Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес мемлекеттің патшасы санасқан": қазақтың соңғы батыры - Оспан батыр туралы ел аузындағы аңыздар

Опубликовано:

Оспан батыр моңғол билеушісімен бірге. Сурет
Оспан батыр моңғол билеушісімен бірге. Сурет: E-history.kz басылымы

Ел арасында Оспан батыр жайлы деректер аз. Алайда көпшілік оны қазақтың соңғы батыры ретінде білген. Осыған орай, бүгінгі материалда Оспан батыр жайлы халық арасында тараған аңыздар мен тарихшылардың зерттеуін зерттеп көрдік.

Оспан батыр кім болған?

Оспан батыр Исламұлы 1899 жылы Қытайдың Алтай өлкесіндегі Көктоғай ауданында туған. ХХ ғасырдың басында Шығыс Түркістан үшін азаттық күресін бастаған ол, өмірінің соңына дейін қазақтарды Қытай, Моңғол басқыншалырынан, Кеңес Одағынан азат етумен шұғылданған.

Көптеген жылдар бойы Қазақстанда батыр жайлы деректер аз болды және Кеңес Одағы тұсында ол халық жауы ретінде айыпталды. Десе де Қытай, Моңғолия, Түркия елдерінде қаһарман батыр жайлы аңыздар көп тараған еді.

Оспан батырды зерттеуші жазушы Жәди Шәкенұлы оның батырлығы жайлы былай дейді:

"Оспан батыр – қазақтың бостандығы үшін күрескен көрнекті қайраткер. Ол өз заманында қазақтардан бөлек Кеңес Одағы, Америка құрама штаттары, Моңғолия, Қытай халықтарының өміріне тікелей әсер еткен. Себебі осы елдердің билеушілері Оспан батырдың пікірін сұрайтын болған. Одан Оспан батырдың батырдан бөлек, қайраткерлік қасиетін де көруге болады", - дейді жазушы.

ХІХ ғасырдың соңында Патшалық Ресей пен Қытай империясы қазақ даласына иелік еткен. Сол жылдары алғаш рет олар қазақ елімен шекараларын бекіткен екен. Осылайша Қытайдың Қазақстанмен шекаралас аймағында Шыңжаң аймағы құрыалды. Оспан батыр дәл осы жылдары өзінің азаматтық ұстанымын белсенді түрде көрсете бастаған көрінеді.

Тарихшылар сол жылдары Сталин де Шығыс Түркістанда өз билігін күшейту үшін, осы өңірде автономиялы республика құру туралы ойы болғанын еске салады. Бір қызығы, ол сол жылдары Қытайдан қысым көрген қазақтарды азат ету үшін, Оспан батырмен кеңесіп, оған қолдау көрсеткен деген деректер бар. Осылайша, Кеңес Одағы Оспан батырға Моңғолия арқылы көптеген қару-жарақ жіберген көрінеді.

Зерттеушілер осы кезеңде Оспан батыр күллі Алтай өңірін басқыншылардан құтқарып, оның әскерінің саны 40 мыңға дейін жеткенін алға тартады. Сөйтіп Қытай мен Моңғолия Оспан батырдың пікірімен санасуға мәжбүр болған.

Оспан батыр жиында. Сурет
Оспан батыр жиында. Сурет: Qazaq uni газеті.

Оспан батырдың ерлігі

Жалпы Оспан батырдың үш әйелі болған. Үлкен бәйбішесі Нұрқизадан алты ұлы мен үш қызы болған. Екінші әйелі Мемейден үш қызы, үшінші әйелі Баяннан ұлы мен қызы болған. Нұрқиза бәйбішенің үшеуі ұлт-азаттық көтеріліс барысында қаза тапса, тағы үш ұлы Зия, Ойдолла, Қари 1943 жылы түрмеде өлтірілген. Қалған үш ұлы – Шердиман, Нығыметолла мен Нәби әкесімен бірге барлық жорыққа қатысқан деседі.

Батырдың ел есінде қалған ерліктері

  • Қытай коммунистерін жеңгеннен кейін оның әскері Шыңжаң жеріне барып, Алтай қазақтары Гималайдағы өз жерлерін қайтаруға мәжбүр болған.
  • Оспан батыр коммунистік жүйеге де қарсы болған. Тарихи деректерде батырдың Моңғол маршалы Чайболсынға: "Көзім тірі болғанша, ешкімге бағынбаймын, әсіресе Қытайға" деген сөзі болғаны айтылады.
  • 1945 жылдары Оспан батырдың бірнеше мыңдық отряды Алтай өңірін жаудан толығымен құтқарған екен. Сөйтіп Оспан Алтай округінің губернаторы болып сайланып, Шығыс Түркістан республикасының Халық батыры атағын алған.
  • 1946 жылдардың аяғында Оспан батыр екі әскермен бірдей Мао Дзэдун және жергілікті коммунистермен соғысуға мәжбүр болған. Осылайша, қыспақта қалған ол Бәйтеке өңірінде тұрақтап, Моңғолия әскерімен күрескен. Сөйтіп, Кеңес Одағының қолдауымен 1947 жылдың 5 маусымында үш-төрт вертолет пен 500 әскери сарбаз Оспан батырдың әскеріне шабуыл жасаған. Бұл ретте Кеңес Одағы Алтайдың ураны үшін соғысқан деген дерек бар. Себебі сол жылдары Сталин ядролық қару жасау жұмысын қолға алған еді.
  • Оспан батырдың соңғы жорығы 1940 жылы болған деген дерек бар. Ол сол жылы өз әскерімен Көктоғайдағы қытай сарбаздарын қуып, ауылды босатқан екен. Алайда кейін бұл ауылды қытайлар қайта өздеріне қайтарып алған. Тарихи деректерге сай, дәл осы шайқаста батырдың 11 баласының сегізін өлтіріп, құдыққа тасталған екен. Батырдың үшінші әйелі Мемей қалған үш баланы қара Ертіске салып, аман алып қалған деген аңыз бар.
Оспан батырдың соңғы суреттерінің бірі. Сурет
Оспан батырдың соңғы суреттерінің бірі. Сурет: Егемен Қазақстан басылымы

Әкесінің батырлығы жайлы оның тірі қалған ұлы Нәби былай деп еске алады:

"Нәби талай тарғалаң тарихты кешіп, 2000 жылы өзінің туған ауылы Өр Ал­тай­дың Көктоғайында құдай ажа­лынан көз жұмды. Сол Нәби өзінің кейінге қалдырып кеткен естеліктерінде әкесінің қолды болуын былайша әңгімелейді: «1951 жылы 19 ақпанда таң енді аға­рып келе жатқанда жау басып, азан-қазан болды да кетті...

Ал әкем жау келіп басқанда қоршауды бұзып шығып кетіпті. «Оспан қашса, ақбоз атпен қа­ша­ды, сол ақ атының артынан қал­май, қуалау керек» деген қатаң тап­сырма алған шеріктердің тобы әу дегенде-ақ батырдың соңынан өкшелей қуады. Оспан батыр қаша соғысып, Хайзы көліне келіп түседі. Ат тағасы тозғандық­тан, көл ортасына барғанда шат­қалақтап барып, жығылып тұр­май қалады. Қытай әскерлері жа­қындай береді.

Мойнындағы ағылшын автоматын алып, бір айналдырып шайқаған соң автомат қақалып, оқ шығармай қалады. Жан құралының оғы таусылады. Осы сәтте қаптаған сарыла шеріктер келіп басады. Батыр қо­нышындағы қанжарды суырып, бір қаншасын сұлатқан. Алайда шиебөріше қаптаған қалың шерік қойсын ба?! Қолға түскен батырды күн шыға түйеге матап байлап, қол-аяғын кісендеп, ауыл жанынан алып өтеді.

Оны көрген қызы Пәнсия дауыс салып, түйе үстінде байлаулы отырған әкесінің аяғын құшып жылайды. Сол сәтте Ошың (Оспан) өзінің батыр қызына: "Өшір үніңді, дұшпанның алдында көз жасыңды көрсетпе! Мені қытай мықтылығынан ұстаған жоқ, Құдайдың бұйрығымен ұс­тады. Алла бұйырды, мені байлап алды. Мен өкінбеймін, қайт ке­йін!" деп паң күйінде аяқ-қолы кісен­деулі түйе үстінде қайқайып кете барады".

Жылап-шулаған ауыл адамдарына да қарап: "Көз жастарыңды көл қылғанша, естеріңді жинап, ертеңдеріңді ойлаңдар!" деп қатал әмір етеді", - деп сес көрсеткен екен батыр.

Батырдың Шердиман атты ұлы 1970 жылы Құлжада түрмеде азапталып өлсе, Ниғыметолла 1972 жылы нау­қаст­ан қайтыс болған көрінеді. Ал Нәби 2000 жылы өзінің туған ауылы Көктоғайда көз жұмған.

Оспан батыр тұтқында. Сурет
Оспан батыр тұтқында. Сурет: E-history.kz басылымы

Оспан батыр жайлы көп зерттеген ғалым Жәди Шәкенұлы оның қайраткерлігі жайлы былай дейді:

"Оспанмен бес бірдей мемлекеттің патшасы санасты. Бес елдің патшасы, әрине, мисыз емес. Далада далбақтап шауып жүрген әркіммен санаспас болар, бұл Оспанның өте ірі саяси тұлға болғандығын көрсетеді. Мұндай тұлғаға отырып алып қара сөзбен баға бере алмаймыз. Өкініштісі сол, Оспан батыр әлі де әділ бағасын ала алмай келе жатыр. Жекелеген зерттеушілер мен тарихшылар болмаса, әлі де сол кезіндегі қаралау, жала жабу тұрғысынан аса алмай келеміз. Советтік және ескілік түсінік аясынан шыға алмай отырғандар бар. Олар өте көп. Оспан туралы әңгімелер айтылса болды "ол лаңкес, қанышер, қазақты қырған" деп орынсыз айта салатындар көп. Мұның барлығы Оспан Ісләмұлын толық танып білмегендіктен болып отыр", - дейді автор.

Десе де қазіргі таңда көптеген шетел зерттеушісі Оспан батыр жайлы бірқатар зерттеу жүргізуде. Солардың бірі Стамбулдағы Түркология институның доценті Омер Куланың "Алтай қыраны Оспан батыр" деген еңбегі.

Осылайша Оспан батыр Алаш идеясын қолдап, Қытай, Моңғолия қазақтарын коммунистер мен Қытай әскерінен құтқарған бірден-бір батыр ретінде ел есінде қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2040354-bes-memlekettin-patsasy-sanasqan-qazaqtyn-songy-batyry-ospan-batyr-turaly-el-auzyndagy-anyzdar/

pixel