлы атмосфера ұйымдастыра біледі. Шаруада пысық әрі қатал бақылаушы. Сенімді, консервативті әрі іскер әйелдер. Олар жанжалға көп бармайды, тіпті даулы ситуация туындаған күннің өзінде, өз шарттарын қойып, мәселені ұрыссыз шешуге тырысады.

Таразылар өздерін ақылды қылып көрсетіп, өзіне деген сенімсіздіктерін жасырады. Танымал Таразылар ішінен, Voice басылымы келесілерді іріктеп алған: Моника Беллуччи, Хью Джекман, Стинг, Микиланджело Антониони, Ральф Лорен және Оскар Уайльд.

Таразылардың денсаулығы мен мінезі, олардың достықта, жұмыста, үй шаруашылығында өздерін ұстауы

Астролог және таролог Сара Риганның пікірінше, Таразылар әр нәрседе, мысалы: қоғамда әділдік орнату, достықта, жұмыс барысын баланста ұстауды жөн санайды. Олар өте ұқыпты. Таразылардың мінездерінің оң жақтары:

  • Жақсыны көре білу және бағалай білу.
  • Өздерін әдепті әрі әдемі ұстай білу.
  • Тез тіл табыса алу.
  • Әзілге жақын болуы.

Ал таразылардың кемшіліктеріне, олардың мақтаншақтығын, өздеріне деген сынды қабылдай алмауын айтуға болады. Астролог әрі психолог Ива Вучинич, олардың келесідей кемшіліктерін атаған:

  • Өздеріне аяушылық таныту.
  • Шешім шығармау.
  • Ренжігіштік.
  • Қарсы тұра алмау.

Бұл белгіде туғандар үйде тазалыққа құмар, өте әдепті. Олар өте ерекше тағамдарды дәмді етіп дайындай алады. Олар дәулетті өмір сүруді қалайды. Олар қымбат киімдерсіз, саяхатсыз, премиум сегменттегі көліксіз өмір сүре алмайды.

Ой үстіндегі ер адам. Көрнекі сурет
Ой үстіндегі ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұмыста таразыларға үнемі сыйақылар беріп тұру қажет. Ол үшін жетінші белгіде туылғандар демалыссыз жұмыс жасауға дайын. Қойған мақсаттарына жету үшін, барлық кедергілерді жеңіп шыға алатын қасиетке ие. Жазушы, музыкант, суретшу, дизайнер, стилист мамандықтарында биік жетістіктерге қол жеткізе алады. Сонымен қатар таразылар арасында мықты дипломаттар, саясаткерлер, адвокаттар мен заңгерлер де аз емес.

Таразылар әрқашан достыққа, адамдардың басын қосуға ұмтылады. Олардың байланыстары, таныстары өте көп. Бұл белгіде туылғандар өте көңілді. Қуанышта да, қайғыда да жаныңыздан табыла білетін, өте сенімді адамдар. Олар керемет ата-ана, кеңесші және туа біткен психологтар болып саналады.

Көңіл-күйлері тез өзгеретіндіктен, олардың денсаулығы өте сезімтал. Стресс пен депресиядан аулақ болу үшін, бір уақыт жеке демалғандары дұрыс. Әсіресе жүрек, бүйрек, бауыр органдарына ерекше көңіл бөлу қажет. Өздеріне тым көп жүк алуға бейім болғандықтан, бел, арқа органдары да сезімтал. Олардың денсаулықтарына велосипедпен серуендеу, минералды сулар, тау ауасы мен дұрыс тамақтану маңызды.

Велосипед тепкен ер адам. Көрнекі сурет
Велосипед тепкен ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Басқа жұлдыз белгілерімен сәйкестігі

Таразылар өмірдегі ең сенімді серіктеріңіз бола алады. Оларға сабырлы, жұмсақ жұп керек. Олардың өміріндегі тепе-теңдікті бұзбайтын адам маңызды. Marie Claire басылымының пікірінше, олар ауа белгісіндегі Егіздер және Суқұйғыштармен жоғары үйлесімге ие бола алады. Сонымен бірге Тоқты, Арыстан, Мерген белгісінде туылғандарменде сәйкестігі жоғары. Жер және су белгісінде туылғандармен, сәйкестік ықтималдығы өте төмен. Әр түрлі жұлдызды белгілермен ара-қатынастары келесідей болуы мүмкін:

  • Тоқтымен – екі жақты да дамытушы, өте керемет ара-қатынас құра алады.
  • Торпақтармен романтикалық ара-қатынас құрғанша, достық қатынас құрған екі жаққа да тиімдірек.
  • Егіздермен Таразылардың ойы әрқашан бір жерден шығатындықтан, олар бір-біріне жақсы қолдаушы бола алады.
  • Шаяндармен керемет іскерлік ара-қатынас құра алады. Мұндай жұптар отбасылық кәсіп құра біледі.
  • Арыстандарға Таразылар – жақсы серіктес бола алады. Олардың махаббатары шынайы әрі жылдан-жылға нығая береді.
  • Бикештер мен Таразылардан онша жақсы жұп шықпайды. Олар бір-бірінде жоқ мінездері үшін бір-бірін қызғанып жүреді.
  • Екі жақта Таразы белгісінде туылған болса да оңай болмайды. Себебі екі жақта арқа сүйейтін серіктес іздейді.
  • Сарышаяндар өте мықты жұлдызды белгі. Таразылар олармен бірге тәуелді ара-қатынасқа түсіп қалады.
  • Ал Таразылар мен Мергендерден болашағы бар жұп көруге болады. Егер орта жастағы, екі белгідегі адамдар кездессе олардан мықты ара-қатынас шығаруға болады.
  • Тауешкі мен Таразылар – өте жақсы әріптестер бола алады. Таразыларға жер белгісінде туылғандарды өздеріне ұстаз етіп таңдау, артықтық етпейді.
  • Суқұйғыш пен Таразылардың сәйкестігі жоғары. Бұл жұпта Таразылардың мықтырақ әрі жасының үлкендей болғаны маңызды.
  • Балықтар үшін Таразылар өте тиімді жұп. Бұл ара-қатынас әрқашан көзге түсетін қасиетке ие.

Таразыларға бақытты болу үшін қателікке бой алдырудың еш күнәсінің жоқ екендігін, бұл әлемнің күнәсіз емес екендігін қабылдай білулері керек. Өздеріне жасалатын әділетсіздікке көз жұма қарамауды үйрену қажет. Дамуға, өсуге үйреніп қалғандар, өздеріне ұқсас адамдармен ғана араласуы маңызды.

Таразылар өте талантты, тәрбиелі және ақылды. Олармен тіл табысып, байланысты үзбеу өте оңай. Бұл белгіде туылғандарды өздеріңізге ыңғайлы етіп алғыңыз келсе, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін біліп алыңыз, олардың нәзік жанын түсіне біліңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2038668-tarazy-erekse-belgileri-ozgelermen-saikestigi-zane-sipattamasy/