Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қазан айына арналған Таро жұлдыз жорамалы

Опубликовано:

Дәптер мен қалам. Көрнекі сурет
Дәптер мен қалам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұл кезеңде болатын өзгерістер барлық жоспарыңызға әсер ететіні анық. Қазан айы сіз үшін, сіз қоршаған әлем үшін жайлы болуы үшін не істеу керек? Астрологтар Ольга Стелла, Анна Арджеванидзе және Виктория Штелльхорн бұл сұраққа жауап берді.

Тоқтыларға арналған Таро жорамалы

Тоқтылар үшін қазан айы қаржылық жағынан тұрақты, махаббат құруда сәтті ай болмақ. Бұл болжамды астролог Ольга Стелла жасады. Бұл белгіде туылғандар маңызды шешім қабылдап, арманындағы жұмысқа қол жеткізеді, сондай-ақ нағыз махаббатын кездестіру ықтималдығы жоғары. Жұмыс өте көп, сәйкесінше шаршау да болады. Бірақ қосымша табыс көзі ашылып, тұрақты қаржылық түсімдер пайда болады.

Торпақтарға арналған Таро жорамалы

Қазанда ішкі түйсігіңіз сізді алдамайды. Шектеулер мен қорқыныштан арылу үшін психологқа, астрологқа жүгінген дұрыс. Екіқабат екеніңізді білуіңіз немесе жаңа идеялар пайда болуы мүмкін. Қазанның көп бөлігін отбасыңыздың ортасында өткізесіз. Бұл айда торпақтардың өзін дамытуға көңіл бөлгені дұрыс. Мұндай болжамды қылыштар сегіздігі, The Tarot Guide басылымы бойынша бақытты отбасы картасы деп атайды. Ол бойынша алдағы уақытта сізді үйлену тойы немесе жағымды демалыс күтіп тұрғанын білдіреді.

Егіздерге арналған Таро жорамалы

Таро картасындағы бестік және сегіздік, ауа белгісіндегі жұлдыз, үлкен қарсылықты жеңіп шығады деп болжайды. Қазанда егіздерді сот істеріндегі жеңістер, жарыстар, келісімшартқа қол қою, мансапта жоғарылау, үй сату немесе сатып алу сияқты маңызды өзгерістер күтіп тұр. Ойлағаныңызды іске асыру үшін алдымен қорқынышыңызды жеңіп шығу керек. Өзіңізге шектеу қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз.

Білімін жетілдіріп отырған ер адам. Көрнекі сурет
Білімін жетілдіріп отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндарға арналған Таро жорамалы

Шаяндар бұл айда кез-келген қиындықты жеңіп, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Орын алған қиындықтардың оң шешімін тауып, жаңа жүйеге ауысуға ықпал етеді. Көшу немесе үй алу, несие алу немесе жабу сияқты жаңалықтар орын алуы мүмкін. Жинақтауға болатын артық ақша пайда болады. Сонымен бірге бұл ай өз комплекстеріңізден құтылып, мәселелердің шешімін табуға қолайлы.

Арыстандарға арналған Таро жорамалы

Арыстандар бұл айда жұмысқа көңіл бөліп, шектеулер мен сенімсіздіктен құтылады. Бұл жайлы Таро картасында сегіздік, екілік карталары көрсетеді. Қазанда арыстан таңдау мүмкіндігіне ие болып, ақшасыз қалмаудың жолын өз өміріне енгізеді. Жұмысыңызға, үй шаруасына мұқият болып, ақшаңызды дұрыс жұмсай біліңіз. Өз біліктілігіңізді арттырып, біліміңізді жоғарылатыңыз, өзгелермен бөлісіңіз. Өз ісінің мамандарымен ғана жұмыс жасаңыз.

Бикештерге арналған Таро жорамалы

Жоғары күштер қазанда Бикештерді қолдайды. Олар кез-келген сынақтан сүрінбей өтіп, қойған мақсаттарына қол жеткізе алады. Жұмыс өте көп болады. Бірақ ол қаржылық жағдайыңызды тұрақтандыруға оң әсерін береді. Денсаулығыңыз бен күшіңіз басқаларды оқытып, көмек көрсетуге де жеткілікті болады. Қазан – шығармашылықтың, әділдіктің, өзіне деген сенімділікті арттыратын ай. Бұл жайлы таролог Анна Арджеванидзе: "Тароның Сот картасы, бестік, сегіздік солай көрсетеді",- деген екен.

Таразыларға арналған Таро жорамалы

Бұл айда Таразылар таңдау құқығына ие. Олар шешім қабылдап, тек алдыға басатын болса, сәттілік серіктері болатыны сөзсіз. Таразылар жаңа идеялар мен энергияға толы. Ескі жұмыстарыңызды бітіріп, алдыға қадам басып, жаңа істерді қолға алатын уақытыңыз туындады. Жаңа мүмкіндік пайда болып, ақшада, қымбат сыйлықтарда келе бастайды. Көп Таразылар демалысқа шығып немесе жаңа автокөліктің иесі атанады. Алдыда сізді жаңа жұмыс, үйлену, жаңа тұрғын үй және той мен балалардың өмірге келуі күтіп тұр.

Сарышаяндарға арналған Таро жорамалы

Сарышаяндардың жұмыс және ақша табумен мүлдем уақыттары жоқ. Сізге қарыз ақшаңыз қайтарылып, көптен күткен қызмет түрі көрсетіледі. Ақшаңызды белгілі бір затқа жинаңыз. Оқуды бастаңыз немесе ұстаз табыңыз. Кез-келген сұрағыңыздың жауабын таба аласыз. Өз мақсатыңызға асықпай, ең бастысы дұрыс бағытта қозғалыңыз. Жалпы бұл ай жұмыс пен ақшаға арналады. Ойын-сауықтарға құр уақытыңызды кетірмеген дұрыс.

Мергендерге арналған Таро жорамалы

Мергендерді бұл айда жайлы орынға талас, мансапты жоғарылату мақсатындағы жұмыстар, беделіңізді көтеру сияқты өзгерістер күтіп тұр. Қазан мергендер үшін өте белсенді, махаббатқа толы ай болмақ. Мақсатыңызға қол жеткізесіз. Айдың көп бөлігі клиенттерге, қосымша жұмыстарға арналады. Құжаттарға,келісімшарттарға қол қойыңыз, азаматтығыңызбен қоғамдағы статусыңызды өзгертуден қорықпаңыз. Ірі саудаңыз өте сәтті болады.

Тауешкілерге арналған Таро жорамалы

Бұл белгіде туылғандар бұрыннан келе жатқан мақсаттарына қол жеткізіп, болашаққа жаңа жоспарлар құра бастайды. Жұмыста да, отбасы ішінде де үлкен беделге ие болады. Мұрагерлік сұрақтары шешіліп, қаржылық тұрақтылық орнайды. Жаңа идеялар мен жаңа күш пайда болады. Арман болған кей мәселелерге қол жеткізе бастайсыз. Қазанда Тауешкілердің қаржылық жағдайы мен жеке мақсаттары өзгереді. Оны Тароның Хан картасы және таролог Виктория Штелльхорн болжайды.

Суқұйғыштарға арналған Таро жорамалы

Суқұйғыштар үшін, қазан - ақша мен бірлесіп жұмыс жасау кезеңі. Мотивацияңызды жоғалтып алмау үшін, демалуды да ұмытпаған жөн. Ай бойы сіз, командалық жұмыспен, оқумен, жаттығу залына барудан босамайсыз. Араласатын жаңа ортаңыз пайда болады. Үйіңізге баруыңыз, отбасылық мереке тойлауыңыз мүмкін. Энергияңыз бен күшіңіз, денсаулығыңыз сыр бермейді.

Балықтарға арналған Таро жорамалы

Өткенмен қоштасып, жаңа орынға, жаңа жұмысқа орналасуға, романтикалық ара-қатынастағы адаммен байланысты үзуге тура келеді. Өміріңіз, өміріңізге деген көзқарасыңыз толықтай өзгеріске ұшырайды. Зиян әдеттеріңізден, дұрыс емес адамдардан құтылыңыз. Жаңа таныстықтарға жол ашып, сүйіктіңізбен көбірек уақыт өткізіңіз. Бұл айда балықтар өткен өмірлеріне өкінетін болады. Жеке ара-қатынаста, болашаққа жоспарларында өзгерістер пайда болады.

Қазан өмірдің барлық бағыттарына өзгерістер енгізеді. Барлығында дерлік қаржылық жағдайымен жұмыста жаңалықтар пайда болады. Тарологтардың кеңестеріне құлақ түріп, сәттілік сіздің жақта болуына ықпал етіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2038737-2023-zyldyn-qazan-aiyna-arnalgan-taro-zuldyz-zoramaly/

pixel