Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қазан айындағы магниттік дауылдар: мерзімі және адамға әсері

Опубликовано:

Магниттік дауылдардың адамға әсері. Көрнекі сурет
Магниттік дауылдардың адамға әсері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күннің белсенділігі артып, Жердің геомагниттік алаңына әсерін тигізуде. Қазан айында магнит ағындары қай күндері болады? Физика және астрономия кафедрасының оқытушысы Даррен Баскилл күз ортасындағы ғарыштық ауа райына сипаттама береді.

Магнит ағындарының мәні мен пайда болу себептері

Жердің ғарыштық ауа-райы - атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы өзгерістермен, Күн және Күн жүйесіндегі өзгерістер ықпалымен болатын Жердегі құбылыстар. Ғарыштық ауа райының танымал факторларының бірі – магнит ағындары.

Магнит ағындары дегеніміз не?

Магнит ағындары дегеніміз – Жердің геомагниттік алаңында болатын толқыныстар. NASA агенттігінің зерттеуінше оны күн жүйесіндегі қалдықтар туғызады. Соның әсерінен күн желі пайда болып, ол магнитосфера қабатына қысым түсіргендіктен, адамдарға, жердегі обьектілер мен процесстерге әсер етеді.

Денсаулыққа әсерімен қатар, магнит ағындарының салдарынан:

  • Навигациялық жүйелер мен радиобайланыс саласының жұмысына әсер етеді.
  • Электр жүйелеріндегі қысымды бақылау қиынға соғады.
  • Электр жүйелерінің авариялық істен шығуы.
  • Жүйедегі құрылғылардың істен шығуы.
  • Полярлы шағылудың күшеюі немесе ол болмаған жерлерде пайда болуы.
  • Ғарыш айлақтары мен спутниктердің жұмысының бұзылуы. Мысалы наурыз айында, ғарыш ракетасын шығарушылар ракета стартын кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Магнит ағындарының салдарын бақылауда ұстау үшін NOAA және TESIS ресми агенттіктері жұмыс жасайды. Олардың зерттеуіне сүйеніп, алдағы 2-3 айға болжам жасалады. Ресми агенттіктерден бөлек, волонтерлар құрған белгиялық SpaceWeatherLive тәуелсіз тобы бар.

Магнит ағындары қалай пайда болады?

Магнит ағындарының пайда болуының басты себептерінің бірі - күн жүйесіндегі белсенділік болып табылады. Жердің магнит сферасы ғаламшардың алаңдарынан құралып, Күннен бөлінетін ұсақ бөлшектерден қорғаныс қабатын құрайды. Күн бетінде ірі толқыныстар болып, CME массасы түзіліп немесе аса ірі жылдамдықпен күн ағыны пайда болғанда, ол жоғарыда айтылған қабатқа келіп соғылады. Дәл сол сәтте сақиналы тоқ күшейіп, Жердің магниттік қысымы төмендейді. Бұл процесс 6-12 сағатқа созылуы мүмкін. Қысым орнына келуі үшін бірнеше күн қажет.

Күн бетінде толқыныстар неліктен пайда болады? Күн бетінен бөлшектердің бөлініп, ірі плазма түзілуінің себебі короналды тесіктердің пайда болуы болып табылады. Бұл Күннен ғарышқа қарай бөлінген бөлшектердің ағын құрып, ұшуына себепкер болатын аймақ. Гиганттық көлемдегі бұлттар пайда болып, магниттік аймақ жолақтары түзіледі. Дәл осы жолақтар Жердің магнит аймағын бұзып, толқыныстар тудырады.

Күн плазмасы қорғаныс қабатын қалай бұзады? Плюстар аймағында магнит сферасы ашылады. Мұнда плазма мен атмосфералық газдардың өзара байланысы орын алып оптикалық құбылыс – полярлы шағылысу орын алады. Оның әсерінен атмосфераның жоғарғы қабаттары шағылысады.

Галактикадағы Күн планетасы. Көрнекі сурет
Галактикадағы Күн планетасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың қазан айына арналған магнит ағындарының күнтізбесі

Магнит ағындары- Күн бетіндегі толқыныстар нәтижесінде пайда болып, Жердің бетінен басқа, барлық бағыттарда тарайтын құбылыс. Оның интенсивтілігін келесі көрсеткіштер сипаттайды:

  • Геомагниттік белсенділіктің индексі - Kp-index (K). Диапазоны 0-9 аралығында, 0 – "өте әлсіз ағын", 9- "экстремалды ағын", -дегенді білдіреді.
  • G – бес балдық шкаласы, АҚШ-тың атмосфералық және мұхиттық зерттеулер Ұлттық басқармасының (NOAA) ұсынысымен енгізілген. Геомагниттік ағынның интенсивтілігін, күшін және дәрежесін сипаттайды.
  • Күн шашырауларының шкалалары, төменнен жоғарыға қарай: А, В, С, М, Х .

Science Focus басылымының мәліметінше, ағымдағы 11 жылдық циклде күн белсенділігінің артуы, Күн бетіндегі дақтардың санының көбеюіне тікелей байланысты. Скотт Макинтош пен Роберт Лимонның пікірінше жаңа цикл 2020 жылы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

2023 жылдың қазан айында магнит ағындары қай күндері болады?

Meteo Agent басылымының пікірінше – қазанда күн белсенділігі орташа деңгейде. Ағынның салдары тек 21 қазанда сезіле бастайды. Интенсивтілігін бағалауда келесі көрсеткіштерге сүйеніңіз:

  • 1-6 қазан – K-index 2 (өте төмен белсенді)
  • 12-20 қазан – K-index 2(өте төмен белсенді)
  • 21 қазан – K-index 5 (әлсіз ағын)
  • 22 қазан – K-index 2 (өте төмен белсенді)
Телескоппен қарағандағы Айдың көрінісі. Көрнекі сурет
Телескоппен қарағандағы Айдың көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ua Portal басылымы қазанның аяғындағы екі кезеңге назар аударуға кеңес береді:

  • 23-26 қазан аралығы – әлсіз магнит ағындары.
  • 29-30 қазан күндері – интенсивті магнит ағындары.

Өз уақытында магнит ағындары болжамды ағындардан өзгешеленуі мүмкін. Нақтырақ атмосфералық және мұхиттық зерттеулер Ұлттық басқармасының (NOAA) сайтында, 3 күндік болжамды қарап, білуге болады.

Қазан айының магнит ағындарының адамдарға әсері, не істеу керек?

Meteoagent басылымының мәліметінше магнит ағындары полярлы шағылуды, радиобайланыстың үзілуін, спутниктер мен электр жүйелеренің жұмысына кері әсерін тигізеді. Қазанда олардың адам ағзасына әсері келесідей:

  • Бас ауруы мен қан қысымының көтерілуі.
  • Буындар мен бұлшық еттердің ауыруы.
  • Ұйқы ритмінің бұзылуы.
  • Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, алаңғасарлық.
  • Тәбеттің өзгеруі.
  • Созылмалы аурулардың асқынуы.

Бұл болжамдар тек K-index 3-тен жоғары болған күндері орын алуы мүмкін. Жалпы қазан айында геомагниттік белсенділік төмен, денсаулығыңызға әсерін 21 қазаннан кейін сезінуіңіз мүмкін.

Геомагниттік белсенділіктің ағзаңызға әсерін азайту үшін, физикалық белсенділіктен аулақ болған дұрыс. Көп уақытыңызды таза ауада өткізіп, ұйқыңызды қандырып, жақсы тамақтаныңыз. Кофе, алкоголь, темекіден бас тартыңыз.

Серуендеп жүрген әйел. Көрнекі сурет
Серуендеп жүрген әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қоғаммен байланыс бойынша маман, Сассекса университетінің физика және астрономия кафедрасының оқытушысы, доктор Даррен Баскилл, бұл жиі магнит ағындары 2027 жылға дейін белсенділік танытып, одан кейін азая бастайды деп болжайды.

Орташа белсенді магнит ағындары күздің ортасына тиесілі. Оларды жақсы өткізу үшін күнтізбеге назар аударып, сол күндері дұрыс тамақтануға, денсаулығыңызға көңіл бөлуге тырысыңыз. Қазан айына жоспарларыңызды магнит ағындары күнтізбесіне қарай өзгертіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2039762-2023-zyldyn-qazan-aiyndagy-magnit-agyndary-merzimi-zane-adamga-aseri/

pixel