Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазан айына арналған жұлдыз-жорамал: белгілерді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз-жорамал
Зодиак белгілері көрсетілген сағат. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазан айындағы тұтылу дәлізі және маңызды планеталар позицияларының өзгеруі барлық зодиак белгісіне әсер етеді. Күздің екінші айында қандай тосынсыйлар күтіп тұр? Қазан айының жұлдыз-жорамалын астролог Кайли Томас құрастырды.

Тоқтыларға қазан айына арналған жұлдыз-жорамал

Астролог Кайли Томастың айтуы бойынша Тоқтылар үшін қазан айы құйын секілді өтеді. Айдың бірінші жартысында Тоқтылар ерекше белсенділік танытады. 7 қазаннан бастап Венера толық жылдамдықта болады, ал 12 қазанда Марс Сарышаян белгісіне ауысып, адамдардың қарым-қатынасына әсер етеді.

Тоқтылар үшін қазан айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Қазан айы қуанышқа толы болады әрі бедел мен көшбасшылық қасиеттерді шыңдау арқылы қоғамда өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Қазанның екінші жартысы өміріңізге қажетсіз адамдар мен ескі байланыстардан алшақтатады. Болашақ жарыңыз жолығып, романтика әлеміне бойлайсыз.

Торпақ үшін 2023 жылдың қазан айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Astrology King басылымының мәліметі бойынша 28 қазанда Торпақта Ай тұтылады. Белгі өкілдері 7 қазаннан 20 қазанға дейін босаңсуды, стресс жағдайларының азайғанын сезінеді. Торпақтың сүйкімділігі өзгелердің назарын аудартады.

Қазан айында қымбат заттар сатып алыңыз. Өзгелер сізге өзімшіл деп баға бермеу үшін сөзіңіздің дұрыс болғанына мән беріңіз. 22 қазандағы Меркурий Сатурн үштігі зейінді арттыруға ықпал етеді. Оны мансаптық өсу жолында пайдаланыңыз.

Қалта ұстаған әйел
Түрлі-түсті қалта ұстаған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздерге қазан айына арналған жұлдыз-жорамал

Қазан айында Егіздер үшін тұлға ретінде даму серпілісі болады. Егіздер қайшылықтар мен кикілжіңді ұмытып, әріптестерімен және басшылығымен ортақ тіл табысады.

Егіздер үшін 2023 жылдың қазан айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Әйелдерге арналған Her Zindagi басылымының мәліметінше Егіздер бұл айдың ең сүйікті белгілері болмақ. Қазан айында қиындықтарды еңсеріп, мәселелердің шешімін тауып, тоқтап тұрған жұмыстарды аяқтай аласыз. Ұйқының дұрыс болуы денсаулығыңызды жақсартады. Ғылым саласындағы қызметкерлерді үлкен табыс күтіп тұр.

Шаяндарға арналған 2023 жылдың қазан айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Astrologyk мәліметі бойынша қазан айының басым бөлігі романтикаға арналады. Шаяндардың жан-дүниесі бақытқа толы болады, қарым-қатынасы нығайып, жалғыз жүрген адамдар махаббатын табады. Таразыдағы Күн жақын адамдармен арадағы байланысты жақсартады.

Қазан айында қаржы жағдайына байланысты тосынсыйлар күтеді. Еңбекақы өседі, мансап көтеріледі. Өзіңізді бағалай біліңіз. Сарышаяндағы Марс көп энергияны қажет етеді. Жаман әдеттерден және белсенді демалыстан бас тарту арқылы күш-қуатыңызды арттырыңыз.

Арыстандарға арналған қазан айының жұлдыз-жорамалы

Қазан айында қаражатыңызға және денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Егер эндокриндік жүйеңізде мәселелер болса, дәрігерге қаралыңыз. Тамақтану рационыңызға көкөністер мен жемістерді көбірек қосып, дәрумендер мөлшерін арттырыңыз.

Арыстандарға 2023 жылдың қазан айына арналған жұлдыз-жорамал қандай? Қарым-қатынас, ойын-сауық Арыстанның позитивті болуына көмектеседі. Серігіңізге көп ақша шығындамаңыз, керісінше онымен бірге өтетін болашағыңызға арнап қор жинаңыз. Жұмысыңыздағы өзекті мәселелерге назар аударыңыз. Күнделікті күйбең тірлік шаршатпасын десеңіз беделіңізді ойлап, әріптестеріңіз бен басшылықтың көңілін қалдырмаған жөн.

Әңгімелескен әйелдер
Әңгімелесіп отырған әріптестер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш үшін 2023 жылдың қазан айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Бикештің қамқоршысы Меркурий өз орнын екі рет өзгертіп, Таразыдан Сарышаянға ауысады. Бұл қазан айының тиімділігін арттыра түседі. Меркурий 5-21 қазан аралығында Таразыда болған кезде келісімшарттар жасауға болады. Ал 22 қазанда Сарышаян белгісіне ауысқан сәті жұмысыңызды және тұрғылықты жеріңізді өзгертуге, қызметіңізді жоғарылатып, өз бизнесіңізді ашуға қолайлы уақыт. Ешқандай кикілжің, дау-дамайлар болмайды, романтикалық қарым-қатынаста бәрі жақсы болады. Суық тигізуден абай болыңыз, жейтін тағамдарыңыздың құнарлылығына мән беріңіз.

Таразыға арналған қазан айындағы жұлдыз-жорамал

14 қазандағы жаңа туған Ай және Күннің тұтылуы 5-21 қазан аралығында Таразы белгісіндегі Меркурийді күшейтеді. Бұл кәсіби тұрғыда шыңдалуға, қарым-қатынаста үйлесімділік орнатуға, күш-қуаттың артуына әсер етеді.

Таразылар үшін 2023 жылдың қазан айына арналған жұлдыз-жорамал қандай? Оларға жоғары лауазым ұсынылады, сыйақы төленеді, компания есебінен білім беріледі. Қазан айында материалдық әл-ауқаттың артуы бұған дейін жұмсаған күш-жігердің жемісі болса керек. Бойдақтар өмірлік сыңарын кездестіреді. Ал ерлі-зайыптылардың сәбиі дүниеге келуі мүмкін, сонымен бірге бизнес идеялар туындауы ықтимал.

Сарышаян үшін 2023 жылдың қазан айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

11 қазаннан бастап ретроградтық Плутон тікелей айналысқа түседі. Бұл Сарышаянның барлық ісіне серпін береді. Қазіргі жұмысыңызда кәсіби амбицияңыз бен талантыңызды көрсетіңіз, сонда сізді жоғары бағалайды.

22 қазаннан бастап Меркурий Сарышаян белгісіне енеді. 23 қазаннан бастап оған Күн қосылады. Қазан айының үшінші онкүндігінде жаңа табыс көздері пайда болады. Махаббат майданы шытырман оқиғаларға толы әрі ешкім назардан тыс қалмайды. Психоэмоционалдық жағдайыңызға мән беріңіз.

Кофе ішкен жұп
Жағалауда кофе ішіп отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерген үшін 2023 жылдың қазан айына арналған жұлдыз-жорамал

Қазан айында Мергендердің жағдайы, материалдық әл-ауқаты тұрақты, денсаулығы жақсы болады. Мансап жолында өсуге ұмтылғандар жетістікке жетеді. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз айтарлықтай жақсарады, ал жалғыз жүрген жандар жақсы достардың ортасына қосылады.

Мергендер үшін 2023 жылдың қазан айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Тұрмыстық жағдайға байланысты даулардан, аяқ астынан болатын ұрыс-керістен сақ болыңыз. Отбасыңызбен және балаларыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз. Қазан айында жеке өміріңізде жағымды және есте қаларлық сәт көп болады.

Тауешкілер үшін 2023 жылдың қазан айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

Ай сайынғы шығындар жоспарын жасау арқылы қаржылық мәселелерді шешуге болады. Қомақты қаржыға алынатын заттарды кейінге қалдырыңыз, сонда қазіргі шығындарыңызды басқара аласыз. Денсаулығыңызды жақсарту үшін спортпен шұғылданыңыз, жаяу серуендеңіз.

10 қазаннан бастап Меркурий кәсіби салаңызға ғана емес, әлеуметтік жағдайыңызға да әсер етеді. Бойдақ Тауешкілер екінші жартысын кезіктіреді, ал әңгімесі жарасып жүрген жұптар үйленеді. Хоббиіңіз бен талантыңызды, өзіңіздің жақсы тұстарыңызды көрсете біліңіз.

Суқұйғышқа арналған қазан айындағы жұлдыз-жорамал

Қазан айында Суқұйғыштардың жұмысы қауырт болады, жеке өмірі де көп көңіл бөлуді қажет етеді. Мұны тең ұстау үшін эмоцияңызды бақылауға алыңыз.

Суқұйғыш үшін 2023 жылдың қазан айына арналған жұлдыз-жорамал қандай? Оны тұрақты табыс, мансаптық өсу, іскерлік және жеке кездесулер күтіп тұр. Бәріне үлгеру мүмкін емес, сондықтан қайсысына басымдық беретініңізді ақылға салып шешіңіз. Балаларыңызға, туыстарыңызға және өзіңізге көңіл бөліңіз. Қазан айының соңына қарай оптимистік көзқарас күшейіп, білім алуға деген ұмтылыс қайта оянады. Тіл үйрену, көлік жүргізу немесе шығармашылық курстарды оқысаңыз болады.

Бақытты отбасы
Демалысты бірге өткізген отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтарға арналған 2023 жылдың қазан айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Өткен айларда Балықтар дамуға, оқуға және жұмыс істеуге көп уақыт жұмсады. Мұндай талпыныс қазан айында өз жемісін береді. Өзіңізге сыйлықтар алып, демалуға рұқсат беріңіз, қоғамдық іс-шараларға қатысыңыз, адамдармен танысып, араласыңыз.

Қазан айының ортасында қызықты оқиғаға толы романтикалық сәттер болуы мүмкін. Мұның әрі қарай қалай жалғасатынын өзіңіз шешесіз. Адамдардың алдында әдемі боп көрініңіз, шаш үлгісі және киім стилін өзгертіңіз. Бұл мәртебеңіз бен беделді арттырып, жаңа есіктерге жол ашады.

Зодиак белгілерін өмірдің барлық бағыты бойынша қайта қалыпқа келу кезеңі күтеді. Олардың бірінің жұмыста жолы болса, енді бірі серігімен жақсы қарым-қатынас орнатады. Қазан айы сәттілікке толы болатынына сенім мол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2039516-qazan-aiyna-arnalgan-zuldyz-zoramal-belgilerdi-ne-kutip-tur/

pixel