Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 11 қазан күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Астрологиялық карта
Астрологиялық карта. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Егер сіз ас үйіңізді жайнатып қойғыңыз келсе, сақтау контейнерлеріне назар аударыңыз. Жарма, ұн, қант, т.б. пакеттерден қарапайым бірдей контейнерлерге салып қойсаңыз, сіздің ас үйдегі сөрелеріңіз жинақы тұратын болады.

Қиын жағдайда қалғандарға көмектесу қуаныш пен жағымды эмоциялар әкеледі. Мазаңызды қашырған көп мәселе өздігінен шешіледі.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Өзіңіз үшін қажет кішігірім чек-парақтар құрыңыз. Онда алдағы күнге не аптаға қойылған жоспарларыңызды тізіңіз. Бұл сізге бос уақытыңызды тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Бүгін физикалық белсенділік үшін аса ыңғайлы күн емес, шаршап, жарақат алу қаупі бар.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Егер сіз қандай да бір романтикалық дәстүрді бастағыңыз келсе, бүгін бұл үшін ең жақсы күн: серіктесіңіз сіздің бастамаңызды қолдауы әбден мүмкін.

Күмәнді мәмілелер жасамаңыз, қаржылық жағдайыңызды тез жақсартуға тырыспаңыз, шығындарды азайтыңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Күн жағымды сәттерге толы болмақ. Егер сіз шағын мереке ұйымдастыруды жоспарласаңыз, достарыңызға қоңырау шалыңыз.

LinkedIn профиліңізді мүмкіндігінше толықтырып отырыңыз. Дәл сол жерде сізге пайдалы ұсыныс алу мүмкіндігі жоғары.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Балалармен қарым-қатынас жасаудағы ең маңыздысы - сенім. Егер балаларыңыз болса, оларға көп ұрыспаңыз. Ал олар әлдебір қылығын үшін кешірім сұраса, кешіріп, мейіріммен қараңыз.

Таза ауада көбірек жүріңіз, бұл сіздің денсаулығыңызға өте жақсы әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Бүгін ойыңызды жинақы ұстағаныңыз абзал, әсіресе қолыңыздағы заттарға мұқият болыңыз. Кілт сияқты ұсақ-түйек затты жоғалтып алу қаупі бар.

Бүгінгі оқиғалардың басым бөлігі ойлағаныңыздан асып түседі және жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сәттілік серігіңз болады, сондықтан бұл уақытты пайдаланып, маңызды мәселелерді шешіңіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Үйдегі спа-процедуралар үшін бір сағат уақыт бөліңіз: қарапайым хош иісті ванна қабылдағаныңыздың өзі сіздің көңіл-күйіңізді көтереді.

Қаржы мәселелерін шешуге қолайлы күн. Сізді адастыру екіталай. Бар ынта-ықыласыңыз бен күшіңізді жұмсаған ісіңіз алға басады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Үйдегі күйбең тірлікті кейінге қалдырмаңыз, бүгін бәрін бітіргеніңіз дұрыс, себебі ертең сізді әлдеқайда маңызды жұмыстар күтіп тұр.

Косметика дүкеніндегі кеңесшіден көмек сұраудан тартынбаңыз: сіз үшін ең жақсы өнімді табу - оның жұмысы. Ал сіз сұлулығыңызды арттыратын өнімге тек риза боласыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Көңіл көтеру, бос уақытты қызықты өткізу тәсілі ретінде үстел ойындарына назар аударыңыз: бұл достарыңызбен және отбасыңызбен уақытты қызықты өткізуге көмектеседі.

Проблемаларды шешу үшін қолайлы күн. Адамдармен көбірек араласыңыз. Осы арқылы ортақ жоспарлар құра аласыз.Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін сабырлық танытыңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Егер сіз әлі де маникюр жасауды білмесеңіз, үйреніп алғаныңыз абзал: қолдарыңыз әрқашан жақсы күтімде болады және көп ақша жұмсаудың қажеті болмайды.

Бүгін сіз өте нәзік әрі сезімтал күйде боласыз. Шығармашылық көзқарасты, қиялды қажет ететін жаңа істерді қолға алмаңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Достар қонаққа келуге асығуда, дастарханыңыз жаюлы болсын. Олар кеткеннен кейін тыныштықта демалыңыз.

Күнделікті ас мәзіріңізге мән беріңіз: сіз ақуызды тым аз немесе көмірсуды көп қолданып қоюыңыз мүмкін, бұл сіздің ағзаңызға зиян.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Қарым-қатынастағы кішігірім жанжалдар мен түсініспеушіліктерге назар аударыңыз: егер сіз олар туралы серіктесіңізбен сөйлеспесеңіз және ымыраға келмесеңіз, арты жаман болуы мүмкін.

Ойламаған жерден қалаға экскурсияға шығыңыз: күнде бас сұғуға уақытыңыз болмай жүрген мұражайға барыңыз. Өзіңізге көптеген жағымды эмоция сыйлайсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2040306-bugingi-zuldyz-zoramal-11-qazan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/