Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйікті жар атану үшін не істеу керек: бақытты отбасылық өмірдің 10 құнды ережесі

Опубликовано:

Бақытты отбасылық жұп. Көрнекі сурет
Бақытты отбасылық жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Отбасылық өміріңіздің гармониясын сақтап қалу үшін қос тарап та күш салуы қажет. Ер адаммен қатар әйелдердің де әрекет жасауы маңызды. Сарапшылар өзіңізді жоғалтып алмай, жақсы әйел болудың құпияларын бөлісті.

Жақсы жар қандай болуы керек? Жақсы әйел - өзін қалай бар, солай ұстайды. Күйеуіне уақыт тауып, оның жұмыстарына қызығушылық танытып, оған сенім артуы маңызды. Ол өзінің сыртқы келбетіне көңіл бөліп, күйеуімен үнемі ақылдасып шешім шығарады. Оған деген махаббатын көрсетіп, өз қалауын ашық айта біледі. Интимді қарым-қатынас жайлы да ұмытпауы керек.

Өз махаббатыңызды көрсетіңіз

Өміріңізде бір рет "Мен сені сүйемін" деп айтып, тұрмысқа шығуға келісіміңізді бергеніңіз жеткілікті деп ойласаңыз, қателесесіз. Өз сезіміңізді сөзбен де, іспен де көрсетіңіз. Әйелі күйеуін қалай жақсы көруі керек? Махаббатта іс-әрекеттер алгоритмі болмайды. Әйел күйеуіне деген сезімін әр түрлі тәсілмен жеткізе алады. Мысалы, ол қарапайым кулинарлық тосын сый немесе күнделікті өмірде көрсететін қолдауыңыз болуы мүмкін. Ең бастысы бұл іс-әрекеттеріңіз шынайы әрі екі жаққа да қуаныш сыйлауы міндетті.

Күйеуіңізді қолдаңыз

Бөтен адамдардың ортасында әрқашан күйеуіңіз жақта болып, оған қолдау білдіріңіз. Қарым-қатынас бойынша коуч Ааста Пахадия, бөгде жерде күйеуіңізді ұрсып, оны сөз қылудың қажеті жоқ деген кеңес береді. Кез-келген келіспеушілікті жеке қалғанда ғана, куәгерлерсіз шешуге тырысыңыз. Әйтпесе соңы "Дорога перемен" фильміндегідей болуы мүмкін. Онда отбасылы әйелі мен күйеуі өзгелерге үлгілі жұп болып көрініп, өзара ашық сөйлеспеген, соңында ол отбасының құлауына әкеліп соғады.

Жас жұбайлар. Көрнекі сурет
Жас жұбайлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жолдасыңызға уақыт бөліңіз

Қалай шаршап, бос уақытыңыз болмасада, күйеуіңізді тыңдап, оған уақыт арнауға тырысыңыз. Үйден басқа жерде, тек екеуіңіз серуендеп қайтыңыз. Араларыңыздағы байланысты сақтап қалу үшін бірге серуенге шығу, мейрамханада тамақтану, киноға бару қажетті болып табылады. Балаларыңыз оларды тастап кеткені үшін ренжіседе, тоқтамаңыз. Екеуіңіздің отбасылық жұп екендіктеріңізді естен шығармаңыз. Сіздердің араларыңызда ерекше байланыс болуы шарт.

Жыныстық қатынасқа жиі түсіңіз

Жыныстық қатынас – ерлі-зайыптылардың міндеттемесі емес, олда ара-қатынастарыңызды жақындата түсетін тәсілдің бір түрі. Балалар әлі ұйықтамады, ертең ерте тұру керек, бүгін ауыр күн болды деген сылтаулармен жыныстық қатынасты ысырып қоймаңыз. Жыныстық қатынасқа түсуді борщ пен үтіктелген көйлек алмастыра алмайды. Секс -екі жаққа да ләззат сыйлай білу керек. Төсекте қалай жақсы әйел болу керек? Ләззат сыйлаумен, ләззат алудан ұялмай, шынайы бола біліңіз.

Серігіңізге сенім артыңыз

Жартыңызға оған сенім білдіретіндігіңізді көрсетіңіз. Әр қадамын аңдып, өткен сәтсіздіктерін есіне түсіре бермеңіз. Өзіне білдіріліген сенім, шабыт сыйлап, шынайы болуға, өз-өзімен қалуға ықпал етеді. Ара-қатынаста сенім жоғарғы орында болуы керек. Олай болмаса отбасылық өмір тозаққа, сынаққа айналып кетуі мүмкін. Тодда Хейнсаның "Кэрол" фильміндегідей, күйеуі арнайы із кесушілерді жалдап, өз әйелін аңдытып, барлық телефонмен сөйлескен жазбаларын тыңдауға алады.

Таңғы асты бірге ішіп отырған тартымды жұп. Көрнекі сурет
Таңғы асты бірге ішіп отырған тартымды жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күйеуіңіздің жұмысына қызығушылық танытыңыз

Күйеуіңіздің жақсы көретін, істейтін істеріне қызығушылық танытыңыз. Оның хоббиін өзіңіздікіне айналдырып немесе оның жұмысына араласудың қажеті жоқ. Маңыздысы оның қалауына қызығушылық таныту. Жұмысы жайлы, әріптестерімен ара-қатынасы жайлы, сүйікті ісі жайлы сұрап-біліңіз.

Уақыт өте келе ортақ әңгімелер пайда болып, оның нені жақсы көріп, нені ұнатпайтынын білетін боласыз. Викторино К.Абругардың пікірінше, бұл да сезімді білдірудің бір жолы. Оның дәлелі автор әрі орындаушы Боно. Оның әйелі ең бірінщі тыңдаушысы да, сыншысы да, өміріндегі барлық маңызды іс-шараларына қатысушы да бола білген.

Өзіңіздің сыртқы келбетіңізге назар аударыңыз

Көбіне мені жақсы көрсең, менің кемшіліктерімді де жақсы көрукерек деген ұранмен, сыртқы келбетті екінші орынға ысырып қояды. Бірақ доктор Виат Фишердің пікірінше, еркектердің басым бөлігі әлемді көбінесе көзбен қабылдайды. Бұл дегеніміз күнімен спортзалда бол деген мағынада емес, бірақ бойыңызда тазалық пен ұқыптылық сақталса, ол да бір күйеуіңізге деген қамқорлық болып саналады. Күнделікті үйде киетін әдемі киім жайлы да ұмытпаңыз.

Өз қалауыңызды ашық айтыңыз

Көп еркектер әйелдің не үшін ренжігенін, оның не қалайтынын бірден түсінбейді. Ешкім біреудің ойын оқи алмайтындықтан, бұл қалыпты жағдай болып саналады. Күйеуіңізге не қалайтыныңызды, нені ұнатпайтыныңызды, сізді не бақытты қылатыны жайлы ашық айта біліңіз. Өз қалауыңызбен ұмтылысыңызды ашық айтып, ортақ шешім шығаруға тырысыңыз.

Бірлесе әуен тыңдап отырған жұп. Көрнекі сурет
Бірлесе әуен тыңдап отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жолдасыңызбен ақылдасыңыз

Маңызды шешімдерді бірлесіп қабылдаған дұрыс. Сондықтан өз еркіңізбен қиындықтарды шешіп немесе ұсыныстарды қабылдауға асықпаңыз. Егер сіз еңбек демалысына шығу жайлы, не болмаса кешкі асқа не дайындау керектігі жайлы сұрасаңызда, күйеуіңіз өзін сіздің өміріңіздегі маңызды адам ретінде сезініп, риза болатыны анық. Әсіресе отбасыларыңызға қатысты мәселелер бойынша кеңесіп тұру қажет. Мысалы "Чудо" фильміндегі басты кейіпкерлер Оуэн Уилсон мен Джулия Робертс сирек кездесетін дертпен ауыратын ұлдарын қарапайым мектепке беру туралы ортақ шешім қабылдады. Кейін бұл шешім отбасы үшін оң нәтиже көрсетті.

Шынайы болыңыз

Джес Карпентердің кеңесі бойынша, күйеуіңізге жағу үшін жасалған кез-келген іс-әрекет сіздің болмысыңызға сай болуы керек. Өзіңізді өзгертпеңіз, өз қалауыңызға балта шаппаңыз, басқа адам болып көрінудің қажеті жоқ. Егер күйеуіңіз екеуіңіздің араларыңызда шынайы байланыс болса, ол сізді жағу үшін жасалған іс-әрекеттеріңіз үшін емес, қалай барсыз, солай жақсы көреді.

Жақсы жар болу үшін өз болмысыңызды өзгертпей, күйеуіңізге қолдау көрсету керек. Екі жаққа да жайлы болатын, шынайы, сенімге негізделген қарым-қатынас құруға ұмтылыңыз. Махаббатыңызды білдіріп, қолдап, ақылдасып, кез-келген мәселеде бір-біріңізге ең жақын адамдар болып қала беріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2041510-suiikti-zar-atanu-usin-ne-isteu-kerek-baqytty-otbasylyq-omirdin-10-qundy-erezesi/

pixel